«Ғалымның құлағаны – ғаламның құлағаны»
Имам Ағзам Әбу Ханифа балшықпен ойнап отырған жас балаға карап: «Уәй, балақай! Батпаққа құлап қалудан сақтан!», – деп ескертеді. Сонда әлгі бала: «Әсілі, сіз құлап қалудан сақтаныңыз! Ғалымның құлағаны – ғаламның құлағаны», – деген екен. Осы сөзден кейін Ұлық Имам бір мәселеге қатысты пәтуа берместен бұрын, сол мәселені бір ай бойы өзінің шәкірттерімен қосылып талқылайтын болыпты.  
date21.12.2013readCount4760readmoreТолығырақ
Уәдеде тұру
Бір кісі біреуді өлтіріп қойып, өлтірілгеннің балалары оны мүміндердің әміршісі Омардың (р.а) алдына алып келеді де: “Бұл кісі біздің әкемізді өлтірді” - дейді. Омар одан: “Шынымен сен өлтірдің бе?” - деп сұрайды. Әлгі кісі: “Иә, екеуміз құрма бұтағының үстінде отырып, ерегісіп қалдық. Бұлардың әкесі мені балағаттап жіберді. Мен ашуыма ерік беріп қойып, оны қолымдағы балтаммен жіберіп ұрдым. Балта оның басына тиіп, ол өліп қалды. Бірақ мен оны өлтірейін деп ойлаған жоқ едім” -...
date20.12.2013readCount5530readmoreТолығырақ
Сахабаның ұлы
Бір күні хазірет Омар (р.а.) ойнап жүрген балаларды көреді. Алайда бір баланың ойынға қатыспай, шетте тұрғанын байқайды. Қасына барып:– Балақай, сен неге ойнамайсың? – деп сұрайды. Бала болса:– Уа, мұсылмандардың әміршісі! Аллаһ тағала «Адамдар мен жындарды тек қана мені танып, маған құлшылық етсін деп жараттым» дейді. Біз ойнау үшін жаратылған жоқпыз ғой?! – деп таңқаларлық жауап қайырады.Хазірет Омар балаға: «Жасың әлі кіші емес пе?» – дегенде, ол:– Уа,...
date17.12.2013readCount4959readmoreТолығырақ
Намазды ықыласпен оқу
Бір кісі мәзһаб имамымыз Әбу Ханифаға келіп:  «Уа, Имам, мен намазымды шынайы ықыласпен оқи алмаймын. Намаз оқыған сәтімде түйелерімді жайлауға жаюды, оларға жем-шөп беруді ойлап кете беремін. Ал, сіз менен де байсыз. Құлшылығыңызды қалай ықыласпен оқисыз?» деп сұрапты. Сонда ұлық имам: «Менің түйелерім жүрегімде емес, өздеріне тиісті орында ғана тұрады» деп жауап берген екен. 
date12.12.2013readCount7571readmoreТолығырақ
Жұмақтық адам
Әнәс ибн Малик (р.а.) әңгімелеуде: «Бір күні пайғамбарымыздың құзырында отырған болатынбыз. Кенет ардақты елші: «Қазір араларыңызға жұмақтық бір кісі келеді», – деді. Сол-ақ екен әнсардан бір адам ішке енді. Әлгі кісінің сақалынан су тамшылап тұр. Аяқкиімін сол қолына ұстапты. Келесі күні Аллаһ елшісі осы сөзін тағы да қайталады. Әлгі кісі дәл кешегі кейіпте тағы да арамызға келіп қосылды. Үшінші күні де айтып ауыз жиғанша, сол кісінің төбесі көрінді.   Үшінші күні мешіттегі...
date09.12.2013readCount8461readmoreТолығырақ
Мәуләнаның кеңесі
Білгеніңді жеткіз, бірақ ақыл айтуға талпынба. Айтылған нәрселерге құлақ сал, бірақ бәрін дұрыс екен деме. Ұмытпа! Үнсіздік надандықтың, көп сөзділік білімділіктің нышаны емес. Бір кісіні төмен санау ақымақтық, өте жоғары санау да кейде қорқақтық. Батылдық ақылдылықтан  туса – батырлық, ал ақымақтықтан туса – надандық.
date07.12.2013readCount5893readmoreТолығырақ
«Иманнан суытып алмау керек»
Ұлық имам Әбу Ханифа бірде ұлы Хаммадтың біреумен ақида мәселесінде қызылкеңірдек болып пікір таластырып жатқанын көріп, алдымен екеуін мұқият тыңдайды. Сөйтеді де, ұлына ендігәрі ондай таласқа бармауын ескертеді. Ұлы «Әке, сіз өзіңіз де пікір таластырасыз ғой» деп қалады. Сонда Әбу Ханифа оған: «Ұлым, біз пікір таластырғанда, алдымыздағы адамды байқаусызда иманнан суытып алмауға қатты көңіл бөлетініміз сонша, басымызға құс қонақтап, сол құсты үркітіп алмайық дегендей бұған...
date04.12.2013readCount5344readmoreТолығырақ
Құдай күнәңді жасырып тұрады
Бірде елді қуаңшылық жайлап, Мұса пайғамбар (а.с.) қауымын ертіп, тасаттыққа шығады. Дұға жасап, Аллаһтан жаңбыр тілейді. Бірақ дұға қабыл болмай, жаңбыр жауа қоймайды. Сонда Мұса пайғамбар (а.с.) қолын жайып: «Я, Аллаһ тағалам! Сен менен тіле, сонда жаңбыр жаудырам, қуаңшылықтан құтқарам деп едің. Бірақ қанша дұға жасасам да, дұғамды қабыл қылмауыңның хикметі не?» – деп сұрайды. Сонда Аллаһ тағала: «Дұғаңның қабыл болмауы, араларыңда жасаған күнәсына тәубе етпеген біреу бар, сол...
date30.11.2013readCount6331readmoreТолығырақ
Халифаның ескертуі
Хазірет Омар (р.а.) халифа болып тұрған уақытында бірде Үбәй ибн Қағыб екеуі дауласып, Зәйд ибн Сәбиттің төрелігіне барып жүгінді. Хазірет Омар келгенде Зәйд ибн Сәбит халифаға құрмет көрсетіп төрге отырғызғысы келді. Бірақ хазірет Омар бұған қабақ шытып, «Бұл сенің жіберіп алған алғашқы әділетсіздігің» деді. Сөйтті де Үбәй ибн Қағыбтың жанына барып отырды. Үбәйдің дәлелі жоқ еді. Сондықтан шағымданушы ант ішуі керек. Халифа болғандықтан Зәйд ибн Сәбит хазірет Омарға ант...
date25.11.2013readCount5179readmoreТолығырақ
 Хазірет Әлидің әділдігі
Хазірет Әли (р.а.) соғыста жоғалтып алған сауытын кейіннен бір еврейден көргенде, екеуі дауласып қазыға жүгінді. Мәселе қарала келе үкім жүргізген қазы хазірет Әлидің дәлелі жеткіліксіздігін алға тартып, сауытты еврейге бергізеді. Сонда әлгі еврей таңданып, «Мұсылмандардың халифасы менімен дауласып қазыға жүгінетіндей қарапайым, берілген үкімге бас иетін өте әділетті екен. Шынымды айтсам, бұл сауыт сіздікі, соғыста түсіп қалған соң мен алып едім» деп ағынан жарылады. Бұл оқиға...
date21.11.2013readCount6142readmoreТолығырақ