Пәкістандық дәрігер Ишан Хусейни медицина саласында жасаған ерен еңбегі үшін марапат алуға халықаралық бір конференцияға бара жатқан еді. Ұшаққа отырады. Бірақ ауа райы күрт өзгеріп, найзағай ойнағандықтан ұшақ ең жақын жердегі әуежайға қонуға мәжбүр болады. Бұдан кейінгі ұшақ 16 сағаттан соң ұшатын еді. Ызалы түрде: «Ол конференцияға міндетті түрде үлгеруім керек. 16 сағат күте алмаймын» дейді ашуға мінген дәрігер. Әуежай қызметкерлері баратын қаласы 6 сағаттық жерде екенін,...
Демалыс күні болатын. Әли деген жігіт әйелі екеуі бір жерге бармақ болып үйінен шығады. Әлидің жары жамылғы жамылып, орамалын таққан әйел еді. Үйінен шығып, қоғамдық көлікке отырады. Автобусқа мінсе екі адамдық орынға қарама-қарсы екі орын бос тұр екен. Әйелі екеуі сонда барып жайғасады. Жас жұп көлік ішінде біршама ерекшеленіп тұрады. Алдына айдап әкелгендей Әлиге қарама-қарсы отырған бір 40 жас шамасындағы кісі қарап тұрып, бір нәрсе сұрауға рұқсат алады. Өзі университетте сабақ...
Асқармен жолда кездескенімде азан шақырылып жатыр еді.
– Бүгін жұма, білесің ғой. Сені мешітке апарайын, – дедім.
Бұдан бұрын да бірнеше рет өтінішімді қабылдамаған болатын. Сондықтан ол:
– Менің мешітке бармайтынымды білесің ғой, – деп асыға-үсіге жауап берді.
– Білемін, бірақ бармауыңның себебін білгім келеді.
– Қайдан білейін, әйтеуір барғым келмейді де тұрады. Қысқасы, ол жаққа тартпайды.
Бәлкім, араласып жүрген айналамдағы адамдардың да әсері бар шығар. Оның...
Халифа Һарун Рашид қажылықтан кейін Мәдина қаласында имам Мәлік ибн Әнасты тыңдауға көңілі ауады. Құзырына алдырмақшы болып нөкерін жібереді. Алайда, имам Мәлік: «Ғылым іздеген кісі ғылымға өзі келеді. Ал, ғылым ешкімнің аяғына бармайды», – деп сәлем жолдайды.
Жіберген нөкері халифаға келіп, имам Мәліктің сәлемін айтады. Халифа айтылған уәжді құп көріп, имамның үйіне бет алады. Үйдің тұсына келгенде, үйдегі өзге адамдардан босатуды талап етеді. Сонда имам Мәлік «Көпшілікті...
Бір жігіт үйленді. Ана байғұс жалғыз ұлын ұяға қондырды. Әттеген-ай дейтіні осы бір қуанышты бөлісетін қасында шалы жоқ. Тана көз, кең маңдайлы сүйкімді бір қызды үйіне келін қылып түсірді. Ана да мәз, бала да мәз.
Қатты жақсы көретінін айтып, осы қызды келін қылайық деп анасын көндірген баласы болатын. Аңқылдаған анасының да алғашында келін бала көңілінен шықты. Екі қолы босап, белі жазылып қалған ананың көңілі шат еді. Бірақ, бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Баласы мен келінінің арасында...
Екі рет үйленген нишапурлық ғалым Саид екінші әйелі Мәриямның сұрауымен алғашқы отбасылық өмірі туралы баяндапты. Бірде: «Өміріңіздегі Аллаға ұнамды бір ісіңізді айтып беріңізші?» – деп өтінген қалыңдығына мына әңгімені айтыпты:
«Ол кездерді ұмыта алмаспын. Әрине, ісімізді қабыл етуші Алла. Тіпті қай ғибадатымды ықыласпен, қай амалымды рия етіп жасағанымды да білмеймін. Дегенмен сол бір амалымды Жаратушы қабыл етер деп үміттенемін.
Жас күнімде атағым шартарапқа жайылды....
Әнәс ибн Мәлік (р.а.) өгей әкесі Әбу Талха (р.а.) мен анасы Умму Сүләймнің (р.а.) некелесуін былай деп әңгімелейді.
«Әбу Талха Умму Сүләймге құда түсті. Умму Сүләйм: «Уа, Әбу Талха! Сен сияқты адам кері қайтарылмайды. Алайда, сен кәпір адамсың. Ал, мен мұсылман әйелмін. (Сондықтан) саған күйеуге шыға алмаймын. Егер мұсылманшылықты қабыл етсең, сенен алатын мәһрім[1] сол болсын. Сенен басқа нәрсе сұрамаймын», – дейді.
Әбу Талха (р.а.) ұсынысты қабыл алып, мұсылман болды. Умму Сүләймнің...
Соғыстардың бірінде Әбу Убайда ибн әл-Джаррахқа (р.а.) хазірет Омар (р.а) 4000 дирхам жалақы жібереді. Сосын оны алып бара жатқан кісіге: «Байқашы, Әбу Убайда бұл ақшаны не істейді екен?» – деп тапсырады.
Әлгі адам аманатты иесіне жеткізді де халифаның әміріне орай Әбу Убайданы (р.а.) аңди бастайды. Ал, Әбу Убәйда (р.а.) өзіне бір дирхам да қалдырмастан барлық ақшаны қарамағындағы әскерлерге бөліп береді.
Бұл хабарды естіген хазірет Омар (р.а) көзіне жас алып:
– Иә, Раббым,...
Ертеректе Осман елінің патшасы IV Мұрат қасындағы көмекшісімен бірге қарапайым киініп ел ішін аралауға шығады. Ондағы мақсаты сол елдің жағдайын, тұрмысын өз көзімен көру еді. Бір кезде анадай жердегі үйде қараң-құраң адам жиналып тұр екен. Жақындай беріп қараса даулы мәселені шешіп жатқан секілді көрінді. Барып мәселенің мән жайын білді. Сөйтсе бір адам қайтыс болып, оның жаназасының шығарылуына талас болып жатыр екен. Себебі, әлгі қайтыс болған адам көршілерінің айтуынша, тапқан...
Бірде өңшең бақалар жиналып алып сайыс ұйымдастырыпты. Сайыс талабы бойынша биік ғимараттың үстіне кім бірінші шықса, жеңіс – соныкі. Көптен күткен сайыс басталады. Тамашалаймыз деп топырласқан бақалар үміткерлердің ешқайсысы жеңіске жете алмайтынын айтып бәстеседі: «Байғұстар-ау, босқа әуре болып жатсыңдар ғой. Бәрібір шыға алмайсыңдар!..»
Бұл сөздерді естіген қатысушылардың бірнешеуі расында күдіктене бастады. Мәреге дейін бара алмайтындарына көздері жетіп,...
1449142213991397139113811361135613381332