Қош келдің, Жүсібім! (Ғашықтар хикаясы)
Жүсіп әке-шешесінің жалғызы ғана еді. Отбасында одан басқа бала жоқ. Сондықтан да әке-шешесі бар күш-жігерін Жүсіптің жақсы тәрбие алуы үшін жұмсайтын. Жүсіп Имам-Хатип мектебінің оқушысы... Оның бұрыннан бері ұнататын бір қызы бар. Есімі – Аяулым. Аяулым сыныптың ең инабатты қызы. Албырт жүзін үнемі жерден алмайды. Басын көтеріп жан-жағына алақ-жұлақ қарау – ол үшін жат. Тіпті үзіліс кезінде де сыныптан шықпай, үнемі үйінен өзімен бірге ала келген кітаптан бас алмайды. Аяулымды...
date14.02.2017readCount6497readmoreТолығырақ
Әкем естісе...
Бір бақытты отбасы болатын. Кішкентай қыз және оның әкесі мен шешесі. Олар өте тату-тәтті өмір сүріп жатты. Соны көп көргендей ме, кенет анасы аяқ астынан сырқаттанып қалғаны. Біршама уақыт төсек тартып, жатып қалады. Тағдырдың жазғанына шараң бар ма? Ақыры пәни дүниемен қоштасады. Сәби күн сайын әкесінен: «Мамам қашан қайтып келеді?» деп сұрайтын. Ал әкесі қызын жұбатып: «Қызым, мамаң өте алыс бір жерге жұмысқа кетті», - деп құшақтап ұйықтататын. Сөйте жүріп, қызы алты жасқа...
date10.02.2017readCount4166readmoreТолығырақ
Үнемі амандасып жүретін...
  Гүлжан ет зауытында жұмыс жасайды. Бір күні жұмысын аяқтап болған соң, ет сақталатын тоңазытқыштары бар салқын бөлмеге бірнәрсені тексеру үшін кірді. Бірақ, кері шыға алған жоқ. Есік сырттан жабылып қалды. Қанша тырысқанымен есікті аша алмады. Есікті сырттан біреу ашпаса іштен аша алмайтынына көзі жеткен Гүлжан көмекке адам шақырып, бар дауысымен айқайлай жөнелді. Кешкі уақыт болған соң барлық жұмысшылар үйлеріне қайтып кеткен. Шарасыз қалған соң бар білетін дұғасын оқып Аллаға...
date28.01.2017readCount3741readmoreТолығырақ
Ашушаң молда
Баяғыда бір ашушаң молда болыпты. Баласының шуын, әйелінің назын, құрдасының қалжыңын көтере алмай, қашан көрсең шырт-пырт болып жүреді екен. Ызақор мінезі қанша жерде ұятқа қалдырса да, қалшылы еш басылмай өмір сүріп жатыпты. Бір күні жұма намазындағы құтпасында ыңғайсыз сұрақтар көп қойылып, құлшылықтан соң көңілі болыңқырамай қабағын қайшылап үйіне келсе, әйелі ас әзірлеп үлгермепті, баласы терезе сындырып қойыпты, көршісі атын сұрамай мініп кетіпті. Ашудан жарыла жаздаған молда...
date21.01.2017readCount11969readmoreТолығырақ
Арман ұрлайтын мұғалім
Үлкен ферманың қожайыны өз үйінің қабырғасына бір кезде асығыс салынған суретті әдемі рамкаға салып іліп қойған. Қожайын жыл сайын жазда фермасын оқушылар үшін демалатын орынға айналдырып тұратындықтан, ол жерге көп адамдар келіп тұрды. Сол кезде әлгі ілулі тұрған сурет туралы білгісі келетіндер көп болғанмен, ол ауыз ашпайтын. Сұрақтарын жауапсыз қалдыратын. Биыл жазда ұзақ уақыт сақтап келген суретті қолына алып, оқушы балаларға басынан өткен өмірі туралы әңгіме қозғады: -...
date20.01.2017readCount4031readmoreТолығырақ
Досын құлдыққа сатқан сахаба
Үмм Сәләма (р.а.) былай әңгімелейді: «Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) сауда жасау мақсатымен сапарға шыққан болатын. Нұғайман мен Суәйбитті де қасына ертіп алды. Екеуі де Бәдір соғысына қатысқан. Жол азығы Суәйбитте болғандықтан, Нұғайман: - Қарным шұрқырап кетті», – деді. Суәйбит:/- Әбу Бәкір келсін, сосын тамақтанамыз, – деді. Нұғайман әзілқой адам болатын. Далада мал бағып жүрген малшыларға барып:- Менің күш-қайраты бойына сыймаған бір құлым бар, аласыңдар ма? –...
date12.01.2017readCount4698readmoreТолығырақ
Мәңгілік қарғыс
Хақ тағала шексіз құдіретімен Адамды жаратып, мұнан соң періштелеріне: «Адамға сәжде етіңдер!» – деп әмір етті. Барлық періштелер адам баласының кемел жаратылыс екенін мойындап, бұл бұйрықты екі етпеді. Тек Ібіліс қана бас тартты. Алла Тағала қаһарланып: «Ей, Ібіліс! Менің бұйрығымды тыңдамайтын сен кімсің?! Адамға неге сәжде жасамайсың?» – деді. Ол: «Мені оттан, оны топырақтан  жараттың. Ендеше, мен, әлбетте, одан артықпын», – деп қарсы жауап қатты. Өз қатесін...
date11.01.2017readCount4081readmoreТолығырақ
«Тосын сый» деп осыны айт!
Есік қағылғанда, кәрі әже таяғына сүйеніп орнынан баяу түрегеліп, дәліз бойлай сыртқы есікке беттеді: келгендер ұлының әскердегі достары екен. Екеуі де әженің әжімді бетінен сүйіп, амандасқаннан кейін ұзын бойлысы: – Апа, біздің уақытымыз тығыз. Сізге әшейін кіріп, амандасып, қал-жағдайыңызды біліп шығайын деген едік, – деді имене. – Үйбай-ау, үйге кірген жыланның да басына ақ құйып шығарып салмаушы ма еді?! Асықпай отырып, дәмнен ауыз тиіңдер. Астан үлкен кім бар, – деп...
date05.01.2017readCount4130readmoreТолығырақ
Алтыншы күрегім болса, көршіме берер едім!
Көршім күрек сұрай келді. Құдық қазғалы жатыр екен. Күрек көршімнің көңілінен артық па, «ләббай» деп, ауланың түкпіріндегі шағын сарайыма енсем, әшейінде қаз-қатар тізіліп тұратын 5 күрегімнің бірі де жоқ. Бәрін де «көршінің садақасы» деп таратып жіберген екенмін. Апыр-ай, алтыншы көршімнен ұят болды-ау! Күректі қойшы, көңілін айтсаңшы?!.. Ертегінің мыстаны құсап, үстіңгі ернімнің астындағы қос күрек тісімнің бірін жұлып ап, аспап әзірлеп берсем бе екен? Өзінің де өңі...
date04.01.2017readCount3265readmoreТолығырақ
Жүрек тебірентер әке мен бала оқиғасы
Жайма шуақ күндердің бірінде әке мен бала үй алдындағы аулада отыр еді. Әкесі таза ауамен тыныстап, табиғат тамашалап, ал баласы болса газет оқып отырған болатын. Әкесі елуді еңсерген болса, баласы жиырманың үстінде еді. Бір кезде торғайдың дыбысы естілді. Әкесі: «Бұл не?», – деп сұрады. Ересек баласы: «Торғай ғой, әке!», – деді қалыпты күйін бұзбай. Кейін торғайдың пыр етіп ұшқан даусына әкесі тағы: «Бұл не?», – деп сұрады. Баласы: «Торғай дедім ғой», – деп...
date29.12.2016readCount5345readmoreТолығырақ