old.muslim.kz Ғибратнама - Muslim.kz
Салауат айтып, ақша тапты
Ілгеріде бір адам мұсылман бауырынан бес жүз динар ақша қарыз алады. Келісілген уақытта қайтара алмаған соң, қарыз беруші  адам қазыға барып шағымданады. Қазы қарызқор адамды зынданға салуға бұйырады. Сол кезде қарыз алған адам қазыға: "Құрметті қазы мырза! Мені зынданға салғанын жанұям білмей қалады ғой. Тым болмаса жағдайымды айтып, қоштасып келсем бола ма? - дейді. Қазы: "Қашып кетсең не істейміз?! Саған кім кепіл болады?" - дейді. Қарыз алған адам: "Кепілге Расулалланы (с.ғ.с.) қоямын", -...
date20.02.2017readCount6779readmoreТолығырақ
Сенің әкең... (әңгіме)
- Әке, қалай, зерікпедіңіз бе? - Жоқ. - У-шу, күйбеңі көп қаладан өкпеңіз қысылмады ма дегенім ғой. Жарылқап үнсіз қалды. Баласының не айтқысы келгенін түсінді. Кеше ғана ұлы келінімен сөзге келіп қалған еді. Жарылқап сол күні таңертең немересін саябаққа ертіп кеткен. Күн арқан бойы көтерілгенде пәтерге оралды. Сонда ас бөлмеден шаң-шұң еткен дауыстар естілді. - Екі ай болды ғой, қашанғы жүре береді? - Енді кішкене шыдашы. - Жетер. Шаршап кеттім. Сенің әкеңнің қас-қабағына қараймын деп...
date18.02.2017readCount12807readmoreТолығырақ
Құдайдан сұрағанның екі бүйірі шығады
Бір атақты мұсылман ғалымының басынан өткен мына оқиға өте әсерлі деп ойлаймын. Оны ғалымның өз аузымен баяндайық. "Бір жолы жолым түсіп Мысырға бардым. Сапарым аяқталған соң Александриядан шығып Каир арқылы ұшатын болдым. Рейсім таңертең ерте болған соң, Каирдегі аэропорт жанындағы мешіт имамына достарым арқылы телефон соққызып, түн ортасында барып мешітте түнеп, таң намазын оқыған соң ұшаққа мінетінімді айттым. Сондықтан, мешітті құлыптамай, ашық қалдыруын өтіндім. Түн ортасында...
date15.02.2017readCount8036readmoreТолығырақ
Қош келдің, Жүсібім! (Ғашықтар хикаясы)
Жүсіп әке-шешесінің жалғызы ғана еді. Отбасында одан басқа бала жоқ. Сондықтан да әке-шешесі бар күш-жігерін Жүсіптің жақсы тәрбие алуы үшін жұмсайтын. Жүсіп Имам-Хатип мектебінің оқушысы... Оның бұрыннан бері ұнататын бір қызы бар. Есімі – Аяулым. Аяулым сыныптың ең инабатты қызы. Албырт жүзін үнемі жерден алмайды. Басын көтеріп жан-жағына алақ-жұлақ қарау – ол үшін жат. Тіпті үзіліс кезінде де сыныптан шықпай, үнемі үйінен өзімен бірге ала келген кітаптан бас алмайды. Аяулымды...
date14.02.2017readCount7295readmoreТолығырақ
Үнемі амандасып жүретін...
  Гүлжан ет зауытында жұмыс жасайды. Бір күні жұмысын аяқтап болған соң, ет сақталатын тоңазытқыштары бар салқын бөлмеге бірнәрсені тексеру үшін кірді. Бірақ, кері шыға алған жоқ. Есік сырттан жабылып қалды. Қанша тырысқанымен есікті аша алмады. Есікті сырттан біреу ашпаса іштен аша алмайтынына көзі жеткен Гүлжан көмекке адам шақырып, бар дауысымен айқайлай жөнелді. Кешкі уақыт болған соң барлық жұмысшылар үйлеріне қайтып кеткен. Шарасыз қалған соң бар білетін дұғасын оқып Аллаға...
date28.01.2017readCount4399readmoreТолығырақ
Досын құлдыққа сатқан сахаба
Үмм Сәләма (р.а.) былай әңгімелейді: «Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) сауда жасау мақсатымен сапарға шыққан болатын. Нұғайман мен Суәйбитті де қасына ертіп алды. Екеуі де Бәдір соғысына қатысқан. Жол азығы Суәйбитте болғандықтан, Нұғайман: - Қарным шұрқырап кетті», – деді. Суәйбит:/- Әбу Бәкір келсін, сосын тамақтанамыз, – деді. Нұғайман әзілқой адам болатын. Далада мал бағып жүрген малшыларға барып:- Менің күш-қайраты бойына сыймаған бір құлым бар, аласыңдар ма? –...
date12.01.2017readCount5454readmoreТолығырақ
Мәңгілік қарғыс
Хақ тағала шексіз құдіретімен Адамды жаратып, мұнан соң періштелеріне: «Адамға сәжде етіңдер!» – деп әмір етті. Барлық періштелер адам баласының кемел жаратылыс екенін мойындап, бұл бұйрықты екі етпеді. Тек Ібіліс қана бас тартты. Алла Тағала қаһарланып: «Ей, Ібіліс! Менің бұйрығымды тыңдамайтын сен кімсің?! Адамға неге сәжде жасамайсың?» – деді. Ол: «Мені оттан, оны топырақтан  жараттың. Ендеше, мен, әлбетте, одан артықпын», – деп қарсы жауап қатты. Өз қатесін...
date11.01.2017readCount5140readmoreТолығырақ
«Тосын сый» деп осыны айт!
Есік қағылғанда, кәрі әже таяғына сүйеніп орнынан баяу түрегеліп, дәліз бойлай сыртқы есікке беттеді: келгендер ұлының әскердегі достары екен. Екеуі де әженің әжімді бетінен сүйіп, амандасқаннан кейін ұзын бойлысы: – Апа, біздің уақытымыз тығыз. Сізге әшейін кіріп, амандасып, қал-жағдайыңызды біліп шығайын деген едік, – деді имене. – Үйбай-ау, үйге кірген жыланның да басына ақ құйып шығарып салмаушы ма еді?! Асықпай отырып, дәмнен ауыз тиіңдер. Астан үлкен кім бар, – деп...
date05.01.2017readCount4977readmoreТолығырақ
Алтыншы күрегім болса, көршіме берер едім!
Көршім күрек сұрай келді. Құдық қазғалы жатыр екен. Күрек көршімнің көңілінен артық па, «ләббай» деп, ауланың түкпіріндегі шағын сарайыма енсем, әшейінде қаз-қатар тізіліп тұратын 5 күрегімнің бірі де жоқ. Бәрін де «көршінің садақасы» деп таратып жіберген екенмін. Апыр-ай, алтыншы көршімнен ұят болды-ау! Күректі қойшы, көңілін айтсаңшы?!.. Ертегінің мыстаны құсап, үстіңгі ернімнің астындағы қос күрек тісімнің бірін жұлып ап, аспап әзірлеп берсем бе екен? Өзінің де өңі...
date04.01.2017readCount3949readmoreТолығырақ
Жүрек тебірентер әке мен бала оқиғасы
Жайма шуақ күндердің бірінде әке мен бала үй алдындағы аулада отыр еді. Әкесі таза ауамен тыныстап, табиғат тамашалап, ал баласы болса газет оқып отырған болатын. Әкесі елуді еңсерген болса, баласы жиырманың үстінде еді. Бір кезде торғайдың дыбысы естілді. Әкесі: «Бұл не?», – деп сұрады. Ересек баласы: «Торғай ғой, әке!», – деді қалыпты күйін бұзбай. Кейін торғайдың пыр етіп ұшқан даусына әкесі тағы: «Бұл не?», – деп сұрады. Баласы: «Торғай дедім ғой», – деп...
date29.12.2016readCount6283readmoreТолығырақ