Ғибадат үшін ілім керек
Бір күні Әбу Ханифа таң намазынан кейін көптеген мәселелерге пәтуа береді. Көпшіліктің ішінде отырған біреу имамның бұнысын аса жақтырмай: –  Уа, имам, таң мезгілінде одан да Аллаһты зікір еткеніміз дұрысырақ емес пе еді? – дейді. Сонда имам оған: –  Әр нәрсенің адал, арамын білдіруден артық іс бар ма? Жолға азық алмай шыққан адам қанша жүреді, әйтеуір бір ашықпай ма? Сондықтан құлшылық үшін де адам ілімін арттырып отыруы керек, – деп түсіндіреді.
date05.08.2013readCount5197readmoreТолығырақ
Әбу Ханифа намазы
Бәкір әл-Абид әңгімелеуде: «Әбу Ханифаның түнде намаз оқыған сәтіне көп куә болдым. Намаз оқып тұрғанда өз-өзін ұстай алмай қос иығы селкілдеп жылайтын. Соңында қол жайып: «Уа, Раббым! Құлдарыңды қайта тірілткен күні маған мейірімділік қыла гөр! Ақырет күнгі азабыңнан қорғап, күнәларымды кешіре гөр!» – деп жалбарынатын».  
date01.08.2013readCount6560readmoreТолығырақ
Ниет
Имам Ағзамның үйі Куфадағы ең әдемі үйлердің бірі еді. Бір күні оған біреу келіп: –  Уа, имам,өзің ғалым адамсың. Сөйте тұра мынадай салтанатты сарай салдырасың. Дүниеге қызыққаның ба, мұны қалай түсіндіресің? – дейді. Сонда Әбу Ханифа: – Рас айтасың. Мен дүниенің құлы емеспін, бірақ Аллаһ разылығы мен адамдардың алғысын сүйген құлмын. Үлкен сарай салдырғанымның себебі, қалаға келген қонақтардың көзі алдымен менің үйіме түсіп, соларды өзіме қонақ ету еді. Жолаушыны тойдырып,...
date31.07.2013readCount5894readmoreТолығырақ
Сен оны ұмытсаң да...
Ибн Асакир әңгімелеуде: «Хазірет Осман (р.а.) бірде халыққа былай деп хұтба оқыды: «Әй, адам баласы! Мынаны есте ұста, арнайы міндеттелген ажал періштесі үнемі сені аңдуда. Сен дүниеге келгелі бері талайлардың жанын алған ол бір күні аяңдап саған да келеді. Сол үшін қам жаса, өйткені, сен оны ұмытып кетсең де, ол сені ешқашан ұмытпайды. Егер сен ғапылдықпен өлімге дайындық жасамасаң, басқа біреу сен үшін дайындық жасамайды. Аллаһтың алдына барарың сөзсіз, сондықтан әзірлігіңді естен...
date27.07.2013readCount5948readmoreТолығырақ
Қонақ пен рызық
Сахабалардың біреуі тым қонақжай болатын. Әйелі болса күйеуінің күнде қонақ ертіп келуін жақтырмайтын. Тіпті оңашада: – Күн сайын бірнеше қонақты ертіп келуіңді қашан қоясың?! Бала-шағаның несібесінен соларға жырып бермесең қайтеді, – деп реніш білдіретін. Күйеуі оған онша көп мән берместен қонақшыл әдетін тастамайды. Әйелі бір күні шыдай алмай үйдегі жағдайды айтып пайғамбарға шағымданды: – Я, Расулаллаһ! Күйеуім күн сайын кеш болса болды үйге топырлатып қонақ ертіп келеді....
date24.07.2013readCount6617readmoreТолығырақ
Османның (р.а.) жомарттығы
Абдуррахман ибн Хаббаб әс-Сәлами әңгімелеуде: «Расулаллаһ (с.а.с.) Тәбук соғысына әскер жасақтау үшін сахабалардан көмек сұрады. Осман (р.а.): «Мен жәрдемге жүз түйені жүгімен қоса атадым», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мінберден бір саты төмен түсіп, жамағатты игі іске ортақтасып, сауап алуға шақырды. Бұл жолы да Осман (р.а.) суырылып алға шықты да, «Тағы жүз түйені жүгімен қоса атадым», – деп уәде берді. Османның бұл мәрттігіне риза болған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қуана...
date19.07.2013readCount4952readmoreТолығырақ
Адам өзінің жақсы екенін қалай біледі?
Айша анамызға (р.а.) бір кісі келіп: «Адам өзінің жақсы екенін қалай біледі?» – деп сұрағанда, «Өзін ең жаман адаммын деп қабылдағанында» деген жауап естиді. «Ал өзінің жаман екенін қалай біледі?» – деп сұрағанда, «Өзін ең жақсы адам санағанында» деген жауап естиді.  
date17.07.2013readCount9694readmoreТолығырақ
Құран жолындағылар қандай болуы керек?
Ибн Мәсғуд (р.а.) айтқан екен: – Құран жолын ұстанғандар түнде жұрт ұйықтап жатқанда – ояу болуы, күндіз жұрт жеп-ішкенде – ораза ұстауы, олар көңіл көтеріп жатқанда – ой құшағында болуы, басқалар кеуде соққанда – қарапайымдылық танытуы керек. Құран жолындағылар көкірегі мұңды, көзі жасқа толы болуы керек. Хикмет, ілім, даналықты бойына сіңіруі ләзім. Олар аз сөйлейді. Ғапылдық, сабырсыздық оларға тән емес. 
date16.07.2013readCount5548readmoreТолығырақ
Шегенің ізі
Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: «Маңайыңдағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір-бір шегеден қағып отыр», – деп табыстапты. Алғашқы күні-ақ баласы тақтайға көп шеге қағып тастапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді сол...
date12.07.2013readCount12265readmoreТолығырақ
Жасамаса да жасағандай сауап...
Бір кісі қатты ашығып келе жатып, құм төбешікке кезігіпті. Сол сәт төбеге қарап тұрып өз-өзіне «Шіркін, осы төбе үйіліп жатқан жейтін нәрсе болғанда ғой, бәрін мұң мұқтаждарға таратып шығар едім» деді. Осы кезде Алла тағала сол кездің пайғамбарына былай деп уахи етті: «Әлгі пендеме бар да былай де: «Алла тағала сенің садақаңды қабыл алды. Ізгі ниетіңе разылық танытуда. Сол істі жасамасаң да жасағандай сауап жазды». 
date08.07.2013readCount6017readmoreТолығырақ