Қан-жынсыз сөз...
...Әр адам сөйлеген сөзін - арамын алып тастап, адалын сөйлеуге тырысу керек. Сөйлеген сөздің де қаны, жыны аралас болса, тыңдаушының мейірі қанбайды. Егер де қаннан, жыннан айрылып, сап сүттей қылып сөйлесе, ол сөзге құлақ құрышы қанады. Солай болатыны үшін Маулана Руми айтқан: "Не үшін десең, қанның сүтке айналуына махаббат керек!" -деген. Олай болса, сөйлеген сөзге де сабыр, болжал, уақыт керек екен.
date25.02.2013readCount5207readmoreТолығырақ
Әбу Бәкірдің достығы
Періште Жәбірәйіл (а.с.) бір күні былай деп тілепті: – Уа, он сегіз мың ғаламның ұлы әміршісі Хақ тағала! Пайғамбарымыз Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) деген Әбу Бәкірдің достығы қаншалықты адал екенін, оған деген сүйіспеншілік жүрегінде қаншалықты терең орын алатынын білгім келеді... ...Мереке күні еді. Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) бағалы, қымбат, әсем киімдерін киіп, иығынына отыз алтындық шәлі ілді. Жәбірәйіл соқыр кейпіне еніп, жол шетіне отыра кетті. Әбу Бәкір Сыддық келіп, жол...
date22.02.2013readCount5790readmoreТолығырақ
Жарығы Арышқа «жететін» зәйтүн майы
Көне уақытта үлкен ислам ғұламасы Суфиян Сәуриге бір әйел келеді. Қолындағы зәйтүн майын мешітке бергісі келетінін айтады. Ол уақыттарда мешіт елдің әкелетін майларымен жарықтандырылатын еді. Суфиян Сәури әлгі әйелден: – Сауап жолына арнап әкелген бұл зәйтүн майыңыздан пайда болатын жарық мешіттің күмбезіне дейін түскенін қалайсыз ба, әлде тым жоғары Арышқа дейін биіктегенін қалайсыз ба? – деп сұрайды. Әйел: –  Әрине, Арышқа дейін биіктегенін қалаймын, – деп жауап...
date18.02.2013readCount5738readmoreТолығырақ
Кілем ұрлаған ұры
Бірде Мәулана Жалаладдин Румидың үйіне қайыршы бас сұғады. Мәулананың намаз оқып тұрғанын көрген қайыршы дереу бір кілемшені ұрлап шығып кетеді. Бұны байқап қалған көршісі ол ұрыны базарда әлгі кілемшені сатып жібермек болып тұрған жерінен ұстап алып, ұрып-соғып Мәуланаға алып келеді. Сонда әлгі ұрының таяқ жеген кейпіне жаны ашыған Мәулана: «Алса, бәлкім, керек болғаннан кейін алған шығар, соған бола бұл байғұсты ұрмай-ақ, қолынан сатып-ақ ала салсаң болмас па еді», – деп...
date18.02.2013readCount5241readmoreТолығырақ
Қызық!
Қызық! «Өмір өтіп бара жатыр» деп жиі налимыз, бірақ жүрегіміздің түбіне терең үңілсек, сол өмірдің шынымен өтіп бара жатқанына өкініш таппаймыз. Қызық! Қолымыздағы 100 теңге садақа үшін  беруге көптік етеді, ал «сол 100 теңгеге базарға барып сауда жаса» десе күлкіміз келеді. Қызық! Бір күннің бір жарым сағатын құлшылыққа арнауды қиынсынамыз, ал 90 минут болатын футболдың қызықты өткені соншалық, қалай аяқталғанын байқамай қаламыз. Қызық! Футболда қосымша уақытқа келгенде...
date14.02.2013readCount7702readmoreТолығырақ
Жас шәкірт
Бір ұстаздың жас шәкірті болыпты. Ұстаз оған айрықша сый жасап, басқалардан артық санайтын. Шәкірттерінің кейбіреулері: «Біз одан ересек болсақ та неге оны айрықша өбектейсіз?» деп наразылық танытады. Сонда ұстаз бірнеше кұс алдырып, әрбір шәкірттеріне бір-біреуден беріп: «Әрбірің ешкім көрмейтін жерге барып, құстарды бауыздап маған әкеліңдер!» дейді. Сүйікті шәкіртіне де бір құс пен пышағын беріп басқаларға айтқанын оған да айтты. Өзге шәкірттерінің барлығы қолдарындағы...
date11.02.2013readCount5052readmoreТолығырақ
Тәубе
Әбу Һұрайра (р.а.) әңгімелеуде: Бірде түнгі намазды Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге оқып жолда келе жатқанымда, алдымнан бір әйел шықты. Мені тоқтатып: «Әй, Әбу Һұрайра, мен бір күнә жасадым, тәубе жасасам қабыл бола ма?» – деп сұрады. Қандай күнә жасағанын сұрағанымда, зина жасағанын, зинадан тапқан баласын өлтіргенін айтты. Мен: «Бір күнәмен қоймай сәбидің де қанын жүктепсің. Ант етейін, сенің тәубең қабыл болмайды», – дедім. Бұны естір-естімес әлгі әйел талып қалды. Кетіп...
date11.02.2013readCount5387readmoreТолығырақ
Неге күле бересің?
Табиғин заманында көп күлетін, жеңілтек мінезді бір бала болыпты. Бірде Хасан Басри әлгі баладан: «Неге күле бересің?» – деп сұрағанда, ол қапелімде ештеңеге түсінбей тұрып қалады. –  Осыншалықты бос күлкі саған жараса ма? Әлде ақыретте қыл көпірден сүрінбей өтетіндей жағдайың бар ма? –  ... –  Әлде жұмаққа кіретініңе сенімдімісің? –  ... –  Мүмкін, саған тозаққа түспейтінің анық білдірілді ме? –  Жоқ. –  Ендеше көп күлу бізге лайық емес. Хасан...
date04.02.2013readCount7285readmoreТолығырақ
Жоғалған әмиян
Тақуа құлдардан Амр ибн Динардың айтуына қарағанда, көне уақытта Мәдиналық бір кісінің қала шетінде тұратын қарындасы бар еді. Науқас болғандықтан, жиі барып қалын сұрап тұратын. Бір күні бауыры аурудан қайтыс болғанда, әлгі кісі оны арулап жерлеп, үйіне қайтты. Үйіне келген уақытта әмиянын жоғалтып алғанын байқады. Ойланып-толғанып, оны зиратты қазғанда ұмытып кеткені есіне түсті. Іле бір досын ертіп қабірге барды. Топырақты қазып, қабірге түсіп, әмиянын тауып алды. Осы кезде өліктің...
date04.02.2013readCount4995readmoreТолығырақ
Тәубе
Ибраһим Әдхам алғашқыда Қорасан дәулеттілерінің бірі еді. Бірде сәнді сарайының бір терезесінен сыртқа көз салып тұрып, алыстан бір адамды көреді. Әлгі кісі қолындағы бір тілім қатқан нанды жеп, сәлден кейін ұйқыға бас қояды. Ибраһим бір қызметшісін жіберіп, ол кісі оянғанда өзіне ертіп келуін тапсырады. Біршама уақыттан кейін қызметшісі әлгі кісіні ертіп келеді. Ибраһим одан: «Бағана қатқан нанды қажағанда, қарның аш па еді?» – деп сұрады. Ол: «Иә», – дейді. Ибраһим:...
date28.01.2013readCount6397readmoreТолығырақ