Шөлден құтқарған құдірет
Сахаба Әбу Умама (р.а.) әңгімелеуде: «Расулуллаһ (с.а.с.) Исламның негіздерін үйрету мақсатында мені өз тайпама жіберді. Мен барғанда олар түйелерін суарып, сүттерін ішіп отыр екен. Мені көрген кезде: «Амансың ба, Судай ибн Ажлан! Естуімізше, сен де дініңнен шығып, әлгі кісінің жағына өтіпсің?» – деді жақтырмай. «Жоқ, мен тек Аллаһ пен расулына иман еттім. Расулуллаһ мені сендерге Исламды және оның үкімдерін түсіндіруге жіберді», – дедім. Сол кезде қан толы табақтарын...
date17.11.2013readCount5644readmoreТолығырақ
Шүкіршілікті ұмытпау
Айша анамыз (р.а.) әңгімелеуде: «Хазірет Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) аяқтары ісіп кеткенше ұзақ намаз оқитын. Бірде мен осыны байқап: «Уа, расулаллаһ, Аллаһ сіздің өткен-кеткен күнәларыңызды тегіс кешірмеп пе еді? Неге осыншалықты таусыла ғибадат жасайсыз?» - деп сұрадым. Сонда маған былай деп еді: «Уа, Айша, Аллаһқа көп шүкір ететін құл болғым келеді».
date11.11.2013readCount6152readmoreТолығырақ
«Исламды Хаттабұлы Омармен қуатты ете гөр!»
Омар (р.а.) жиырма алты жасында мұсылман болды. Жалшысы Әслам былай дейді: «Омар (р.а.) бізден «Менің қалай мұсылман болғанымды білгілерің келе ме?» деп сұрады. Біз «Иә» деген соң ол әңгімесін былай бастады: «Мен Расулуллаһтың өліспей беріспейтін, ымырасыз жауының бірі едім. Бір күні Құрайыштың беделді адамдарымен бірге отырғанда Әбу Жәхл «Ей, құрайыш қауымы! Мұхаммед тәңірлеріңе тіл тигізді, біздің ақылымыздың кем екендігін, ата-бабаларымыздың тозақта екенін айтты....
date06.11.2013readCount5486readmoreТолығырақ
Пайғамбар кеңесі
Бірде Хужәйми тайпасының бір кісісі Расулуллаһқа барып «Сен шынымен Аллаһтың елшісісің бе?» деп сұрады. Расулуллаһ «Иә» деп жауап берді. Әлгі кісі: «Елге нені уағыздап жүрсің?» деп сұрады. «Құрмет пен құдіретке ие, бір Аллаһқа сенуге шақырамын. Зиянға ұшырап, қиындық шексең, көмек күтсең, Ол сені қиыншылықтан құтқарады. Қандай да бір жұтқа, жоқшылыққа ұшырағанда Оған жалбарынсаң, барлық қиындықтан құтыласың. Шөлде адасқан кезінде Оның рақымдылық есігін дұғамен...
date29.10.2013readCount8114readmoreТолығырақ
Хазірет Османның (р.а.) мұсылман болуы
Хазірет Осман (р.а.) әңгімелеуде: «Бірде нағашы әпкем Абдул Мутталибқызы Ұруаның үйіне баc сұқтым. Сол үйге Расулуллаһ та (с.ғ.у.) келіп қалды. Мен ол кісіден көз алмай қарап қаппым. Неге екенін, сол күні ол кісіге бір нәрсе болғандай көрінді. Мені байқап «Неге тесіле қарадың?» деп сұрады. Мен «Артықшылығыңызға, арамыздағы алатын орныңызға және сіз туралы айтылғандарға қайран қалып тұрмын» дедім. Ол кісі «Лә иләхә илләллах» (Алладан басқа тәңір жоқ) деді. Бұл сөз менің тұла...
date23.10.2013readCount5406readmoreТолығырақ
Қабыл болған тілек
Сахаба Әбу Хұрайра (р.а.) әңгімелеуде: «Күпірліктегі анамды әрдайым Исламға шақыратынмын. Тағы бір күні анама ислам туралы айта бастағанымда, ол пайғамбарымыз туралы ұнамсыз сөздер айтты. Аллаһ елшісіне бардым да жылап тұрып: «Уа, Расулуллаһ! Анамды Исламға шақырғанымда сізге тіл тигізді. Аллаһқа дұға етіңізші, анама тура жолды нәсіп етсін», – дедім. Аллаһ расулы (с.ғ.у.) сол мезет қолын жайып: «Иә, Аллаһ тағалам! Әбу Хұрайраның анасын тура жолға сала гөр», – деп дұға...
date18.10.2013readCount6673readmoreТолығырақ
Алидің (р.а.) тіленшімен тілдесуі
Үбәйдуллаһ ибн Мұхаммедтің (р.а.) риуаяты бойынша бірде қайыр тілеп жүрген біреу мүміндердің әміршісі хазірет Алидің есігін қақты. Али (р.а.) Хасан немесе Хұсейінге «Анаңа алты дирхам берген едім. Соның бірін алып кел» деп жұмсайды. Хасан әлде Хұсейін (қайсысы екені белгісіз - авт.) қайтып келіп «анам оған ұн алмақшы» дейді. Али (р.а.): «Мүмін Аллаһтың жолында жұмсамай қолында сақтағанды артық көрсе, онда оның иманы толық болмағаны» деп, әлгі дирхамның барлығын алып келуін...
date10.10.2013readCount6174readmoreТолығырақ
Сабаға түсу
Бір жолы Хасан ибн Әли (р.а.) дастарқан басында қонақтарымен отырғанда, тамақ әкеле жатқан күңі аңдаусызда сүрініп кетіп, ыстық ас халифаның үстіне төгіледі. Сол мезет не істерін білмей қорыққан күңі: «Тақуа құлдар ашуын жеңе біледі», – деген аятты оқиды. Бұны естігенде хазреті Хасан (р.а.): «Бопты, ештеңе етпес», – деп сол мезет сабасына түседі. Бірақ күңі: «Олар кемшілік жібергендерді дереу кешіреді», – деген әлгі аяттың жалғасын да еске салады. Бұны естігенде...
date07.10.2013readCount6746readmoreТолығырақ
Алла Тағаланын сенімділерге сыйлығы
Абдулла ибн Омар бір күні өз жолдастарымен базарға шығады. Олар жолай бір жерді таңдап, тамақтанып алмақ оймен дастархан жайып жайғасады. Сол кезде олардың қасынан қой айдап бір бозбала өтіп бара жатады. Абдулла ибн Омар оны өздерімен бірге тамақтануға шақырады. Оған бала: "Сізге Алланың рахымы болсын, мен ораза едім, дейді. Абдулла оған таңдана қарап: "Мынадай ыстық күнде қой бағып, ораза ұстап жүрсің бе?” - деп сұрайды. Оған бала: "Тозақ оты бұдан да ыстық, е, мырза” — дейді....
date03.10.2013readCount7024readmoreТолығырақ
Кім кінәлі?
Бірде байдың үйіне бір қайыршы келіпті. Дарбазаны қағып тұрған қайыршыны көргенде, бай дереу сандықтағы барын буып-түйіп алып шығып әлгіге ұстатыпты. Өзі үйге кіріпті де басын ұстап жылай бастапты. Әйелі «Отағасы, неге жылайсыз? Әлде берген заттарға ішіңіз ашып қалды ма?» деп сұрағанда, ол «Бұл қайыршы менің баяғы досым екен. Әркез халін сұрап, уақытында көмектескенімде, бәлкім, бұндай күйге түспес пе еді. Бұған мен де кінәлімін» деп жауап беріпті. 
date30.09.2013readCount7859readmoreТолығырақ