Қабыл болмайтын амал
Сахабаларымен отырған Мұхаммед пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірде қиямет жайлы сөз қозғады. Толассыз айтылған әңгіменің бір ұшығы адамның бұл дүниеде жасаған амалдарына барып тірелді. «Қиямет күні біршама адам Тахаманың үлкендігіндей сауап арқалап келеді. Бірақ олардың амалдарын Аллаһ тағала қабылдамайды». Бұны естігенде бойын үрей билеген Сәлім Хұзафа (р.а.): – Уа, Аллаһтың құрметті елшісі, әке-шешем жолыңа құрбан болсын. Олардың қандай адамдар екенін айтпас...
date14.08.2013readCount6251readmoreТолығырақ
Кімнің сөзі жүрекке әсерлі?
Әйгілі математик, ойшыл, медицина ғылымының негізін қалаған Ибн Синаға бірде шәкірттерінің бірі: «Ұстаз, егер сіз өзіңізді пайғамбармын деп жарияласаңыз, мыңдаған қолдаушылар табылатынына сенімдімін», – дейді. Оған сол мезет жауап қатпаған Ибн Сина бір күні шөл далада қыстың аязды күні әлгі шәкіртіне «Дәрет алайын, барып сырттан леген мен құманды әкелші» деп жұмсайды. Жылы шатырдан суыққа шыққысы келмеген шәкірті тартыншақтайды. Біраздан кейін ұстазы әлгі өтінішін тағы...
date12.08.2013readCount5783readmoreТолығырақ
Татулықтың сыры неде?
Өсіп-өнген үлкен әулетте жүз кісі бірге тату-тәтті өмір сүріп жатыпты. Сол елдің патшасы бұл әулет туралы естігенде, қызығушылықпен барып әулеттің ақсақалына жолығуды ұйғарыпты. Қариямен кездескенде патша «Әулетіңізді тату-тәтті бейбітшілікте ұстап тұруыңыздың сыры неде?» деп сұрақ қойыпты. Қария қағазға біршама уақыт бір нәрсе шимайлап жазып патшаға ұсыныпты. Патша қараса, қағазда бар-жоғы бір-ақ сөз жазылыпты. Үсті-үстіне әбден баттастырып жазылған сөз «САБЫР» екен.  ...
date09.08.2013readCount5127readmoreТолығырақ
«Әкеңді сыйла»
Бірде сахаба Әбу Һұрайра (р.а.) жолда кетіп бара жатып Әбу Ғассанды (р.а.) жолықтырады. Әбу Ғассанның соңынан бір кісі еріп келеді екен. Әбу Һұрайра арт жақта келе жатқан адамның кім екенін сұрайды. Әбу Ғассан ол кісінің өз әкесі екенін білдіргенде, Әбу Һұрайра оған дереу: – Бұл ісің жөн емес, Пайғамбарымыздың сүннетін ескермеген екенсің. Әкеңнің алдында жүру – ерсі қылық. Әкеңнің не артынан жүр, не оң жағында жүр. Астың дәмдісін әуелі әкеңнің алдына тарт. Тамаққа әкең алдымен қол...
date07.08.2013readCount5237readmoreТолығырақ
Ғибадат үшін ілім керек
Бір күні Әбу Ханифа таң намазынан кейін көптеген мәселелерге пәтуа береді. Көпшіліктің ішінде отырған біреу имамның бұнысын аса жақтырмай: –  Уа, имам, таң мезгілінде одан да Аллаһты зікір еткеніміз дұрысырақ емес пе еді? – дейді. Сонда имам оған: –  Әр нәрсенің адал, арамын білдіруден артық іс бар ма? Жолға азық алмай шыққан адам қанша жүреді, әйтеуір бір ашықпай ма? Сондықтан құлшылық үшін де адам ілімін арттырып отыруы керек, – деп түсіндіреді.
date05.08.2013readCount5106readmoreТолығырақ
Әбу Ханифа намазы
Бәкір әл-Абид әңгімелеуде: «Әбу Ханифаның түнде намаз оқыған сәтіне көп куә болдым. Намаз оқып тұрғанда өз-өзін ұстай алмай қос иығы селкілдеп жылайтын. Соңында қол жайып: «Уа, Раббым! Құлдарыңды қайта тірілткен күні маған мейірімділік қыла гөр! Ақырет күнгі азабыңнан қорғап, күнәларымды кешіре гөр!» – деп жалбарынатын».  
date01.08.2013readCount6422readmoreТолығырақ
Ниет
Имам Ағзамның үйі Куфадағы ең әдемі үйлердің бірі еді. Бір күні оған біреу келіп: –  Уа, имам,өзің ғалым адамсың. Сөйте тұра мынадай салтанатты сарай салдырасың. Дүниеге қызыққаның ба, мұны қалай түсіндіресің? – дейді. Сонда Әбу Ханифа: – Рас айтасың. Мен дүниенің құлы емеспін, бірақ Аллаһ разылығы мен адамдардың алғысын сүйген құлмын. Үлкен сарай салдырғанымның себебі, қалаға келген қонақтардың көзі алдымен менің үйіме түсіп, соларды өзіме қонақ ету еді. Жолаушыны тойдырып,...
date31.07.2013readCount5793readmoreТолығырақ
Сен оны ұмытсаң да...
Ибн Асакир әңгімелеуде: «Хазірет Осман (р.а.) бірде халыққа былай деп хұтба оқыды: «Әй, адам баласы! Мынаны есте ұста, арнайы міндеттелген ажал періштесі үнемі сені аңдуда. Сен дүниеге келгелі бері талайлардың жанын алған ол бір күні аяңдап саған да келеді. Сол үшін қам жаса, өйткені, сен оны ұмытып кетсең де, ол сені ешқашан ұмытпайды. Егер сен ғапылдықпен өлімге дайындық жасамасаң, басқа біреу сен үшін дайындық жасамайды. Аллаһтың алдына барарың сөзсіз, сондықтан әзірлігіңді естен...
date27.07.2013readCount5846readmoreТолығырақ
Қонақ пен рызық
Сахабалардың біреуі тым қонақжай болатын. Әйелі болса күйеуінің күнде қонақ ертіп келуін жақтырмайтын. Тіпті оңашада: – Күн сайын бірнеше қонақты ертіп келуіңді қашан қоясың?! Бала-шағаның несібесінен соларға жырып бермесең қайтеді, – деп реніш білдіретін. Күйеуі оған онша көп мән берместен қонақшыл әдетін тастамайды. Әйелі бір күні шыдай алмай үйдегі жағдайды айтып пайғамбарға шағымданды: – Я, Расулаллаһ! Күйеуім күн сайын кеш болса болды үйге топырлатып қонақ ертіп келеді....
date24.07.2013readCount6445readmoreТолығырақ
Османның (р.а.) жомарттығы
Абдуррахман ибн Хаббаб әс-Сәлами әңгімелеуде: «Расулаллаһ (с.а.с.) Тәбук соғысына әскер жасақтау үшін сахабалардан көмек сұрады. Осман (р.а.): «Мен жәрдемге жүз түйені жүгімен қоса атадым», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мінберден бір саты төмен түсіп, жамағатты игі іске ортақтасып, сауап алуға шақырды. Бұл жолы да Осман (р.а.) суырылып алға шықты да, «Тағы жүз түйені жүгімен қоса атадым», – деп уәде берді. Османның бұл мәрттігіне риза болған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қуана...
date19.07.2013readCount4853readmoreТолығырақ