Адам өзінің жақсы екенін қалай біледі?
Айша анамызға (р.а.) бір кісі келіп: «Адам өзінің жақсы екенін қалай біледі?» – деп сұрағанда, «Өзін ең жаман адаммын деп қабылдағанында» деген жауап естиді. «Ал өзінің жаман екенін қалай біледі?» – деп сұрағанда, «Өзін ең жақсы адам санағанында» деген жауап естиді.  
date17.07.2013readCount9610readmoreТолығырақ
Құран жолындағылар қандай болуы керек?
Ибн Мәсғуд (р.а.) айтқан екен: – Құран жолын ұстанғандар түнде жұрт ұйықтап жатқанда – ояу болуы, күндіз жұрт жеп-ішкенде – ораза ұстауы, олар көңіл көтеріп жатқанда – ой құшағында болуы, басқалар кеуде соққанда – қарапайымдылық танытуы керек. Құран жолындағылар көкірегі мұңды, көзі жасқа толы болуы керек. Хикмет, ілім, даналықты бойына сіңіруі ләзім. Олар аз сөйлейді. Ғапылдық, сабырсыздық оларға тән емес. 
date16.07.2013readCount5475readmoreТолығырақ
Шегенің ізі
Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: «Маңайыңдағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір-бір шегеден қағып отыр», – деп табыстапты. Алғашқы күні-ақ баласы тақтайға көп шеге қағып тастапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді сол...
date12.07.2013readCount12079readmoreТолығырақ
Жасамаса да жасағандай сауап...
Бір кісі қатты ашығып келе жатып, құм төбешікке кезігіпті. Сол сәт төбеге қарап тұрып өз-өзіне «Шіркін, осы төбе үйіліп жатқан жейтін нәрсе болғанда ғой, бәрін мұң мұқтаждарға таратып шығар едім» деді. Осы кезде Алла тағала сол кездің пайғамбарына былай деп уахи етті: «Әлгі пендеме бар да былай де: «Алла тағала сенің садақаңды қабыл алды. Ізгі ниетіңе разылық танытуда. Сол істі жасамасаң да жасағандай сауап жазды». 
date08.07.2013readCount5947readmoreТолығырақ
Пұтқа табынушылық
Бір күні мүминдер мүшріктерден: «Жер мен көкті және сендерді кім жаратты?» – деп сұрады. Мүшріктер «Аллаһ» деп жауап берді. –  Онда неліктен меңіреу пұттарға табынасыңдар? –  Пұттарға бізді Аллаһқа жақындатсын деп табынамыз. Біз оларға ғибадат етсек, олар біз үшін Аллаһтан шапағат тілейді. Осыдан кейін мына аят түсті: «Кітаптың уахимен жеке-жеке түсуі Азиз әрі Хаким Аллаһтан. Біз саған кітапты нағыз ақиқат ретінде түсірдік. Олай болса, сен де бір ғана Аллаһқа...
date06.07.2013readCount7399readmoreТолығырақ
«Қолы ұзын адам»
Айша анамыз (р.а.) әңгімелеуде: Аллаһ Расулы (с.а.с.) бақиға аттанбай тұрып өз жарларына: «Маған алдымен қолы ұзын болғаның қауышасың», – деп кеткендіктен, кейде қолдарымызды қабырғаға қойып, бір-бірімізбен салыстыратынбыз. Аллаһ Елшісінің «қолы ұзын» дегені көп садақа берушіні меңзегендігін кейін түсіндік. Зейнеп қайтыс болғанда барып, бұл әдетімізді тоқтаттық. Зейнеп аласа бойлы еді. Өзі ісмер әйел болатын. Тері илеп, түрлі киімдер тігетін. Тапқанынан көп садақа...
date02.07.2013readCount5856readmoreТолығырақ
Ақыретті ойласам...
Мұхаммед ибн Мүнкәдир хадис имамдарына барып біліміне жүгінетін, өз ғасырымен қоса кейінгі ғасырларға да аты аңыз боп жеткен ғалым кісі еді. Аллаһтан қорқатыны соншалық – үнемі жылайтын. Бала кезінен оның осындай тақуа екенін білетін анасы: «Әй, балам-ай, егер сенің ес кіргеннен бері осындай екеніңді білмегенімде, сірә, бір күнә жасады ма екен деп ойлап қалар едім. Көзіңнің жасы неге тыйылмайды?» – дейтін. Ал Мұхаммед ибн Мүнкәдирдің ойынша, көңіл босатар нәрсе аз емес еді....
date25.06.2013readCount5720readmoreТолығырақ
Зәру кездегі бір дирхамның құны
Хасан Басри (р.а.) әңгімелеуде: «Бірде бір кісі Османға (р.а.) келіп: «Ей, дәулеттілер! Садақа үлестіру, құлдарды бостандыққа шығару, қажылыққа бару, дін жолында көмек жасауда сауаптың бәрі сендерден артылмайтын болды», – деп мұңайды. Осман (р.а.): «Сендер бұған қызыға қарайсыңдар ғой, түсінгенім?» – деп сұрады. Әлгі кісі басын изеді. Сонда Осман (р.а.): «Құдай ақы, адамның өзі зәру бола тұра, Аллаһ жолында жұмсаған бір дирхамы бай-бақуатты, молшылық заманда берген адамның...
date22.06.2013readCount4450readmoreТолығырақ
«Қызды ұзатуға асық»
Нақшыбенди шах қызы бойжетті-ау дегенде оны ертіп, медресеге кеп, шәкірттер арасынан күйеу бала таңдады. Біршама сынай қарап, көңілі толған жігітті тапқанда:  «Қызым бойжетті. Ендігі уақытта бір күн де ұстамағанды абзал көрем. Шәкірттерімнің арасынан таңды құлшылықпен атырған тек сені көріп тұрмын, сондықтан қызымды саған лайық көрдім», – деп, Алауддин Аттарға некелеген екен.      
date19.06.2013readCount6822readmoreТолығырақ
Сабырдың шыңы
Жан-тәнімен құлшылыққа берілген нәзік жан иесі Рабиға Адауия үшін оразаның орны ерекше еді. Жиі-жиі нәпіл ораза ұстайтын. Бір жолы үйінен тіске басар ештеңе таппай, қатарынан сегіз күн бойы ораза ұстады. Аштық қатты есеңгіретіп, көзі қарауытқанда «Апыр-ай, өзімді қолдан қауіпке итермелеп жатқам жоқ па?» деген ой келді. Осы мезет есік қағылып, көршісі бір табақ сорпа әкеліп береді. Үй іші қараңғы болғандықтан, тамақты жерге қойып, майшамды әкелуге кеткенде, тамақты мысық төгіп...
date19.06.2013readCount5714readmoreТолығырақ