Өкініш
Вьетнам соғысының аяқ кезі... Елге оралмақ болған сарбаздың бірі үйіне телефон соғып, әке-шешесімен тілдесті: «Үйге қайтып келе жатырмын. Бірақ сіздерге бір өтінішім бар, өзіммен бірге бір жолдасымды үйге ерте келсем деп едім... » «Әрине, өзіңмен бірге ерте кел, танысармыз», – десті үйіндегі ата-анасы. Баласы: «Бірақ сіздерге беймәлім жағдай: ол – соғыста мина басып кетіп, бір қол, бір аяғынан айырылған жан... Баратын басқа жері жоқ, біздің үйге келгеннен кейін де бізбен...
date25.12.2012readCount7619readmoreТолығырақ
Күнәһар ма, жоқ кәпір ме?
«Күнә жасаған мұсылман – кәпір» деп түсінетін харижиттердің бір-екі адамы имам Ағзамға келіп: «Мешіттің ауласына бірі араққа сылқия тойып жан тапсырған ер кісі мен зина жасап, кейін жүкті екенін сезгенде, өз-өзіне қол жұмсаған әйел әкелінсе, оларға қандай пәтуа шығарар едің? Сенім тұрғысынан қалай бағалайсың?» – дейді. –  Бұлар кімдер? Яһудилер ме? –  Жоқ. –  Христиан ба? –  Христиан емес. –  Пұтқа табына ма? –  Жоқ. –  Олар кімдер...
date20.12.2012readCount5534readmoreТолығырақ
Шапағат
Әбу Һұрайра (р.а.) әңгімелеуде:«Бір күні Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып, қиямет күні оның шапағатына ең көп кімдер кенелетінін сұрадым. Ол әдеттегі байсалды қалпымен:– Бұл сөзді сенен бұрын ешкім сұрамас деп ойлайтынмын, өйткені сенің хадистеріме деген ынтықтығыңды білемін. Иә, қиямет күні менің шапағатыммен бақыт құшатындар – бар ықыласымен «Лә иләһә иллаллаһ» дейтіндер, – деп жауап берген еді».
date17.12.2012readCount5206readmoreТолығырақ
Не адал, не мықты?
Жанқұтты Ботантайұлы 1810 жылы қазіргі Қарағанды облысындағы Ақсу-Аюлы ауданының күнбатыс жағында Аюлы тауының баурайында дүниеге келген. Жанқұтты өткір сөзді, от ауызды, орақ тілді шешен болған. Жанқұтты шешен он жеті жасында әкесінің айтуымен Сарым елінің беделді биі Шабанбайға бата алуға келеді. Би Жанқұттының жайын сұрап білгеннен кейін: – Шырағым, дүниеде не адал, әлемде не мықты? – деп сұрайды. Сонда Жанқұтты: – Адал болсаң, судай бол,Су арамды кетіреді.Мықты болсаң, жердей...
date12.12.2012readCount5678readmoreТолығырақ
Жеті белгі
Үлкен фиқыһ ғұламасы Әбу Ләйс Самарқанди әңгімелеуде: «Аллаһтан қорыққан адамда жеті түрлі белгі болады. Біріншісі – тілге қатысты белгі. Аллаһтан қорыққан адам тілінің қызметі арқылы өтірік, өсек, ғайбат айтпайды, ешкімді шағыстырмайды. Оның орнына Құран оқиды, зікір айтады, іліммен шұғылданады. Екіншісі – жүрегіне байланысты белгі. Аллаһтан қорыққан адамның жүрегінде басқаларға деген қызғаныш, көре алмаушылық, іштарлық, жалақорлық болмайды, өйткені хадисте «От ағашты...
date10.12.2012readCount7533readmoreТолығырақ
Өздері жеп қоятын...
Омар (р.а.) баяғы надандық дәуірді есіне алса, кейде күліп, кейде жылайтын. «Жылайтын себебім, – дейді екен сұрағандарға, –  ол кезде иісі араб халқы қыз баладан обадан бетер үркетін. Тіпті қыздары төрт-бес жасқа келгенде, тірідей көміп тастайтын. Осыны ойласам қамығып жылағым келеді. Ал, күлкім келетіні халық қамырдан пұт жасап, соған табынатын. Бірақ қарындары ашса, сол табынғандарын өздері жеп қоюшы еді».
date07.12.2012readCount4424readmoreТолығырақ
Патша мен күң
Ертеде байлығы тасқан, өркөкірек бір патша өмір сүріпті. Сол кездегі дәстүр бойынша патшаның төсегін күнде бір күң келіп салуы тиіс екен. Бір жолы жас күңдердің бірі әлгі патшаның төсегін салып, мамық төсек пен құс жастықтарды әдемілеп жайып, жан-жағын барынша сәндеп біттім-ау дегенде, аяқ асты әлгі күңге «апыр-ай, мұндай мамық төсекке бір жатып көру де бақыт шығар. Сәл көз шырымын алып, ләззатын байқап көрсем қайтер екен?» деген ой келеді. Ақыры сол әуестігін жеңе алмай, «патша...
date03.12.2012readCount7045readmoreТолығырақ
Жалғыз көзден шыққан жас...
Шолпан шоқтай қызарған кез. Жарық дүниенің жанары оянған шақ. Іңә-іңә-іңә… Құдай Қадырға шекесі торсықтай сәби сыйлады. Әке болу қуанышына бөленген ол дәрет алып, жүзін құбылаға бұрып, азан шақырды. Аллаға шексіз шүкір айтты. Нәрестеге Нұрбол деген есім берді. Үйге шақалақпен бірге шаттық енген еді. Күпті үміт «Баласы атқа қонса, үйінде тақымын қысып отыратын» анадан асқан мейірімді жан бар ма? «Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» өсірген Бибісара Нұрболды күнде...
date29.11.2012readCount6361readmoreТолығырақ
«Кімде-кім бауырының  айыбын жапса...»
Бірде Әбүл-Хайсам: – Менің кей көршілерім арақ ішеді. Осыларды ұстап беріп, бір жазалатсам ба екен? – дейді. Ұқба ибн Амр: – Қой, олай жасағаның жөн болмас. Одан да оларға насихат айт, – деп ойын білдіреді. – Қайдан, мені тыңдар емес. Әй, жазалатқан дұрыс-ау... – дейді көршісінің әбес қылығынан жапа шегуші. – Жоқ, ондайға бармағаның абзал, өйткені мен Аллаһ елшісінің «Кімде-кім бауырының  айыбын жапса, тірідей топыраққа көмілген қыз баланы аман алып қалғандай...
date28.11.2012readCount6060readmoreТолығырақ
«Жұмаққа түрегеп кіргім келеді»
Әнәс (р.а.) әңгімелеуде: «Бірде Мәдинаның көшелерін басына көтерген әлдебір у-шудан төңірек ел көшкендей азан-қазан болды. «Бұл не шу?» – деп сұраған Айша (р.а.) анамызға төңірегіндегілер: «Абдуррахман ибн Ауфтың Шамнан келген сауда керуені ғой», – деп жауап береді. Керуенде жүк тиеген жүз түйе бар еді. Айша анамыз сол кезде: «Мен Пайғамбарымыздың: «Абдуррахман ибн Ауфтың жаннатқа еңбектеп кіріп бара жатқанын көрдім» дегенін естіген едім», – дейді. Бұл сөз...
date28.11.2012readCount6815readmoreТолығырақ