Намазды қысқартпас едім
Дін дұшпандарымен шайқас қызып жатқан шақ еді. Кеш батып, күн ұясына батқанан соң ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Бүгін күзетке кім тұрады» деді. Мұһажирлер мен ансарлар арасынан екі жігіт шығып: «Уа, Алланың елшісі, біз тұрамыз. Сіздер алаңдамай тынығыңыздар» деді.  Ел тегіс жатқаннан соң, ансарлық жігіт тұрып: Сен біраз көз іліп ал, мен қарай тұрайын, Сосын ауыса жатармыз, деді. Мұһажир бұған келісіп, сойыл-шоқпарларын қасына жатқызып, тынығуға кірісті. Біраздан кейін,...
date24.05.2013readCount4903readmoreТолығырақ
«Иә, үміттімін»
Алқама – жүздеген сахабалардан хадис риуаят еткен табиғин имамы. Ол өз замандастарынан озық болумен қатар өте кішіпейіл де еді. Бір күні біреу Алқамаға қарадай тиісіп, айтпаған сөзі қалмайды. Ол кезең ел ішінде әртүрлі бүлік белең алып, адамдар жазықсыз күйе жағуға, жала жабуға арланбайтын кез еді. Ірі имам өзін сөккен адам сөзін аяқтағанша, үндемей тыңдайды да соңында мына бір аятты оқиды:  «Мүмин ерлер мен әйелдерге жасамаған нәрсені таңып қинағандар, істемеген күнәні айтып...
date21.05.2013readCount4235readmoreТолығырақ
Көзі соқыр, көкірегі ашық...
Бір күні ірі табиғин ғалымы Хасан Басриге бір адам келіп, қызының соқыр болып қалғанын айтады. –  Әй, имам, менің қызым күні-түні Құдайды ойлап көп жылайды. Тіпті қос жанары суалып кетті. Баспаған жерім, бармаған тауым жоқ. Ешкім емдей алмады, – дейді. –  Мені ертіп бар, – деді Хасан Басри, – жолығып көрейін. Екеуі үйге жетеді. Шынымен де қызы су қараңғы соқыр екен, өзі жылап отыр. Хасан Басри мұны көргенде: –  Қызым, неге жылай бересің? Тіпті екі көзіңнен де айырылыпсың...
date20.05.2013readCount5462readmoreТолығырақ
Шайтаннан айла асыру
Бір адам әлдебір жерге біраз қазына тығып қояды. Бірақ уақыт өте келе көмген жерін ұмытып қалады. Шарасы таусылып Имам Ағзамға келіп ақыл сұрайды. Имам Ағзам мұның фиқһ іліміне қатысы жоқ екенін, бірақ қолынан келгенінше көмектесетінін айтады. Сосын «Үйіңе барып таңға дейін намаз оқы, қайда тыққаныңды есіңе түсіруге тырыс», – дейді. Ертеңінде әлгі кісі қуанышы қойнына сыймай имамға келеді. Қазынасын қайда жасырғаны кеше намаз оқи бергенде есіне түскенін айтады. Сонда...
date16.05.2013readCount5408readmoreТолығырақ
Сары май, пісте мен бадам
Әбу Юсуф әңгімелеуде: Әкем дүние салғанда мен әлі бала едім. Өнер үйренсін деп шешем мені әуелі тігіншіге ертіп барды. Мен ол жерді ұнатпай, Имам Ағзамға келдім. Шешем бұған қарсы болып, ұстазыма жолықты. Имам оған: –  Балаңды басқа жаққа әурелеме. Бұл жерде ол сары май, пісте мен бадам жеуді үйренеді, – деді. Сол жолы шешем мені имамға біржолата тапсырды. Бірақ дәрістерге қатысып жүріп, сары май, пісте мен бадамды түсінбедім. Арада көп жылдар өтті. Күндердің күнінде маған төрелік...
date14.05.2013readCount4887readmoreТолығырақ
Жамандықтың үш негізі
Ібіліс өзінің көмекшілерін жинап: «Адам баласы дүниені жақсы көре ме?» деп сұрайды. Олар «Иә» деп жауап қатты. Ібіліс сонда: «Егер дүниені жақсы көрсе, олардың пұтқа табынбауы аса маңызды емес. Онда оларды күндіз-түні осы осал тұсынан азғыру керек. Әсіресе мына үш нәрсеге итермелеген жөн: 1. Харам жолмен ақша табуға; 2. Тапқан ақшасын харам істерге шашуға; 3. Қажетті әрі сауапты орындарға жұмсатпауға. Өйткені, барлық жамандықтың негізі осы үшеуінде жатыр», – деді. 
date08.05.2013readCount8093readmoreТолығырақ
Байдалы би: Құдайдың өзіне-ақ борышты болайын
Атағы елге көп тараған Байдалы шешен қартайған шағында кедейлік басып, жұтаң өмір сүріпті. Бір жылы құрбан шалатын малы болмай, үйінде отырып қалыпты. Дөңмұрын деген сол ауылдың молдасы: – Биім-ау, мұның қалай? Өзіңде болмаса, бай ағайының бар, малды балаң бар. Солардан бір мал алып, неге құрбан шалмадыңыз? Мұныңыз ұят болды ғой, – деп Байдалыға ақыл үйреткен екен. Сонда Байдалы былай депті: – «Сөйлемесе, сөздің атасы өледі» деген бар. Айтпаса, естімейтін саңырау бар. Ашпаса,...
date08.05.2013readCount6870readmoreТолығырақ
Ысырап
Тақуа кісілерден ысырапқа қатты көңіл бөлетін Хатими Әсам деген кісі бар еді. Өзімен замандас бір ғалымның тым ысырапшыл екенін естігенде, арнайы іздеп барады. Кездескен бойы: «Дінді үйренсем деп едім, маған ұстаз бол», – деп қолқа салады. Әлгі ғалым: «Алдымен не үйренгің келеді?» – деп сұрайды. Хатими Әсам: «Алдымен маған дәрет алуды үйрет», – дейді. Бұны мақұл көрген ғалым баппен дәрет алып, әр мүшесін үш реттен жуып шығады. Бәрін бақылап отырған Хатими Әсам оған:...
date02.05.2013readCount6379readmoreТолығырақ
Дұға қабыл болу үшін...
Фәдала ибн Үбәйд (р.а.) әңгімелеуде: «Аллаһ расулы (с.а.с.) мешітте отыр еді. Бір адам келді де, намаз оқыды. Бітіргеннен кейін былай деп дұға етті: –  Я, Аллаһ, мені кешір, маған мейірімді бола гөр! Мұны бақылап отырған Аллаһ елшісі (с.а.с.): –  Сен асықпа. Намазыңды бітіргеннен кейін алдымен жақсылап Аллаһқа мадақ айт, одан кейін маған салауат айт, содан кейін барып тілек тіле, – деді. Біраздан кейін мешітке тағы бір адам кірді. Намазын бітіргеннен кейін Аллаһқа мадақ айтты,...
date26.04.2013readCount11104readmoreТолығырақ
Үш «әмин»
Кағб ибн Ужра (р.а.) әңгімелеуде: «Бір күні Аллаһ елшісі мінберге бір саты жоғары көтерілгенде «Әмин» деді. Екінші басқанда тағы да «Әмин» деді. Үшіншіде тағы айтты. Мінберден түскеннен кейін: –  Уа, Аллаһтың елшісі, бүгін сізден бұған дейін көрмеген қимыл көрдік. Не екенін түсіндірмес пе екенсіз? – дедім. Сонда ол: –  Жәбірейіл періште келіп: «Рамазанға жете тұра (ораза ұстап) күнәдан тазармаған адам оңбасын», – деді. Мен «Әмин» дедім. Екінші сатыға...
date26.04.2013readCount6755readmoreТолығырақ