Сары май, пісте мен бадам
Әбу Юсуф әңгімелеуде: Әкем дүние салғанда мен әлі бала едім. Өнер үйренсін деп шешем мені әуелі тігіншіге ертіп барды. Мен ол жерді ұнатпай, Имам Ағзамға келдім. Шешем бұған қарсы болып, ұстазыма жолықты. Имам оған: –  Балаңды басқа жаққа әурелеме. Бұл жерде ол сары май, пісте мен бадам жеуді үйренеді, – деді. Сол жолы шешем мені имамға біржолата тапсырды. Бірақ дәрістерге қатысып жүріп, сары май, пісте мен бадамды түсінбедім. Арада көп жылдар өтті. Күндердің күнінде маған төрелік...
date14.05.2013readCount5032readmoreТолығырақ
Жамандықтың үш негізі
Ібіліс өзінің көмекшілерін жинап: «Адам баласы дүниені жақсы көре ме?» деп сұрайды. Олар «Иә» деп жауап қатты. Ібіліс сонда: «Егер дүниені жақсы көрсе, олардың пұтқа табынбауы аса маңызды емес. Онда оларды күндіз-түні осы осал тұсынан азғыру керек. Әсіресе мына үш нәрсеге итермелеген жөн: 1. Харам жолмен ақша табуға; 2. Тапқан ақшасын харам істерге шашуға; 3. Қажетті әрі сауапты орындарға жұмсатпауға. Өйткені, барлық жамандықтың негізі осы үшеуінде жатыр», – деді. 
date08.05.2013readCount8202readmoreТолығырақ
Байдалы би: Құдайдың өзіне-ақ борышты болайын
Атағы елге көп тараған Байдалы шешен қартайған шағында кедейлік басып, жұтаң өмір сүріпті. Бір жылы құрбан шалатын малы болмай, үйінде отырып қалыпты. Дөңмұрын деген сол ауылдың молдасы: – Биім-ау, мұның қалай? Өзіңде болмаса, бай ағайының бар, малды балаң бар. Солардан бір мал алып, неге құрбан шалмадыңыз? Мұныңыз ұят болды ғой, – деп Байдалыға ақыл үйреткен екен. Сонда Байдалы былай депті: – «Сөйлемесе, сөздің атасы өледі» деген бар. Айтпаса, естімейтін саңырау бар. Ашпаса,...
date08.05.2013readCount7137readmoreТолығырақ
Ысырап
Тақуа кісілерден ысырапқа қатты көңіл бөлетін Хатими Әсам деген кісі бар еді. Өзімен замандас бір ғалымның тым ысырапшыл екенін естігенде, арнайы іздеп барады. Кездескен бойы: «Дінді үйренсем деп едім, маған ұстаз бол», – деп қолқа салады. Әлгі ғалым: «Алдымен не үйренгің келеді?» – деп сұрайды. Хатими Әсам: «Алдымен маған дәрет алуды үйрет», – дейді. Бұны мақұл көрген ғалым баппен дәрет алып, әр мүшесін үш реттен жуып шығады. Бәрін бақылап отырған Хатими Әсам оған:...
date02.05.2013readCount6510readmoreТолығырақ
Дұға қабыл болу үшін...
Фәдала ибн Үбәйд (р.а.) әңгімелеуде: «Аллаһ расулы (с.а.с.) мешітте отыр еді. Бір адам келді де, намаз оқыды. Бітіргеннен кейін былай деп дұға етті: –  Я, Аллаһ, мені кешір, маған мейірімді бола гөр! Мұны бақылап отырған Аллаһ елшісі (с.а.с.): –  Сен асықпа. Намазыңды бітіргеннен кейін алдымен жақсылап Аллаһқа мадақ айт, одан кейін маған салауат айт, содан кейін барып тілек тіле, – деді. Біраздан кейін мешітке тағы бір адам кірді. Намазын бітіргеннен кейін Аллаһқа мадақ айтты,...
date26.04.2013readCount11236readmoreТолығырақ
Үш «әмин»
Кағб ибн Ужра (р.а.) әңгімелеуде: «Бір күні Аллаһ елшісі мінберге бір саты жоғары көтерілгенде «Әмин» деді. Екінші басқанда тағы да «Әмин» деді. Үшіншіде тағы айтты. Мінберден түскеннен кейін: –  Уа, Аллаһтың елшісі, бүгін сізден бұған дейін көрмеген қимыл көрдік. Не екенін түсіндірмес пе екенсіз? – дедім. Сонда ол: –  Жәбірейіл періште келіп: «Рамазанға жете тұра (ораза ұстап) күнәдан тазармаған адам оңбасын», – деді. Мен «Әмин» дедім. Екінші сатыға...
date26.04.2013readCount6894readmoreТолығырақ
Әбу Бәкірдің мұсылман болуы
 Айша (р.а.) былай дейді: «Бір күні әкем үйден шықты. Расулуллаһқа кеткендігі белгілі еді. Олар бұрыннан бір-бірімен сырлас достар болатын, бір-бірін жақын танитын. Әбу Бәкір жолдасына: «Әбулқасым, қауымыңның жиынына қатыспайтын болдың, сенің жоқтығың әрқашан байқалып жүр. Халық сені «өткенімізді айыптайды» деп кінәлауда» деді. Расулуллаһ: «Мен Аллаһтың расулымын. Сені Аллаһқа шақырамын» деді. Аллаһ расулының осы сөзінен кейін Әбу Бәкір (р.а.) дереу мұсылмандықты...
date22.04.2013readCount5199readmoreТолығырақ
Қолы жабысып қалған ұры
Ертеде пайғамбарлардың біреуі қол жиып, соғысқа сайланады. Айналасындағы мүминдерді жинап: –  Ертең жорыққа аттанамыз, егер араларыңда жаңа үйленген, құрылыс бастап аяқтамаған, қорасында буаз малы болғандар болса әскер құрамына алынбасын, – дейді. Пайғамбардың атағандарынан тыс қалғандары сақадай-сай боп сапқа тұрды. Ертеңінде бес қаруын сайлап қалың қол жорыққа аттанды. Қан майданда шайқас болып, мүміндер дұшпандарын ойсырата жеңеді. Жау қолындағы қала алынғаннан кейін...
date17.04.2013readCount5270readmoreТолығырақ
Сақтық
Әбу Ханифа харамға барынша сақ еді. Егер бір нәрседен шүбәланса, қолындағы бар дүниесін дереу садақаға таратып жіберетін. Бірде серіктесі Хафыс ибн Абдуррахманға заттарын беріп, сатуға жібереді. Заттарының арасында бір киімде ақау бар  екенін ескертіп, осы киімді сатқанда, кемістігін айтуын тапсырады. Серіктесі киімдерді сатуын сатқанмен, әлгі киім жайлы ескертпені ұмытып кетеді. Алған адамның кім екені де есінде қалмайды. Әбу Ханифа бұны естігенде, сол заттардан түскен ...
date12.04.2013readCount4653readmoreТолығырақ
Ұлымның үйренгенін аз деме
Ұлы Хаммад «Фатиха» сүресін үйренгенде, Имам Ағзам ұстазына бес жүз күміс ақша жібереді. Ұстазы бұған таң қалып: –  Мұншалықты ақша алатындай мен не істедім? – дегенде, – Ұлымның үйренгенін аз деме. Аллаһқа ант етейін, егер тағы да ақшам болса, Құранға құрмет ретінде ойланбастан саған жіберер едім, – дейді.
date09.04.2013readCount5416readmoreТолығырақ