Салауат...
Көнеден келе жатқан әңгімелердің бірінде, бір кісі түсінде Мұхаммед пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көреді. Алайда, неге екенін, пайғамбарымыз оған бұрылып қарамайды. Ол кісі: «Уа, Аллаһтың елшісі, әлде маған ашулысыз ба?» – деп сұрағанда, «Жоқ» деген жауап естиді.  –  Онда неге маған қарамайсыз? –  Өйткені сені танымадым. –  Мені қалай танымайсыз, мен сіздің үмбетіңізбін ғой. Ғалымдар сізді үмбетін өз баласын таныған анадай таниды деуші...
date17.11.2012readCount6241readmoreТолығырақ
«Тамақтың өлшемі»
Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) айтқан әңгіменің бірі адам баласы үшін ас ішудің өлшемі іспетті танылады. «Құлшылықтың терең дәмін тату үшін мұсылман болғалы тоя тамақ жемедім. Аллаһқа қауышудың құмарлығымен қанып су да ішпедім, өйткені көп жеу аз құлшылық жасауға итермелейді. Көп жеген кезде адамның денесі ауырлап, көзіне ұйқы тығылады, денесі босаңсиды. Өзін қанша қинаса да, ондай адамның ұйқыдан басқаға шамасы келмейді, қоқысқа тасталған өлексенің кебін киеді», – деп өз тәжірибесін...
date17.11.2012readCount5394readmoreТолығырақ
Жұмақтағы үш сарай
Имран ибн Хұсейін (р.а.) әңгімелеуде: «Басқа сахабаларға қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.с.) маған бөлекше ілтипатпен қарайтын. Бір күні маған: «Әй, Имран, саған ерекше құрметпен қарайтынымды білесің, менімен бірге қызым Фатиманың қалын сұрап үйіне кіріп шығуға қалай қарайсың?» – деді. Мен бұған қуанып: «О не дегеніңіз?! Сіздің жолыңызға жаным пида», – дедім. Екеуміз іле орнымыздан тұрдық. Фатиманың (р.а.) үйіне барғанда, алдымен есікті қақты. Сөйтті де естірте сәлем беріп:...
date17.11.2012readCount6901readmoreТолығырақ