Әбу Үбәйда өзінің орнына Муаз ибн Жәбәлді қойдырып, мына өсиетті айтады:
“Намаздарыңды оқып, оразаларыңды ұстап, садақаларыңды беріп, қажылықтарыңды өтеңдер. Бір-бірлеріңізге қамқор болып, басшыларыңызға бағынып, оларға адал қызмет етіңдер. Дүние сізге опық жегізбесін. Адам мың жыл өмір сүрсе де, көретін нәтижесі мынау: Алла адамдардың пешенесіне өлімді жазған, сондықтан бәрі де өледі. Адамдардың ең ақылдысы – Аллаға бағынып, ақырет үшін еңбек еткен адам. Бәріңізге Алланың...
Усама ибн Зәйд былай дейді: «Алла елшісінің немересі Мұхсиннің науқасы артқан кезде хазіреті Фатима Пайғамбарымызға хабар бергізіп үйіне шақырды. Хақ елшісі жанына бірнеше сахабаларды ертіп келді.
Пайғамбар қызын жұбатып: «Алланың бергені де, алғаны да Алла Тағаланың өзіне тиесілі. Әрбір тірі жанның бір өмірі бар. Сабырлы бол! Сауабыңды Алладан күт!» - деді. Сосын немересін алдырып құшағына басты. Мұхсиннің жүрегінің қатты соғып жатқанын естігендей болдым. Оның жағдайын...
Кезінде қажылықтан келген шәкірттері ұстаздарына әртүрлі сыйлық әкеліп береді. Ұстаздары сыйлықтарына ризашылығын білдірген соң: - Шәкірттерім, Алла қажылықтарыңды қабыл етсін! Сыйлықтарыңа рахмет, бірақ маған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мінезін, Әбубәкірдің (р.а.) шыншылдығын, Омардың (р.а.) әділдігін, Османның (р.а.) ұяңдығын, Әлидің (р.а) өжеттілігін ала келсеңіздер жақсы болар еді", - депті. Яғни, сондай сипаттармен өзгеріп келудің абзалдығына меңзеген екен. Алла баршамызға қажыға...
Бір Ибраһим бин Адһам Басраның базарынан келе жатып, бір топ адамға жолығады. Олар айтады: «Алла Тағала: Дұға етіңдер, жауап берем» деген. Расында біз дұға етеміз. Алайда, дұғамыз қабыл етілмейді. Бұл неліктен? – деп сұрақ қояды. Бұған тақуа Ибраһим бин Адһам әрі ғұлама (р.а.): «Сендердің жүректерің мына он түрлі нәрседен өлген. Олар:
1. Расында, сендер Алланы таныдыңдар, бірақ Оның ақысын өтемедіңдер. Яғни, бұйырғанын орындап, тыйым салғанынан тыйылмадыңдар.
2. Алла елшісін жақсы...
Ибн Халлиқан «Уафаятул-аян» атты еңбегінде Имам Шағбидан мынадай оқиғаны риуаят еткен:
«Бірде жас кездерінде Абдуллаһ ибн Зүбәйр, бауыры Мұсғаб ибн Зүбәйр, Абдулмәлік ибн Мәруан мен Абдуллаһ ибн Омар – бәрі Қағбаның жанында отырды. Бір уақытта араларында «Әрбіріміз тап қазір дұға жасайықшы, бәлкім, қабыл болар» деген ой айтылды.
Абдуллаһ ибн Зүбәйр: «Уа, Раббым, ұлылығыңның құрметіне мені Хижазға патша қылуыңды өтінемін», – деп дұға жасады.
Мезгілі...
Бір күні тақуа Хатим ибн әл-Асим деген кісі қажылыққа баруды ниет етеді. Сөйтіп бала-шағаны жинап:
– Мен қажылыққа бармақпын – деп ниетін айтады. Ұлдары жылап:
– Уа, Әке! Бізді кімге тастап кетпексің, бізді кім асырамақ? – деп аш қалу қорқынышы мен уайымдарын айтады. Сонда араларынан әпкелері тұрып:
– Жыламаңдар! Одан да әкемізге қажылыққа аман-есен барып келуіне дұға қылайық. Ол ризық беруші емес қой. «Күмәнсіз, Ол – Алла, ризықтандырушы және мықты күшке ие» (Зәрият,...
Тауыс құсы Әбу Ханифа заманында біреудің тауыс құсы жоғалады. Құс иесі ұрыны таба алмай дал болып, Әбу Ханифаға келеді. Әбу Ханифа мән-жайға қаныққан соң, бұл туралы ешкімге айтпауды бұйырады. Сосын ертеңінде таң намазына жұрт мешітке жиналғанда мінберге шығып: – Әй, тауыс құсын ұрлаған адам, ең құрығанда мешітке келеріңде, басыңа жабысып қалған қауырсынды қақпадың ба? – дейді. Осы кезде көпшілік ішінен бір адам жалма-жан басын сілкілей бастайды. Жұрт тарағаннан кейін имам әлгі...
Оқиғаны сахаба Сәхл ибн Сағыд (р.а.) баян етеді:
«Бір күні Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасынан бір бай кісі өтіп бара жатты. Оған көз салған Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
– Мына кісі жайында не дейсіңдер? – деп сұрады.
Қасында отырғандар: – Бұл адам егер бір әйелмен үйленгісі келсе оған некелесуге, біреуді қол астына алса, қамқорлығы қабыл етілуге, көзқарасын білдіргенде сөзі тыңдалуға лайықты кісі», – деді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи...
Бір ғалымнан: "Сіз неге суретке түспейсіз?" - деп сұрапты. Ғалым: "Менің жүрегімде камера бар. Мен онымен достарымды фотоға да түсіріп, видеоға да жазып аламын. Сондықтан олар менің жадымнан ешуақытта өшпейді де, жоғалмайды да, үнемі менімен бірге", - деп жауап беріпті.
Бір күні Екі Дүние Сәруары (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларымен бірге базардың ішінен өтіп бара жатқанда жерде жатқан лақтың өлексесін көреді. Өлексенің құлағынан ұстап көтеріп: «Кім мынаны бір дирхамға алады?» – деп сұрайды. «Ей, Алланың Расулы, одан да арзан берсе алмаймыз, ол біздің қай ісімізге жарайды!» – деп жауап қатады сахабалар. «Тегін берсе алар ма едіңіз?» – деп сұрағанда, бәрі бірауыздан: «Тегін берсе де алмаймыз, оны қайтеміз!» – дейді....
1952194719401931192019141904188618811870