old.muslim.kz Ғибратнама - Muslim.kz
Өлген лақты кім алады?
Бір күні Екі Дүние Сәруары (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларымен бірге базардың ішінен өтіп бара жатқанда жерде жатқан лақтың өлексесін көреді. Өлексенің құлағынан ұстап көтеріп: «Кім мынаны бір дирхамға алады?» – деп сұрайды. «Ей, Алланың Расулы, одан да арзан берсе алмаймыз, ол біздің қай ісімізге жарайды!» – деп жауап қатады сахабалар. «Тегін берсе алар ма едіңіз?» – деп сұрағанда, бәрі бірауыздан: «Тегін берсе де алмаймыз, оны қайтеміз!» – дейді....
date27.07.2017readCount3144readmoreТолығырақ
Түнгі намазы көптің күндіз жүзі нұрлы болады
Тақуа кісілер қашан да Хақ Тағалаға деген сағынышын Оның кәләм-сөзін оқып, көз жасымен басады. Әшәб ибн Әбділәзіз Имам Мәлік туралы былай дейді: «Бірде ел жатқан уақытта сыртқа шықтым. Мәлик ибн Әнәстің үйінің жанынан өтіп бара жатып, оның намаз оқып жатқанын байқап қалдым. «Фатиханы» оқып болған соң, «Тәкәсүр» сүресіне көшті. «Сол күні берілген ырыс-береке мен несібелерден сөзсіз сұраласыңдар» аятына жеткен кезде кемсеңдеп, жылай бастады. Әлгі аятты қайта-қайта...
date25.07.2017readCount4063readmoreТолығырақ
Күнәсі кешірілмейтін 3 адам
Алла Тағала жұма мен жұма арасындағы, Рамазаннан келесі Рамазанға дейінгі, бір намаз бен келесі намаз арасындағы т.б. күнәларды кешіреді, бірақ мына үш адамның күнәсін кешірмейді. Тоқтатып қояды. Олар кімдер десеңіз: - Бір-бірімен араздасып, ұрысқан адамдар. Бір-бірлерін кешірмейінше күнәлары да кешірілмейді. - Араққұмар адам; - Қайыршы адам. Тіленіп сұрай беретін адамдар. Арман Қуанышбаев уағызынан
date22.07.2017readCount8170readmoreТолығырақ
Мына үш адам Ақыретте қатты өкінеді
Ескендір Зұлқарнайын әскерімен жолда келе жатып: “Аяқтарыңа ілінген нәрселерді жинай жүріңдер”, - деп әмір береді. Әскерлердің бір бөлігі: “Көп жүрдік, қатты шаршадық. Түн ішіндеміз, оған қоса аяғымызға ілінген нәрселерді жинап, өзімізді қинап қайтеміз?” деген шешімге келіп, еш нәрсе жинамайды. Екінші бөлігі: “Қолбасшымыз бұйырған екен, әміріне бағынайық, аз ғана болса да жинайық. Өйткені Қолбасшыға қашан да мойынсұну керек”, - деп аз ғана жинайды. Үшінші топ болса:...
date19.07.2017readCount10882readmoreТолығырақ
Айға да бармадың, Бухариды да оқымадың
دخل رجل على شيخ فوجده يشرح لطلابه صحيح البخاري قال الرجل للشيخ: الغرب وصلوا إلى القمر وأنت تشرح البخاري؟ قال الشيخ: وما العجب في هذا؟ مخلوق وصل إلى مخلوق ونحن نريد أن نصل إلى الخالق وأنت المفلس الوحيد فلا أنت وصلت القمر معهم ولا قرأت البخاري معنا Бір адам шейхқа кірсе, шейх шәкірттеріне "Сахих Бухариды" түсіндіріп жатқанын көреді. Әлгі адам шейхқа: "Батыс болса айға жетіп қойды, ал Сіз болсаңыз әлі "Бухариды" түсіндіріп жатырсыз ба?" - деп сұрапты. Шейх оған: "Оның не таңғаларлығы бар? Махлұқ...
date17.07.2017readCount2920readmoreТолығырақ
Күнә жасағың келсе...
Бірде Ибрахим ибн Әдхамға жас жігіт келіп, өзінің күнәлі іске барып қоятындығын, сол үшін тәубе еткісі келетіндігін, бұдан кейін күнәлі істен сақтанудың жолын көрсетіп, насихат айтуын өтінеді. Сонда ол кісі: «Егер мына бес нәрсені орындай алатыныңа кепілдік берсең, қалаған күнәңді жасай бер» дейді. Дүйім жұрттың бетке ұстар адамынан мынандай жауапты естігенде, таң қалысын жасыра алмаған әлгі адам: «Ол айтқандарыңыз не?» деп сұрайды. Ибрахим ибн Әдхам болса: «Күнә жасағың...
date13.07.2017readCount3889readmoreТолығырақ
Көп сауаптан айырылу айып бірақ
Бір шайыр былай деген екен: Тәубе ету күнәлардан парыз болса, Күнәны тәрк етпек лайықтырақ. Сабыр ету әрдайым қиын болса, Көп сауаптан айырылу айып бірақ.     Замананың жылдамдығы бір ғажайып, Ғапылдығы пенделердің таңқалдырад. Қуаныштар келетін күндер жақын, Өлім келер күн одан жылдам шырақ.
date11.07.2017readCount3181readmoreТолығырақ
«Кәпір боп кетем бе» деп қорқам
  Табиғиндардың бірі Әсуәд ибн Язид де өз заманының ең биік тақуаларынан болған. Екі күнде бір Құран хатым шығарған. Әсіресе, түнімен үй төбесінде тікесінен тік намазда тұрып Құран оқитын. Әсуәдтің көршісінің бір жас баласы бар еді. Ол ылғи да түн жарымында далаға шыға қалса көрші үйдегі үй төбесінде қадаулы «бағананы» көретін. Бір күні ол түн жарымында далаға шыққанында әлгі бағананы көре алмайды. Ертеңіне анасына: «Анау көршінің үйінің төбесіндегі бағана жоқ», - дейді....
date08.07.2017readCount3690readmoreТолығырақ
Өте әсерлі оқиға
Бұл жағдай Кенияның астанасы Найроби қаласында болған. Бұл баланы кім көрсе де ұрлықшы, көшенің қайыршысы деп ойлайды. Иә, ол көшеде жол бойы өткен машиналардан қайыр тілейтін бала. Ата-анасы жоқ. Баланың есімі - Жон. Бір күні жолдағы кептелісте машиналардан қайыр тілеп жүрген Жон машинада отырған Глэдис Каманде есімді әйелге жолығып қалады. Әлгі әйел өкпе ауруының ауыр түріне шалдыққан екен. Оттегі беретін шағын қосымша аппаратпен отырғанын көрген Жон оның не екенін қызықтайды....
date01.07.2017readCount6143readmoreТолығырақ
Фатима анамыздың тақуалығы
Хазіреті Фатима мен хазіреті Әлидің алғашқы кездерінде кейбір аздаған келеңсіз жайттар болмаса одан кейінгі өмірлері бір-бірлеріне ыстық ықыласпен, терең сүйіпеншілікпен өтті. Хазіреті Әли әрқашан Пайғамбарымыздың жанында болып оған көмекші болғандықтан үйдегі жоқшылыққа хазіреті Фатима сабырлық танытып, үй істерін жалғыз өзі атқара білді. Бір ауыз да хазіреті Әлиге «неге отбасыңа нәпақа іздемейсің?» деп қарсы келген емес. Өйткені оның Ислам жолында көп істер атқарып...
date23.06.2017readCount4524readmoreТолығырақ