Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті.
Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: «Маңайыңдағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір-бір шегеден қағып отыр», – деп табыстапты.
Алғашқы күні-ақ баласы тақтайға көп шеге қағып тастапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді сол...
Бір кісі қатты ашығып келе жатып, құм төбешікке кезігіпті. Сол сәт төбеге қарап тұрып өз-өзіне «Шіркін, осы төбе үйіліп жатқан жейтін нәрсе болғанда ғой, бәрін мұң мұқтаждарға таратып шығар едім» деді. Осы кезде Алла тағала сол кездің пайғамбарына былай деп уахи етті: «Әлгі пендеме бар да былай де: «Алла тағала сенің садақаңды қабыл алды. Ізгі ниетіңе разылық танытуда. Сол істі жасамасаң да жасағандай сауап жазды».
Бір күні мүминдер мүшріктерден: «Жер мен көкті және сендерді кім жаратты?» – деп сұрады. Мүшріктер «Аллаһ» деп жауап берді.
– Онда неліктен меңіреу пұттарға табынасыңдар?
– Пұттарға бізді Аллаһқа жақындатсын деп табынамыз. Біз оларға ғибадат етсек, олар біз үшін Аллаһтан шапағат тілейді.
Осыдан кейін мына аят түсті:
«Кітаптың уахимен жеке-жеке түсуі Азиз әрі Хаким Аллаһтан. Біз саған кітапты нағыз ақиқат ретінде түсірдік. Олай болса, сен де бір ғана Аллаһқа...
Айша анамыз (р.а.) әңгімелеуде:
Аллаһ Расулы (с.а.с.) бақиға аттанбай тұрып өз жарларына: «Маған алдымен қолы ұзын болғаның қауышасың», – деп кеткендіктен, кейде қолдарымызды қабырғаға қойып, бір-бірімізбен салыстыратынбыз. Аллаһ Елшісінің «қолы ұзын» дегені көп садақа берушіні меңзегендігін кейін түсіндік. Зейнеп қайтыс болғанда барып, бұл әдетімізді тоқтаттық. Зейнеп аласа бойлы еді. Өзі ісмер әйел болатын. Тері илеп, түрлі киімдер тігетін. Тапқанынан көп садақа...
Мұхаммед ибн Мүнкәдир хадис имамдарына барып біліміне жүгінетін, өз ғасырымен қоса кейінгі ғасырларға да аты аңыз боп жеткен ғалым кісі еді. Аллаһтан қорқатыны соншалық – үнемі жылайтын. Бала кезінен оның осындай тақуа екенін білетін анасы: «Әй, балам-ай, егер сенің ес кіргеннен бері осындай екеніңді білмегенімде, сірә, бір күнә жасады ма екен деп ойлап қалар едім. Көзіңнің жасы неге тыйылмайды?» – дейтін. Ал Мұхаммед ибн Мүнкәдирдің ойынша, көңіл босатар нәрсе аз емес еді....
Хасан Басри (р.а.) әңгімелеуде:
«Бірде бір кісі Османға (р.а.) келіп: «Ей, дәулеттілер! Садақа үлестіру, құлдарды бостандыққа шығару, қажылыққа бару, дін жолында көмек жасауда сауаптың бәрі сендерден артылмайтын болды», – деп мұңайды.
Осман (р.а.): «Сендер бұған қызыға қарайсыңдар ғой, түсінгенім?» – деп сұрады. Әлгі кісі басын изеді. Сонда Осман (р.а.): «Құдай ақы, адамның өзі зәру бола тұра, Аллаһ жолында жұмсаған бір дирхамы бай-бақуатты, молшылық заманда берген адамның...
Нақшыбенди шах қызы бойжетті-ау дегенде оны ертіп, медресеге кеп, шәкірттер арасынан күйеу бала таңдады. Біршама сынай қарап, көңілі толған жігітті тапқанда:
«Қызым бойжетті. Ендігі уақытта бір күн де ұстамағанды абзал көрем. Шәкірттерімнің арасынан таңды құлшылықпен атырған тек сені көріп тұрмын, сондықтан қызымды саған лайық көрдім», – деп, Алауддин Аттарға некелеген екен.
Жан-тәнімен құлшылыққа берілген нәзік жан иесі Рабиға Адауия үшін оразаның орны ерекше еді. Жиі-жиі нәпіл ораза ұстайтын. Бір жолы үйінен тіске басар ештеңе таппай, қатарынан сегіз күн бойы ораза ұстады. Аштық қатты есеңгіретіп, көзі қарауытқанда «Апыр-ай, өзімді қолдан қауіпке итермелеп жатқам жоқ па?» деген ой келді. Осы мезет есік қағылып, көршісі бір табақ сорпа әкеліп береді. Үй іші қараңғы болғандықтан, тамақты жерге қойып, майшамды әкелуге кеткенде, тамақты мысық төгіп...
Бірде бір кісі:
– Уа, Расулаллаһ! Осы өмірдегі адамға ұнайтын ләззатты нәрсенің бірі ұйқы екені белгілі. Ал о дүниеде ұйқы бола ма? – деп сауал тастайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) байсалды үнмен:
– Естеріңде болсын, ұйқы – өлімнің бір түрі, ал жұмақта өлім болмайды, – деп жауап береді. Жаңағы кісі:
– Ал адамдардың көздері талса, қалай дем алады? – дейді тағы да.
– Ол жерде шаршау деген атымен болмайды. Олардың әр ісі ләззатқа кенелтеді, – деді де мына аятты...
Ғұлама кісі бір жолғы кеңесін отырғандарға 50 долларлық ақша көрсетумен бастапты. Екі жүзге жуық тыңдаушыға: – Мына ақша кімге керек? – деп сұрақ қойыпты. Әр жерден қолдар көтеріле бастайды.
Ойшыл кісі: – Ақшаны қол көтергендердің біреуіне берерім анық. Алайда мен бұл ақшаны берместен бұрын былай істесем ше? – дейді. Сөйтеді де ақшаны бүктеп мыжады. – Ақшаны әлі де алғысы келіп тұрған адам бар ма? – деп қайта сұрайды. Қолдар қайта көтеріледі. Ойшыл кісі: – Ал бұл ақшаны...
319312311305301298295294291290