Аманат
Хайбар бекінісін мұсылмандар бағындырған күні бір отар малын айдаған малшы Мұхаммед пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп жолықты. -          Уа, Алланың елшісі, мен де мұсылман болғым келеді. Қаласаңыз, мына қойлардың бәрін мұсылман әскерлерге таратып берейін. Екеуара мынадай әңгіме жүрді. Алла елшісі (с.а.с.): -          Исламды қабылдау ниетің оң екен. Онда сені өзімізге бауыр деп білеміз. Алайда, бұл қойлар кімдікі? -         ...
date08.04.2013readCount4851readmoreТолығырақ
Анама дұға жасаңызшы...
Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) бір күні: «Я, Расулаллаһ, менің анам – жақындары мен бала- шағасына өте мейірімді жан. Сондай ізгі жанға имандылықты насихаттап, шарапатты дұғаңызды арнаңызшы. Бәлкім, Аллаһ анама рақым етіп, жаһаннам азабынан сақтар», – деп қиыла өтініш жасады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің адал досы, үңгірде жанынан табылған жолдасы, мұңдас әрі сырласы Әбу Бәкірдің өтінішін орындап, анасына дұға жасады. Іздеп барып насихат та айтты. Көп өтпей Үммі Хайыр да мұсылман болды,...
date04.04.2013readCount7522readmoreТолығырақ
Ең игілікті іс
Бірде Құрайыштармен келісімшарт жасау мақсатымен Меккеге бір топ адам келді. Араларында Ияс ибн Муаз секілді бірнеше жастар да бар еді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларды Ислам дініне шақыру үшін қастарына барып, жайлап әңгімеге тартты: –  Сіздер өздеріңіз ойлап келген істен де игілігі мен сауабы мол іске қалай қарайсыздар? –  Ол қандай іс? –  Мен пайғамбармын. Аллаһ мені пұттардан бас тартқызып, бір Өзіне ғана құлшылық қылуға шақыруым үшін адамзатқа елші етіп жіберді. Қасиетті...
date04.04.2013readCount4944readmoreТолығырақ
Тақуалық
Ансарлар арасынан бір жігіт Құдайдан қатты қорқатын. Бара-бара үйінен де шыға алмайтын жағдайға жетті. Аллаһ расулы (с.а.с.) ол туралы естігенде, іздеп үйіне барады. Босағадан енді кіре бергенде, жігіт ұшып тұрып Пайғамбарымызды (с.а.с.) қатты құшақтай алады. Сәлден кейін жұрт оның сылқ етіп жерге құлағанын көреді. Жігіт сол мезет жан тапсырған екен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) көзіне жас алып, еріндері дір-дір етіп: «Құдайдан қатты қорыққаны соншалық – бұл жігіттің өті жарылып кетті....
date01.04.2013readCount5574readmoreТолығырақ
Күнәсі кешіріледі
Әмір әл-Ләйси әңгімелеуде: «Уәсила ибн әл-Әсқамен әңгімелесіп тұрған кезімізде жанымызға бір пақыр келді. Уәсила бір үзім нан мен ақшаны әлгі пақырға өз қолымен апарып берді. Мен: «Әй, Әбул-Әсқа! Отбасыңда садақаны апарып беретін басқа адам жоқ па еді? Неге өзің апарып бердің?» – дедім. Сол кезде ол: «Бар, бірақ кімде-кім бір нәрсені пақырға өз қолымен апарып берсе, әрбір басқан қадамы үшін бір күнәсі кешіріледі. Ал садақаны қолына ұстатқан сәттен бастап жүрген әр қадамы үшін...
date29.03.2013readCount5543readmoreТолығырақ
«Кімде-кім бауырының  айыбын жапса...»
Бірде Әбүл-Хайсам: –  Менің кей көршілерім арақ ішеді. Осыларды ұстап беріп, бір жазалатсам ба екен? – дейді. Ұқба ибн Амр: –  Қой, олай жасағаның жөн болмас. Одан да оларға насихат айт, – деп ойын білдіреді. –  Қайдан, мені тыңдар емес. Әй, жазалатқан дұрыс-ау... – дейді көршісінің әбес қылығынан жапа шегуші. –  Жоқ, ондайға бармағаның абзал, өйткені мен Аллаһ елшісінің «Кімде-кім бауырының  айыбын жапса, тірідей топыраққа көмілген қыз баланы аман алып...
date27.03.2013readCount5217readmoreТолығырақ
Бала да болса...
Мәлік ибн Динар кетіп бара жатып құмда ойнап жүрген баланы көрді. Бір қызығы, бала біресе күледі, артынша қайтып жылайды. Балаға сәлем берейін деп бұрыла берді де, кілт тоқтай қалды. «Кішкентай балаға барып сәлем бергені несі» деген ой келеді. Артынша ол ойдың нәпсіден келгенін аңғарып, әдейі барып балаға сәлем берді. Бала: «Уағалейкумассалам, Мәлік аға», – дейді. Мәлік өз атын білгеніне таңданды. –  Иә, балақай, мені қайдан танисың? –  Рухтар әлемінде кездескенде,...
date25.03.2013readCount5883readmoreТолығырақ
Біреуі көріпті
Әбу Ханифа заманында шық бермес шығайбайшылығымен елге танылған бір адам бар еді. Ол кісі қазынасын ауыл сыртына көмеді. Бір күні тыққан жеріне барса, әлдекімдер қазынаны алып кетіпті. Сараң қара аспанды төндіріп, жұртты шулатады. Ұрыны таппай қоймауға бекініп, ақыл сұрап Имам Ағзамға келеді. Имам Ағзам қазынаны тыққан жерге ертіп апаруын сұрайды. Имам ол жерге кімнің келіп-кететінін білмек еді. Ертеңінде қазына көмілген маңайдан бір топ адам саңырауқұлақ теріп жүр екен. Жандарына...
date19.03.2013readCount4989readmoreТолығырақ
Шыншыл бала
Абдулқадыр Гейлани бала кезінде білім іздеп Бағдатқа жол тартпақ болады. Ұлының шапанының астарына ақша тігіп беріп жатып шешесі: «Балам, ешқашан өтірік айтушы болма», – деп өсиет айтады. Осылайша болашақ ғұлама керуенге ілесіп жолға шығады. Бір күні күтпеген жерден қарақшылар кезігіп, керуендегілерді қорқытып, дүние-мүліктерін тартып алады. Бір уақытта қарақшылардың бірі: –  Әй, бала, сенде не бар? – деп ақырып қалады. –  Қырық алтыным бар, – дейді бала. – ...
date15.03.2013readCount6971readmoreТолығырақ
Не істер едіңіз?
Бірде Имам Ағзамның шәкірттерінің бірі Абдуллаһ ибн Мүбәракқа: "Егер Аллаһ тағала бүгін түнгі намаздан кейін өлетініңізді білдірсе, сол уақытқа дейін не істер едіңіз?" – деп сұрақ қойылғанда, ол ойланбастан: –  Іліммен шұғылданар едім, – деп жауап берген екен.
date12.03.2013readCount5299readmoreТолығырақ