Рухани алып Хасан Басри бір күні жолдастарымен жолда кетіп бара жатып, елге танымал жоғарғы шенді бір төренің баласын жолықтырыпты. Елге үкімі жүріп тұрған басшының баласы маймаңдаған боз жорға үстінде бір топ қызметшілерімен сырнайлатып-кернейлетіп кетіп бара жатса керек.
Хасан Басри жол ортасында тұрып аз-кем жөн сұрасқаннан кейін балаға қарап: – Ей, бай-манаптың баласы! Сендердің нені болсын, кімді болсын ақшамен өлшейтіндерің белгілі. Мұндайға менен басқа ешкімнің жүрегі...
Аллаһ тағала ақылды жаратқанда, оған: «Әй, ақыл, бері қара!» – деп бұйырады. Ақыл қарағанда, «Мен кіммін? Сен кімсің?» – деп сұрайды. Ақыл «Сен құдіретті Жаратушысың, мен жаратылған мақұлықпын», – деп жауап береді. Аллаһ тағала бұл жауапты естігенде, «Әй, ақыл, сенен асқан абыройлы нәрсе жаратпадым», – дейді.
Нәпсіні жаратқан кезінде оған да: «Әй, нәпсі, бері қара!» – деп бұйырады. Бірақ нәпсі қарағысы келмейді. Аллаһ тағаланың «Мен кіммін? Сен...
Баяғыда әкелі-балалы екеу болыпты. Қанша тәрбиелесе де, жағымсыз қылықтан алшақ болуды үйретсе де қайталана беретін баласының сотқар қылықтары әкесінің жанына батады екен. Бірде бала аяқасты қатты науқастаныпты. Әкесі қолдан келгенін аянып қалмағанмен, ұлының жағдайы күннен күнге нашарлай береді. Перзентінің сотқар қалпынан түзелмегеніне іштей налыған әкесі:
– Ұлым-ау, алда-жалда олай-бұлай болып кетсең жағдайың не болмақ? Қиқар мінезіңді де түзеп үлгірмедің, – депті...
Бір кісі Ибн Мүбәракқа (р.а.) келіп баласының қылықтарына ашулы екенін білдіреді. Ибн Мүбәрак: – Балаңды қарғап па ең? – деп сұрайды. Ол: «Иә», – дегенде, – Ендеше, балаңның тәрбиесін бұзған өзің екенсің, – дейді.
Табиғин кезеңінде нәпсімен күреске қатты көңіл бөлінген. Сол кезеңдегі ғалымдардың бірі Мәсруқ Меккеде тұрған кезінде оң жаққа я сол жаққа жантайып ұйықтамай, үнемі құбыланы бетке алып сәждеде ұйықтаған.
Науқастанған кезінде оған: «Кішкене тынықпадыңыз ба?» – дегендерге, «Аллаһқа ант етейін, ғайыптан маған бір дауыс естіліп: «Болды, Аллаһ сені азаптамайды», – десе де, мен бәрібір осы кейпімнен танбаймын», – деп жауап берген.
Анасы бөлменің жарығын сөндіріп, кішкентай баласын ұйықтатуға ыңғайланды. Бала бөлме қараңғылығынан қорқып, елегізіп ұйықтай қоймады. Сәлден соң бұлт арасынан жарқ етіп шыққан ай нұры үй ішіндегі қараңғылықты сейілте бастады.
Бала анасынан: «Бұл не?» - деп сұрады.– Ол аспандағы ай ғой.– Ай аспанның шамы ма?– Иә, құлыным.– Сонда Алла Тағала аспанның жарығын өшіріп ұйықтай ма? – деді бала тағы да. – Жоқ, балам! Алла Тағала аспанның жарығын сөндірмейді және қорықпа,...
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір күні сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай деп қатаң ескерту жасады:– Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім ауыз ашпасын!
Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады. Кеш түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп:– Уа, Расулулла! Екі қызым күні бойы ораза ұстаған еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат сұрай алмады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап, ауыздарын ашса, жақсы болар еді, – деп...
Нөкерлерін ерткен Хажжаж Мекке мен Мәдина арасында жолаушылап кетіп бара жатып бір бұлақтың басында тынығуды жөн көрді.Дастархан жайылғанда, Хажжаж «Маңайға қараңдаршы, жағдайы нашар біреу-міреу кезіксе шақырыңдар, астан ауыз тисін», – дейді. Нөкерлер үстіне ілген ескі шапаны бар біреуді тауып, ұйықтап жатқан жерінен оятып ертіп келді.
Хажжаж оған: – Кел, бірге тамақтанайық, – деді.Ол «жемеймін» деп астан бас тартты. Хажжаж себебін сұрағанда, «Мені бұдан да артық...
Күндердің күнінде бір кедей жiгiт тұрмыс ауыртпалығына шыдамай, хан үйiне ұрлыққа түсiптi. Түн ортасында оянып кеткен хан үйдiң бiр бөлмесiнде жүрген ұрының бар екенiн бiледi де, әдейi әйелiне:
- Әй, кемпiр, қыз болса бой жеттi. Оны кiмге бергенiмiз жөн болар екен? - дептi ұрыға естiрте. Сонда әйелi:
- Қайдан бiлейiн, отағасы. Өзiң лайықты дегенiңе бересiң де, - дептi.
Оған хан:
- Онда былай етейiк, ертең бiр кiсiнi мешiтке бақылаушы етiп қояйық. Қырық күн бойы намаздарын үзбей мешiтке келiп оқыған мұсылманға...
Баяғыда бір кісі қаншама жыл құрылыс саласында қызмет атқарған екен. Зейнет жасына келгенде бастығына келіп: «Басеке, мен зейнетке шығатын уақытым келді, рұқсат болса мен жұмыстан шығайын өтінішіме қол қойып беріңіз», – дейді. Сонда бастығы: «Әрине, зейнетке шығасыз. Бірақ бір шартым бар. Әлі салына қоймаған бір үй бар еді, соны салып, бітіріп берсеңіз, рұқсат», – деп жауабын келте қайырады.
Әлгі қария амалдың жоғынан үйді аз күнде бітіріп, үйдің кілтін бастығына берсе,...
1212120912081204120311951181117111631158