Біреуі көріпті
Әбу Ханифа заманында шық бермес шығайбайшылығымен елге танылған бір адам бар еді. Ол кісі қазынасын ауыл сыртына көмеді. Бір күні тыққан жеріне барса, әлдекімдер қазынаны алып кетіпті. Сараң қара аспанды төндіріп, жұртты шулатады. Ұрыны таппай қоймауға бекініп, ақыл сұрап Имам Ағзамға келеді. Имам Ағзам қазынаны тыққан жерге ертіп апаруын сұрайды. Имам ол жерге кімнің келіп-кететінін білмек еді. Ертеңінде қазына көмілген маңайдан бір топ адам саңырауқұлақ теріп жүр екен. Жандарына...
date19.03.2013readCount4922readmoreТолығырақ
Шыншыл бала
Абдулқадыр Гейлани бала кезінде білім іздеп Бағдатқа жол тартпақ болады. Ұлының шапанының астарына ақша тігіп беріп жатып шешесі: «Балам, ешқашан өтірік айтушы болма», – деп өсиет айтады. Осылайша болашақ ғұлама керуенге ілесіп жолға шығады. Бір күні күтпеген жерден қарақшылар кезігіп, керуендегілерді қорқытып, дүние-мүліктерін тартып алады. Бір уақытта қарақшылардың бірі: –  Әй, бала, сенде не бар? – деп ақырып қалады. –  Қырық алтыным бар, – дейді бала. – ...
date15.03.2013readCount6874readmoreТолығырақ
Не істер едіңіз?
Бірде Имам Ағзамның шәкірттерінің бірі Абдуллаһ ибн Мүбәракқа: "Егер Аллаһ тағала бүгін түнгі намаздан кейін өлетініңізді білдірсе, сол уақытқа дейін не істер едіңіз?" – деп сұрақ қойылғанда, ол ойланбастан: –  Іліммен шұғылданар едім, – деп жауап берген екен.
date12.03.2013readCount5222readmoreТолығырақ
Алғыс та күтпеу
Хасан мен Хұсейін кішкене кездерінде ауырып қалды. Сәбилерінің науқасын уайымдаған Али мен Фатима (р.а.) балалары жазылғанда, шүкіршілік ретінде ораза ұстай бастады. Алғашқы күні ауызашарға дайындаған тамақты енді ауызға ала бергенде, қайыр сұрап келген жетімдерге қиды. Өздері ауыз ашпастан екінші күнгі оразаға ниет етті. Екінші күні де ауызашарға дайындаған тамақты «Құдай үшін беріңдерші» деп келген кембағалдарға берді. Бұл кеште де ауыз ашпастан үшінші күнге ауыз бекітуге...
date06.03.2013readCount5019readmoreТолығырақ
Аққа Құдай жақ
Ислам әскері бір жорыққа шыққан еді. Бір мезет күтпеген жерден жорыққа қатысқандар арасында кішігірім келіспеушілік туындайды. Оқиға былай болды. Әне-міне соғыс басталғалы тұрғанда мұнафықтардың бірі: «Пайғамбарымыздың бұл жолғы қолданбақ тәсілі дұрыс емес, жеңіліп қара бет болғанша елге қайтқан дұрыс», – деп сарбаздарды жік-жікке бөліп алауыздық туындатады. Зәйд ибн Әрқам (р.а.) бұл жағдайды Расулаллаһқа ескерткенді жөн көреді. Аллаһ елшісі сөз иесін тауып алып шақыртады да,...
date04.03.2013readCount5208readmoreТолығырақ
Ұрланған малдың етін жеу – харам
Әбу Ханифа заманында Куфада әлдекімнің бір қойы жоғалады. Осыны естіген имам жеті жыл бойы қой етін ауызға алмайды. Себебін сұрағандарға: –  Ұрланған қойдың етін жеу харам болғандықтан, абайсызда сол еттен жеп қойып жүрмейін дедім. Бір қойдың орташа өмірін есептетуім сондықтан, – деп жауап береді. Бұл уақытта имам балық та жемеген екен, өйткені біреулердің бір қойды сойып, етін алып, ішек-қарынын өзенге ағызып жібергенін көрген деседі. 
date26.02.2013readCount4485readmoreТолығырақ
Қан-жынсыз сөз...
...Әр адам сөйлеген сөзін - арамын алып тастап, адалын сөйлеуге тырысу керек. Сөйлеген сөздің де қаны, жыны аралас болса, тыңдаушының мейірі қанбайды. Егер де қаннан, жыннан айрылып, сап сүттей қылып сөйлесе, ол сөзге құлақ құрышы қанады. Солай болатыны үшін Маулана Руми айтқан: "Не үшін десең, қанның сүтке айналуына махаббат керек!" -деген. Олай болса, сөйлеген сөзге де сабыр, болжал, уақыт керек екен.
date25.02.2013readCount5290readmoreТолығырақ
Әбу Бәкірдің достығы
Періште Жәбірәйіл (а.с.) бір күні былай деп тілепті: – Уа, он сегіз мың ғаламның ұлы әміршісі Хақ тағала! Пайғамбарымыз Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) деген Әбу Бәкірдің достығы қаншалықты адал екенін, оған деген сүйіспеншілік жүрегінде қаншалықты терең орын алатынын білгім келеді... ...Мереке күні еді. Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) бағалы, қымбат, әсем киімдерін киіп, иығынына отыз алтындық шәлі ілді. Жәбірәйіл соқыр кейпіне еніп, жол шетіне отыра кетті. Әбу Бәкір Сыддық келіп, жол...
date22.02.2013readCount5910readmoreТолығырақ
Жарығы Арышқа «жететін» зәйтүн майы
Көне уақытта үлкен ислам ғұламасы Суфиян Сәуриге бір әйел келеді. Қолындағы зәйтүн майын мешітке бергісі келетінін айтады. Ол уақыттарда мешіт елдің әкелетін майларымен жарықтандырылатын еді. Суфиян Сәури әлгі әйелден: – Сауап жолына арнап әкелген бұл зәйтүн майыңыздан пайда болатын жарық мешіттің күмбезіне дейін түскенін қалайсыз ба, әлде тым жоғары Арышқа дейін биіктегенін қалайсыз ба? – деп сұрайды. Әйел: –  Әрине, Арышқа дейін биіктегенін қалаймын, – деп жауап...
date18.02.2013readCount5879readmoreТолығырақ
Кілем ұрлаған ұры
Бірде Мәулана Жалаладдин Румидың үйіне қайыршы бас сұғады. Мәулананың намаз оқып тұрғанын көрген қайыршы дереу бір кілемшені ұрлап шығып кетеді. Бұны байқап қалған көршісі ол ұрыны базарда әлгі кілемшені сатып жібермек болып тұрған жерінен ұстап алып, ұрып-соғып Мәуланаға алып келеді. Сонда әлгі ұрының таяқ жеген кейпіне жаны ашыған Мәулана: «Алса, бәлкім, керек болғаннан кейін алған шығар, соған бола бұл байғұсты ұрмай-ақ, қолынан сатып-ақ ала салсаң болмас па еді», – деп...
date18.02.2013readCount5451readmoreТолығырақ