Қасиетті дұға
Имран ибн Хұсейін (р.а.) әңгімелеуде:   «Бір күні Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) жанында едім. Бір уақытта қызы Фатима келді. Қатты аштық тартқаны көрініп тұр. Өңінде қан жоқ, жүзі сарғайып кетіпті. Аллаһ Елшісі мейірім толы көзімен оған қарап «Фатима, маған жақында, жақынырақ кел» деді. Аллаһ Елшісінің өтінішімен Фатима әкесіне жақын келді. Осы кезде Аллаһ елшісі қолын Фатиманың кеудесі мен мойны аралығына қойып: «Уа, ашты тойдырушы, сүрінгенді демеуші Аллаһ Тағалам, Мұхаммедтің...
date28.08.2013readCount9870readmoreТолығырақ
Аллаға жақындаудың жолы
Әбу Язид әл-Бистами жайлы мынандай бір оқиға айтылады. Аллаға құл болудың барлық жауапкершілігін толық сезіне өмір сүрген әл-Бистами бір күні былай деп жалбарынады: «Уа, Алла Тағалам, саған қалай жақындасам болады?». Сол кезде тосыннан мынандай дауыс естіледі: «Маған менде жоқ нәрсемен ғана жақындай аласың». Бұны естіп таң-тамаша қалған әл-Бистами: «Уа, Раббым, сенде жоқ не болуы мүмкін?» деп сұрайды. Сонда мынандай жауап естиді: «Менде біреуге бас ию, мұқтаждық таныту,...
date24.08.2013readCount7076readmoreТолығырақ
Айтқанын орындаса, жұмаққа барады
Талха ибн Ұбайдуллаһ (р.а.) жеткізуде: «Бірде Аллаһ елшісіне (с.а.с.) жолығуға Нәжид тайпасынан бір кісі келді. Ашулы екен. Дауыстап сөйледі. Біз дауысын естігенмен, не деп жатқанын түсіне алмадық. Ол Аллаһ елшісінің қасына жақындап, Ислам жайында сұрақтар қоя бастады. Расулаллаһ оған «Аллаһ бір тәулікте бес уақыт намаз оқуды парыз қылды». Нәжидтік кісі «Аллаһтың маған парыз еткен басқа намазы бар ма?» деді. Аллаһ елшісі «Жоқ, бірақ қаласаң, нәпіл намаздар оқуға болады»...
date23.08.2013readCount6554readmoreТолығырақ
"Пәлі, Төлебайым!"
Ертеде Арғынның қойшысынан өрт кетіп, Ұлы жүз - Үйсіннің бірнеше қотан қойлары күйген екен. Соны Ұлы жүз - Үйсін Арғыннан даулаған екен. Сонда соның бітіміне Ұлы Жүз Үйсіннен Төле би шыққан көрінеді. Ал Арғыннан Төлебай шыққан екен. Үйсін - Төле би: − Қолыңмен салған өртті етегіңмен қалай сөндіремін деп келдің, Төлебайым?! - дегенде, Төлебай: − Алладан деп білсеңіз, қойыңыз да, адамнан деп білсеңіз, алыңыз, – деген екен. Сонда Төле би: – Пәлі, Төлебайым, жарайсың, жарайсың! - деп, тақ...
date21.08.2013readCount4772readmoreТолығырақ
Екі кәмпиттің қайсысын алар едің?..
Бір британдық жігіт мұсылман ғалымнан: «Неліктен Исламда әйел адамға бөгде ер адамдармен қол алысып амандасуға тыйым салынған?», – деп сұрайды. Ғалым: «Елизавета патшайыммен қол алысып амандасу мүмкін бе?», – деп сұрапты. Әлгі жігіт: «Әрине белгілі бір адамдардан басқаларға мүмкін емес», – деген екен.  Ғалым: «Бізде әйел адам да патшайымдар іспеттес, кез келген ер адамдар олармен қол алысып амандаса алмайды», – деп жауап беріпті.  Сосын әлгі кісі...
date19.08.2013readCount6294readmoreТолығырақ
Басқа пәле неден?
Бірде бір бай жалшысын сынайын деп тақиясын алып, басын сипапты. Сөйтсе, жалшы оған қарап тілін шығара қойыпты. Байдың басын сипағаны: «Басқа пәле неде?» деп сұрағаны екен. Оған жалшының тілін көрсеткені: «Басқа пәле – тілден» дегені екен. Бай: – Таппадың, жалшым, басқа пәле ағайын мен туыстан болады, – дейді. Жалшы өз сөзін дәлелдемек болып: – Жоқ, бәйеке, өйтіп былшылдамаңыз, ­– деп қалады. Бұрын мұндай сөзді естімеген бай ашуланып, керегенің басында ілулі тұрған...
date15.08.2013readCount7731readmoreТолығырақ
Қабыл болмайтын амал
Сахабаларымен отырған Мұхаммед пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірде қиямет жайлы сөз қозғады. Толассыз айтылған әңгіменің бір ұшығы адамның бұл дүниеде жасаған амалдарына барып тірелді. «Қиямет күні біршама адам Тахаманың үлкендігіндей сауап арқалап келеді. Бірақ олардың амалдарын Аллаһ тағала қабылдамайды». Бұны естігенде бойын үрей билеген Сәлім Хұзафа (р.а.): – Уа, Аллаһтың құрметті елшісі, әке-шешем жолыңа құрбан болсын. Олардың қандай адамдар екенін айтпас...
date14.08.2013readCount6349readmoreТолығырақ
Кімнің сөзі жүрекке әсерлі?
Әйгілі математик, ойшыл, медицина ғылымының негізін қалаған Ибн Синаға бірде шәкірттерінің бірі: «Ұстаз, егер сіз өзіңізді пайғамбармын деп жарияласаңыз, мыңдаған қолдаушылар табылатынына сенімдімін», – дейді. Оған сол мезет жауап қатпаған Ибн Сина бір күні шөл далада қыстың аязды күні әлгі шәкіртіне «Дәрет алайын, барып сырттан леген мен құманды әкелші» деп жұмсайды. Жылы шатырдан суыққа шыққысы келмеген шәкірті тартыншақтайды. Біраздан кейін ұстазы әлгі өтінішін тағы...
date12.08.2013readCount5869readmoreТолығырақ
Татулықтың сыры неде?
Өсіп-өнген үлкен әулетте жүз кісі бірге тату-тәтті өмір сүріп жатыпты. Сол елдің патшасы бұл әулет туралы естігенде, қызығушылықпен барып әулеттің ақсақалына жолығуды ұйғарыпты. Қариямен кездескенде патша «Әулетіңізді тату-тәтті бейбітшілікте ұстап тұруыңыздың сыры неде?» деп сұрақ қойыпты. Қария қағазға біршама уақыт бір нәрсе шимайлап жазып патшаға ұсыныпты. Патша қараса, қағазда бар-жоғы бір-ақ сөз жазылыпты. Үсті-үстіне әбден баттастырып жазылған сөз «САБЫР» екен.  ...
date09.08.2013readCount5244readmoreТолығырақ
«Әкеңді сыйла»
Бірде сахаба Әбу Һұрайра (р.а.) жолда кетіп бара жатып Әбу Ғассанды (р.а.) жолықтырады. Әбу Ғассанның соңынан бір кісі еріп келеді екен. Әбу Һұрайра арт жақта келе жатқан адамның кім екенін сұрайды. Әбу Ғассан ол кісінің өз әкесі екенін білдіргенде, Әбу Һұрайра оған дереу: – Бұл ісің жөн емес, Пайғамбарымыздың сүннетін ескермеген екенсің. Әкеңнің алдында жүру – ерсі қылық. Әкеңнің не артынан жүр, не оң жағында жүр. Астың дәмдісін әуелі әкеңнің алдына тарт. Тамаққа әкең алдымен қол...
date07.08.2013readCount5340readmoreТолығырақ