Ақыретті ойласам...
Мұхаммед ибн Мүнкәдир хадис имамдарына барып біліміне жүгінетін, өз ғасырымен қоса кейінгі ғасырларға да аты аңыз боп жеткен ғалым кісі еді. Аллаһтан қорқатыны соншалық – үнемі жылайтын. Бала кезінен оның осындай тақуа екенін білетін анасы: «Әй, балам-ай, егер сенің ес кіргеннен бері осындай екеніңді білмегенімде, сірә, бір күнә жасады ма екен деп ойлап қалар едім. Көзіңнің жасы неге тыйылмайды?» – дейтін. Ал Мұхаммед ибн Мүнкәдирдің ойынша, көңіл босатар нәрсе аз емес еді....
date25.06.2013readCount5624readmoreТолығырақ
Зәру кездегі бір дирхамның құны
Хасан Басри (р.а.) әңгімелеуде: «Бірде бір кісі Османға (р.а.) келіп: «Ей, дәулеттілер! Садақа үлестіру, құлдарды бостандыққа шығару, қажылыққа бару, дін жолында көмек жасауда сауаптың бәрі сендерден артылмайтын болды», – деп мұңайды. Осман (р.а.): «Сендер бұған қызыға қарайсыңдар ғой, түсінгенім?» – деп сұрады. Әлгі кісі басын изеді. Сонда Осман (р.а.): «Құдай ақы, адамның өзі зәру бола тұра, Аллаһ жолында жұмсаған бір дирхамы бай-бақуатты, молшылық заманда берген адамның...
date22.06.2013readCount4353readmoreТолығырақ
«Қызды ұзатуға асық»
Нақшыбенди шах қызы бойжетті-ау дегенде оны ертіп, медресеге кеп, шәкірттер арасынан күйеу бала таңдады. Біршама сынай қарап, көңілі толған жігітті тапқанда:  «Қызым бойжетті. Ендігі уақытта бір күн де ұстамағанды абзал көрем. Шәкірттерімнің арасынан таңды құлшылықпен атырған тек сені көріп тұрмын, сондықтан қызымды саған лайық көрдім», – деп, Алауддин Аттарға некелеген екен.      
date19.06.2013readCount6681readmoreТолығырақ
Сабырдың шыңы
Жан-тәнімен құлшылыққа берілген нәзік жан иесі Рабиға Адауия үшін оразаның орны ерекше еді. Жиі-жиі нәпіл ораза ұстайтын. Бір жолы үйінен тіске басар ештеңе таппай, қатарынан сегіз күн бойы ораза ұстады. Аштық қатты есеңгіретіп, көзі қарауытқанда «Апыр-ай, өзімді қолдан қауіпке итермелеп жатқам жоқ па?» деген ой келді. Осы мезет есік қағылып, көршісі бір табақ сорпа әкеліп береді. Үй іші қараңғы болғандықтан, тамақты жерге қойып, майшамды әкелуге кеткенде, тамақты мысық төгіп...
date19.06.2013readCount5593readmoreТолығырақ
Ләззат тұнған мекен
Бірде бір кісі: –  Уа, Расулаллаһ! Осы өмірдегі адамға ұнайтын ләззатты нәрсенің бірі ұйқы екені белгілі. Ал о дүниеде ұйқы бола ма? – деп сауал тастайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) байсалды үнмен: –  Естеріңде болсын, ұйқы – өлімнің бір түрі, ал жұмақта өлім болмайды, – деп жауап береді. Жаңағы кісі: –  Ал адамдардың көздері талса, қалай дем алады? – дейді тағы да. –  Ол жерде шаршау деген атымен болмайды. Олардың әр ісі ләззатқа кенелтеді, – деді де мына аятты...
date15.06.2013readCount5624readmoreТолығырақ
Бағаңызды біліңіз
Ғұлама кісі бір жолғы кеңесін отырғандарға 50 долларлық ақша көрсетумен бастапты. Екі жүзге жуық тыңдаушыға: – Мына ақша кімге керек? – деп сұрақ қойыпты. Әр жерден қолдар көтеріле бастайды. Ойшыл кісі: – Ақшаны қол көтергендердің біреуіне берерім анық. Алайда мен бұл ақшаны берместен бұрын былай істесем ше? – дейді. Сөйтеді де ақшаны бүктеп мыжады. – Ақшаны әлі де алғысы келіп тұрған адам бар ма? – деп қайта сұрайды. Қолдар қайта көтеріледі. Ойшыл кісі: – Ал бұл ақшаны...
date13.06.2013readCount6291readmoreТолығырақ
Кәпірлердің жұмағы, мүминдердің зынданы
Имам Ағзам бір күні үстіне сәнді, сыйлы киім киіп, атын алтынмен әбзелдеп, патшаларға тән салтанатпен көшеге шығады. Сайда қоқыс теріп жүрген бір христиан оны көре салып тұра ұмтылады. Атының шылбырына жармасып тоқтатады да: –  Уа, имам, бір ауыз сұрағым  бар, жауабын бере кет, – дейді. Имам атының басын тежегенде, христиан сұрағын қояды: –  Сендердің пайғамбарларың «Дүние – кәпірлердің жұмағы, мүминдердің зынданы» демеп пе еді? –  Иә. –  Енді өзің айтшы,...
date11.06.2013readCount5504readmoreТолығырақ
Сәлемдессек болды
Бірде Тұфайл ибн Әбу ибн Кағб (р.а.) өзімен бірге базарға барғысы келген Абдуллаһ ибн Омарға (р.а.): –  Сіз базарға не үшін бармақсыз? Бір нәрсе сатып алатын, не бір нәрсе сатайын деген түріңіз байқалмайды. Одан да келіңіз, мына бір жерге отырып, біраз әңгіме-дүкен құрайық, – дейді. Сонда сүннет амалдарды істеуге құмар Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) оған: –  Біз кейде үйден тек сәлемдесу үшін шығамыз. Кездескен кісілермен амандасып, есен-саулықтарын сұрасып қайтсақ болғаны, – деп...
date07.06.2013readCount4730readmoreТолығырақ
Туфәйлдің мұсылман болуы
Туфәйл ибн Амр «Аус» қауымының ең сыйлы адамы еді. Бір күні Мекке қаласына жолы түседі. Ол кезде Меккеде мұсылмандар мен пұтқа табынушылар арасындағы алауыздық өршіп тұрған. Туфәйл Меккеге кірер-кірмес мүшріктер қаумалап: «Ей, Туфәйл, Меккеге қош келдің! Бұндағы жағдай мынау: өзін пайғамбармын деп жариялаған құрайыштық Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бізді ауыр хәлге душар етіп отыр. Арамызға іріткі салып, сүттей ұйып отырған шырқымызды бұзды. Сөзін тыңдағандар қалай...
date07.06.2013readCount3634readmoreТолығырақ
Бір мысал
Ертеректе Куфа жерінде халықтың отқа табынуы кеңінен етек алды. Әбу Ханифа заманында да мәжусилер (отқа табынушылар) көптеп кездесетін. Бір күні солардың бір тобы Әбу Ханифаға келіп: –  Көзіңмен көрмеген Жаратушыға қалай табынасың? – деп сұрақ қояды. Имам Ағзам оларға мысал бергенді жөн көрді:  –  Қазына тиеп алып, ештеңеге соқтықпай өз бағытымен жүзіп бара жатқан кемені иесіз дей аласыз ба? Ой көзімен көре білген адамға мына жер мен жұлдыздар да ғарыш кеңістігінде...
date04.06.2013readCount6155readmoreТолығырақ