Құрманғазы атамыз бір қуғыннан қалай аман қалды?
Қазақтың ұлы композиторы Құрманғазы патша үкіметі тұсында жала жабылып, түрмеге қамалады. Ол бір күні түрмеден қашып, өзен жағасымен келе жатқанында артынан қуғыншылар келіп қалыпты. Қуғыншыларды көрген Құрманғазы жағада өсіп тұрған қамысты сындырып алып, аузына салыпты да, су астына сүңгіп барып, жата қалыпты. Аузындағы қамыстың бір ұшын судың бетіне шығарып қойып, өзен түбінде сол арқылы ауа жұтқан. Қуғыншылар Құрманғазының ізін таба алмай кейін қайтады. Сөйтіп кемеңгер...
date18.09.2017readCount2295readmoreТолығырақ
Адам мың жыл өмір сүрсе де...
Әбу Үбәйда өзінің орнына Муаз ибн Жәбәлді қойдырып, мына өсиетті айтады: “Намаздарыңды оқып, оразаларыңды ұстап, садақаларыңды беріп, қажылықтарыңды өтеңдер. Бір-бірлеріңізге қамқор болып, басшыларыңызға бағынып, оларға адал қызмет етіңдер. Дүние сізге опық жегізбесін. Адам мың жыл өмір сүрсе де, көретін нәтижесі мынау: Алла адамдардың пешенесіне өлімді жазған, сондықтан бәрі де өледі. Адамдардың ең ақылдысы – Аллаға бағынып, ақырет үшін еңбек еткен адам. Бәріңізге Алланың...
date15.09.2017readCount2915readmoreТолығырақ
Сіз де жылайсыз ба?
Усама ибн Зәйд былай дейді: «Алла елшісінің немересі Мұхсиннің науқасы артқан кезде хазіреті Фатима Пайғамбарымызға хабар бергізіп үйіне шақырды. Хақ елшісі жанына бірнеше сахабаларды ертіп келді. Пайғамбар қызын жұбатып: «Алланың бергені де, алғаны да Алла Тағаланың өзіне тиесілі. Әрбір тірі жанның бір өмірі бар. Сабырлы бол! Сауабыңды Алладан күт!» - деді. Сосын немересін алдырып құшағына басты. Мұхсиннің жүрегінің қатты соғып жатқанын естігендей болдым. Оның жағдайын...
date13.09.2017readCount2751readmoreТолығырақ
Қажылықтан келген сый
Кезінде қажылықтан келген шәкірттері ұстаздарына әртүрлі сыйлық әкеліп береді. Ұстаздары сыйлықтарына ризашылығын білдірген соң: - Шәкірттерім, Алла қажылықтарыңды қабыл етсін! Сыйлықтарыңа рахмет, бірақ маған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мінезін, Әбубәкірдің (р.а.) шыншылдығын, Омардың (р.а.) әділдігін, Османның (р.а.)  ұяңдығын, Әлидің (р.а) өжеттілігін ала келсеңіздер жақсы болар еді", - депті. Яғни, сондай сипаттармен өзгеріп келудің абзалдығына меңзеген екен. Алла баршамызға қажыға...
date09.09.2017readCount2502readmoreТолығырақ
Дұғаның қабыл болмау себебі
Бір Ибраһим бин Адһам Басраның базарынан келе жатып, бір топ адамға жолығады. Олар айтады: «Алла Тағала: Дұға етіңдер, жауап берем» деген. Расында біз дұға етеміз. Алайда, дұғамыз қабыл етілмейді. Бұл неліктен? – деп сұрақ қояды. Бұған тақуа Ибраһим бин Адһам әрі ғұлама (р.а.): «Сендердің жүректерің мына он түрлі нәрседен өлген. Олар: 1. Расында, сендер Алланы таныдыңдар, бірақ Оның ақысын өтемедіңдер. Яғни, бұйырғанын орындап, тыйым салғанынан тыйылмадыңдар. 2. Алла елшісін жақсы...
date05.09.2017readCount5690readmoreТолығырақ
Дұға
Ибн Халлиқан «Уафаятул-аян» атты еңбегінде Имам Шағбидан мынадай оқиғаны риуаят еткен: «Бірде жас кездерінде Абдуллаһ ибн Зүбәйр, бауыры Мұсғаб ибн Зүбәйр, Абдулмәлік ибн Мәруан мен Абдуллаһ ибн Омар – бәрі Қағбаның жанында отырды. Бір уақытта араларында «Әрбіріміз тап қазір дұға жасайықшы, бәлкім, қабыл болар» деген ой айтылды. Абдуллаһ ибн Зүбәйр: «Уа, Раббым, ұлылығыңның құрметіне мені Хижазға патша қылуыңды өтінемін», – деп дұға жасады.  Мезгілі...
date28.08.2017readCount2910readmoreТолығырақ
Тақуа қыздың қиссасы
Бір күні тақуа Хатим ибн әл-Асим деген кісі қажылыққа баруды ниет етеді. Сөйтіп бала-шағаны жинап: – Мен қажылыққа бармақпын – деп ниетін айтады. Ұлдары жылап: – Уа, Әке! Бізді кімге тастап кетпексің, бізді кім асырамақ? – деп аш қалу қорқынышы мен уайымдарын айтады. Сонда араларынан әпкелері тұрып: – Жыламаңдар! Одан да әкемізге қажылыққа аман-есен барып келуіне дұға қылайық. Ол ризық беруші емес қой. «Күмәнсіз, Ол – Алла, ризықтандырушы және мықты күшке ие» (Зәрият,...
date14.08.2017readCount4267readmoreТолығырақ
Ұрыны қалай анықтады?
Тауыс құсы Әбу Ханифа заманында біреудің тауыс құсы жоғалады. Құс иесі ұрыны таба алмай дал болып, Әбу Ханифаға келеді. Әбу Ханифа мән-жайға қаныққан соң, бұл туралы ешкімге айтпауды бұйырады. Сосын ертеңінде таң намазына жұрт мешітке жиналғанда мінберге шығып: – Әй, тауыс құсын ұрлаған адам, ең құрығанда мешітке келеріңде, басыңа жабысып қалған қауырсынды қақпадың ба? – дейді. Осы кезде көпшілік ішінен бір адам жалма-жан басын сілкілей бастайды. Жұрт тарағаннан кейін имам әлгі...
date09.08.2017readCount3629readmoreТолығырақ
Бай ма, кедей ме?
Оқиғаны сахаба Сәхл ибн Сағыд (р.а.) баян етеді: «Бір күні Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасынан бір бай кісі өтіп бара жатты. Оған көз салған Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Мына кісі жайында не дейсіңдер? – деп сұрады. Қасында отырғандар: – Бұл адам егер бір әйелмен үйленгісі келсе оған некелесуге, біреуді қол астына алса, қамқорлығы қабыл етілуге, көзқарасын білдіргенде сөзі тыңдалуға лайықты кісі», – деді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи...
date02.08.2017readCount3408readmoreТолығырақ
Жүрегімде камера бар...
Бір ғалымнан: "Сіз неге суретке түспейсіз?" - деп сұрапты. Ғалым: "Менің жүрегімде камера бар. Мен онымен достарымды фотоға да түсіріп, видеоға да жазып аламын. Сондықтан олар менің жадымнан ешуақытта өшпейді де, жоғалмайды да, үнемі менімен бірге", - деп жауап беріпті.
date01.08.2017readCount2702readmoreТолығырақ