old.muslim.kz Ғибратнама - Muslim.kz
Қонақтың сенімі маңызды емес
Бір күні Ибраһим пайғамбардың есігіне бір мүшрік (отқа табынушы) қарт кісі келіп, қонып-түстеніп кетуге рұқсат сұрады. Ибраһим пайғамбар болса: «Сен отқа табынатын адамсың, сені қалай үйіме кіргіземін, жалған дініңнен бас тартпайынша  табалдырығымнан аттатпаймын», - деп қайтарып жіберді. Содан кейін Алладан Ибраһим пайғамбарға аян келді: «Әй, Ибраһим! Құдайы қонақ болып келген кәрі кісіні иман келтірмегені үшін үйіңе кіргізбедің бе? Бір түнетіп, қонақ етсең, ол саған зиян...
date23.06.2017readCount2994readmoreТолығырақ
Оразаны не бұзды?
Әулие құлдардың оразасы астан тыйылумен ғана шектелмеген. Олар ауыз бекіткенде бойды барлық жаман қылықтардан аулақ ұстап, рухани тазалыққа көп көңіл бөлген. Жаратушы иенің разылығын мақсат тұтқандықтан, жыл он екі айдың барлығын Рамазан айындай құрметтеп, үнемі ораза ұстаған.   Ауыз бекіткен бір күні қасындағылар үндістанның патшасын сырттай өсекке таңды. Осы сәт Дыхләуи: «Қап, оразамды бұзып алғанымды қарашы», - деп өкініш білдірді.   Әулиенің бұл тосын қылығына...
date09.06.2017readCount5056readmoreТолығырақ
Ыстықтағы ораза
Нөкерлерін еріткен Хажжаж Мекке мен Мәдина арасында жолаушылап кетіп бара жатып, бiр бұлақтың басында тынығуды жөн көрді. Дастархан жайылғанда, Хажжаж: «Маңайға қараңдаршы,жағдайы нашар біреу-міреу кезіксе шақырыңдар, астан ауыз тисін» - дедi. Нөкерлер үстіне iлген ескі шапаны бар біреуді тауып, ұйықтап жаткан жерінен оятып ертіп келді. Хажжаж оған:«Кел, бiрге тамақтанайық», - деді. Ол «жемеймін» деп астан бас тартты. Хажжаж себебін сұрағанда: «Мені бұдан да артық...
date07.06.2017readCount4710readmoreТолығырақ
Ораза ұстадым дей алмаймын
Баяғыда бір тақуа адам Алладан қатты қорқып, күнара ораза ұстайды екен. Аузы берік күндері "Ораза ұстадың ба?" деп сұрағандарға "Шынымды айтсам, ұстадым да дей алмаймын, ұстамадым деуге де келмейді" деп жауап береді екен. Ұстағандықтан "ұстадым" деп өтірік айта алмайды, ал "ұстадым" дейін десе, амалы Алланың алдында қабыл болатын кәміл оразаға жата ма, жатпай ма деген күдік жеңіп кете беретін көрінеді. Оның рухани тереңдігін сезбейтіндер "Өзінің ораза ұстаған, ұстамағанын білмейтін не...
date02.06.2017readCount5976readmoreТолығырақ
Оразаның алғашқы күні екен ғой!
Бір қойшы қарт қойларын өрістетіп, жайылымға жайған сайын дөңге жақын өскен бір алма ағашының түбіне барып дем алатын. Егер жеміс піскен мезгіл болса, алма ағашымен тілдесіп: – Қане, балам, қарттың алмасын бере ғой, – дейтін. Сөйткенше болмай, дәмі тіл үйіретін, исі аңқыған, балбырап піскен бір алма жерге топ ете түсетін. Қарт болса, кішкене бәкісімен әлгі алманы асықпай тілімдеп кесіп, өзімен бірге ала келген торсығындағы айранымен қоса сәл жүрек жалғағаннан кейін әкесінен қалған...
date25.05.2017readCount6976readmoreТолығырақ
Балта
Аяқ астынан есіктің алдында жатқан, талай жылдан бері керегіме жарап жүрген балтам жоғалды. Ары іздедім, бері іздедім жоқ. Қора қопсының ішін аударып-төңкеріп, астаң-кестеңін шығара қарадым. Жоқ. Жұмыс күні болған соң қалған «іздестіру» жұмысын жексенбі күнге қалдырдым. Жексенбіге дейін әлі төрт күн бар. «Өз-өзің мығым бол, көршіңді ұры тұтпа» деген тәмсілді ұлық тұтқан қазакеңнің ұрпағы болған соң, дымым ішімде. Үй-жайым жұмыс орныммен іргелес, арасы қарға адым ғана жер....
date20.05.2017readCount5260readmoreТолығырақ
Қатынқұмар шалдың ақыры...
Иә, ол кісі біздің көшенің басында тұратын. Сақалы дөңгелене біткен, қияқ мұртты, қыр мұрынды. Қысқасы, түрі киноға сұранып-ақ тұр. Өзінің "мачо" екенін қу бәле білетін. Әдемі қыз-келіншек көрсе, сумаң етіп сол маңнан табылатын. Не керек, сол шал бір күні өлді. Қайтыс болды, қайтты деп қайырлы өлімге ұқсатқым келмейді. Өлді. Иә, өлді... Қабірге қоятын да сәт келді. Екі баласы шұңқырға түсті. Арулап, екі жағынан екеулеп ұстады. Еңкейіп қабірдің ұяшығына денені қойғалы жатқан. Шыңғырып екеуі де...
date16.05.2017readCount41269readmoreТолығырақ
Намаз оқымаған - сараң
Таң шапағын шаша бастаған кез. Медресе іші. Күнделікті дәрістеріне кіріп, шәкірттер ұстазын күтіп отырған еді. Бір кезде ұстаздары: - Ассалаумағалейкум, шәкірттерім менің! – деп, аз ғана шаршаңқы, бірақ жылы жүзбен кіріп келді.- Уағалейкум салам, ұстаз!- Амансыңдар ма, балалар, денсаулықтарың қалай?- Әлхамдулилла, ұстаз! Бізде бәрі жақсы, – деп, шәкірттер жамыраса жауап берді. Ұстаз бір сәт отырып, тыныққандай болып, шәкірттеріне қарап аз ғана жымиып, былай деді: – Ал, алтыннан...
date10.05.2017readCount5930readmoreТолығырақ
Нәпсіммен аразбын
Бір хакімнен: «Қалыңыз қалай?» - деп сұрағанда ол: «Жаратушы Иеммен татумын, азғын нәпсіммен аразбын, халайықпен ыстық ықыластымын, дүниемен тек зәру жағдайда кездесемін», – деген екен.
date22.04.2017readCount4932readmoreТолығырақ
Нанды да жемеді, сүтті де ішпеді
Бірде Ұлы қолбасшы Халид ибн Уалид дұшпанға қарсы неше күн қиян-кескі ұрыс жүргізіп, шаршап-шалдыққан әскерімен бірге кеш бата қосқа кеп аялдайды. Халид ибн Уалидке сүт пен нан ұсынады. Салқын сүт пен жұмсақ нанды байқаған ұлы қолбасшы: "Күннің мынандай ми қайнатар аптап ыстығында нан қатып, сүт бұлай салқын сақталмауы керек еді. Бұларды қалай сақтадыңдар" - дейді таңданысын жасыра алмай. "Құмды терең етіп қазып, сол жерге көміп қойған едік" - деген жауапты естіген қолбасшы: "Дәл осындай...
date20.04.2017readCount4659readmoreТолығырақ