Кімнің дәрежесі биік?
Бір кісі: «Ғалым мен тақуаның қайсысының дәрежесі биік?» – деп сұрағанда, Аллаһ елшісі: –  Мен араларыңдағы ең төменгі дәрежедегі адамнан қаншалықты жоғары болсам, ғалымдар да тақуалардан соншалықты санатта биік тұрады. Себебі екі дүние, төрт тараптың сыры білімділерге мәлім болмай ма? Аллаһ, періштелер, тіпті құрт-құмырсқа мен теңіз жәндіктеріне дейін білімділерге дұға етеді, – деді де, мына аятты оқыды: «Құлдардың арасындағы ғалымдар ғана Аллаһқа лайық түрде құрмет...
date27.09.2013readCount5926readmoreТолығырақ
«Әй, ұлым!»
Ардақты сахабамыз Муаз ибн Жәбал (р.а.) ұлына бірде былай деп өсиет айтыпты: «Әй, ұлым! Намаз оқығанда, сол намазды соңғы оқып тұрған намазым деп біл. Енді намаз оқи алмауым мүмкін деп ойла. Әй, ұлым! Мүмин кісі екі сауапты істің ортасында жан тәсілім етуі тиіс. Яғни, мүмин бір сауапты істі істегенде, келесі бір сауапты істі істеуге де ниетті болуы керек. Шайтанның алдауына ерме. Шайтан сауда-саттық орындарында өтірік айтқызу, ант ішкізу, алдау-арбау арқылы мұсылмандарды жолдан тайдыруға...
date26.09.2013readCount6176readmoreТолығырақ
Жаңбыр мұғжизасы
Әнас ибн Малик (р.а.) әңгімелеуде: Бір жұма күні пайғамбарымыз мінбеде хұтба оқып жатқанында, мінберге қарама-қарсы есіктен біреу кіріп, пайғамбарымызға қарай бұрылды. Сөйтті де тізе бүгіп отырмастан Пайғамбарымызбен сөйлесе бастады: «Уа, Аллаһтың пайғамбары, жағдайымыз қиын, құрғақшылықтан малдарымыз қырылатын болды, шарамыз қалмады... Дұға етші, бізге жаңбыр жаудырсын». Осы сәт Расулаллаһ алақанын жайып «Аллаһ тағалам, бізге жаңбыр жібер, Аллаһ тағалам, бізге жаңбыр жібер,...
date23.09.2013readCount9033readmoreТолығырақ
Сабыр түбі
Бір отбасының кішкене бөбегі бар еді. Күндердің күнінде Аллаһтың әмірімен сәбиі науқастанып, жан тапсырды. Бұған ата-анасы іштей қатты қайғырды. Бірақ тағдыр ісіне мойынсұнып, сабыр сақтауды ұмытпады. –  Баланы аманат ретінде бізге берген Аллаһ сол аманатын қайтып алды, – деді отағасы жұбайын жұбата: – Сабыр етсек, баламыз ақыретте бізге шапағат етіп, жаннатқа бастайтын болады. Сабыр сақтағандарға үлкен сауап уәде етілген. Аллаһтың қай ісінде де хикмет бары...
date17.09.2013readCount7534readmoreТолығырақ
Бітпейтін құрмалар
Әбу Хұрайра (р.а.) ең кедей сахабаның бірі еді. Бір күні бірнеше құрма алып хазірет Мұхаммед пайғамбарымызға (с.а.с.) барып, өзінің өтінішін жеткізді: «Уа, Аллаһтың елшісі, мына құрмалар берекетті болсын деп дұға етіңізші?» Ары қарай өзі әңгімелеуде: «Аллаһ елшісі ол құрмаларды алақанына салып (немесе құрмалардың үстіне қолын қойып), берекет тілеп дұға оқыды. Сөйтті де мынаны айтты: «Бұл құрмаларды алып, қапшығыңа сал. Жегің келген кездері қолыңды сал да, қалағаныңша ал. Бірақ...
date13.09.2013readCount5636readmoreТолығырақ
Сыйлық
Имамға бір танысы сыйлық жібереді. Имам артынша оған да сыйлық жібереді. Бұған өкпелеген танысы бір кездескенде: –  Маған сыйлығымды қайтарып беретініңді білгенімде, сыйлық жасап әуре болмас едім ғой, – дейді ойын-шынын араластырып. Сонда имам: –  Олай деме, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Егер сендерге біреу сыйлық жасаса, сендер де қолдан келгенше сыйлық жасауға тырысыңдар, жағдайларың келмесе, ол үшін дұға етіңдер» деген хадисін естімеп пе едің? – деген екен.
date11.09.2013readCount6276readmoreТолығырақ
Сендер таласқан дүние...
Ардақты сахабамыз хазірет Әбу Бәкір (р.а.) бірде жалғыз жаңғаққа таласып, бір-бірімен төбелесе жаздаған екі баланы ажыратып: «Осы бір жаңғаққа бола таластыңдар ма, әкеліңдер, екеуіңе теңдей етіп бөліп берейін», – дейді. Бірақ жаңғақты шаққан кезде, іші бос болып шығады. Сонда хазірет Әбу Бәкір (р.а.) әлгі екеуіне қарап: – Көрдіңдер ме, сендерді таластырып, бір-біріңмен төбелестіре жаздаған дүние деген осы, – дейді... 
date09.09.2013readCount6968readmoreТолығырақ
Су мұғжизасы
Сахабалардан Әнас ибн Малик (р.а.) әңгімелеуде: Тәбук жорығында Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге едім. Ел келіп: – Уа, Аллаһтың елшісі, түйелеріміз бен міністеріміз әбден шөлдеді, – деді. Расулаллаһ «Маған азғантай су әкеліңдер» деді. Бір кісі ескі бір торсықтың түбіндегі аз ғана суды әкелді. Пайғамбарымыз бір табақ алдыртты да суды сол табаққа құйды. Сөйтті де алақанын сол суға тигізді. Бір қарасам, саусақтарының арасынан су шүмектеп аға бастады. Сол күні түйелеріміз бен мініс...
date05.09.2013readCount4926readmoreТолығырақ
Құдайды сүю
Ертеректе сараңдығы асқынған, екіжүзді бір адам болыпты. Сараңдығы сонша – өмірі ешкімге ештеңе бермеу турасында әйелінен уәде алып, егер бере қалса, ажырасатындығын ескертіпті. Бір күні әйелі «Құдай үшін садақа берші?» – деп жалынып келген қайыршыны көргенде, жаны ашып, үш тілім нан ұстатыпты. Қайыршы қайтар жолда әлгі әйелдің күйеуімен кездесіп қалыпты. Сараң қайыршы нанды өз үйінен алғанын білгенде, қатты ашуланып әйеліне келіп: «Сен маған ешкімге ештеңе бермеу үшін...
date03.09.2013readCount6210readmoreТолығырақ
Құран оқудың қасиеттері
§ Құран оқыңдар, өйткені, расында ахирет күні ол өзін оқығанға шапағатшы ретінде келеді (Муслим). § «Құран үйренушілер мен оны үйретушілер сендердің араларыңдағы жақсыларың болып табылады» (әл-Бухари). § «Кім Құран оқудың шебері болып, оны әдемілеп оқыса, ол абыройлы және бойұсынушы жазғыштармен бірге болады. Ал кім Құранды ежелеп оқып, сонысымен қиналатын болса, онда оған екі сауап бар» (Муслим). § «Құран оқушы мүмин - тамаша иісті және дәмді, тәтті лимон секілді....
date29.08.2013readCount6401readmoreТолығырақ