old.muslim.kz Ғибратнама - Muslim.kz
Алла сүйген күнәһар құл
Алла Тағала Мұса пайғамбарға: «Әй, Мұса! Пәлен деген жерде Менің сүйген құлдарымның бірі қайтыс болды. Сен соған барып, қызметін жаса», – деп пәрмен етті. Мұса Пайғамбар тез арада айтылған жерге жетті. Сөйтіп алдынан кезіккен жұрттан сұрастыра бастады:- Осы түнде осы елде Алланың бір әулие құлы қайтыс болды ма?- Уа, Алланың елшісі! Әулие құлдардан ешкім қайтыс болған жоқ. Ал, бірақ күнаға белшесінен батқан бір жас жігіт көз жұмды, – деді жолыққандар. Тағы бір кісі: «Оның азғын...
date18.07.2014readCount10275readmoreТолығырақ
Жақсылық қылсаң өзiңе...
Киiмi өрiм-өрiм бiр қайыршы ауыл кезiп жүрiп үнемi «Жақсылық қылсаң өзiңе, жамандық қылсаң өзiңе» деген сөздi қайталай беретiн көрiнедi. Бiр ауылда көрiнгенмен ұрса кетуге дайын көкбет, долы қатын тұрады екен. Сол әйел қайыршыға таба нанға у қосып бередi де: «Жақсылық болса да, жамандық болса да көрiп алдым, мә, сөзiң де, өзiң де құры!» деп мысқылдайды. Қайыршы кетедi. Ауылдан шыға бере қайыршы алыс жолдан арып-ашып келе жатқан керуенге кездесе кетедi. Керуенге iлесiп азып-тозған егде...
date15.07.2014readCount7298readmoreТолығырақ
Ағаш ұстасы және патша
Бірде патша ағаш ұстасын өлім жазасына бұйырады. Ұста ақырғы түнін үйінде өткізуге мүмкіндік алғанымен, ертесі күні өмірімен қош айтысатынын біліп, түні бойы ұйқысы келмейді. Күйеуінің мазасыз кейпін көрген әйелі "Ей, ағаш ұстасы! Әбіржімей жай түндердегідей ұйықта. Расында Алла Жалғыз..." деп демеу береді. Бұл сөздерден соң ұста көзі ілініп қалың ұйқыға кетеді. Таң ата үйінің есігін қатты ұрғылағаннан оянады. Есікті ашса патша жендеттері сап түзеп тұр. Олар "Патша көз жұмды. Сенің оған...
date10.07.2014readCount8602readmoreТолығырақ
Тәубе тамырын жүрек келісіне түйіп іш
Ілгеріде Баязит әл-Бастами деген әулие құл өтіпті. Сол Баязит бір күні шәкірттерімен бірге дала дәрісін жасау үшін тауға қарай бет алады. Жолай жерге еңкейіп шөп теріп жүрген бір емшіге жолығады:- Сен бұл тауда не істеп жүрсің, - деп сұрайды Баязит.- Көріп тұрсыз ба, анау жүрген есі ауысқан жындылар, - дейді емші, - соларға дәрі жасап жүрмін. Сол-ақ екен Баязит емшінің құлағына жақындап келіп: «Менің де бір дертім бар, маған да бір дәру жасап бере аласың ба?», - деп сыбырлайды.- Ол қандай...
date06.07.2014readCount6247readmoreТолығырақ
Мұсылмандарға қызығамын...
Бірде мұсылман емес бір әйел кісі медресеге баласын алып келеді де ішіне кіргізіп жібереді. Ол бала имамға барып, ілім алғысы келгендігін айтады. Имам балаға: - Ата-анаң қайда? - дейді. Сонда бала:- Анам мешіт сыртында тұр, бірақ, ол мұсылман емес, - дейді. Жауапқа таңқалған имам мешіт сыртында баласын күтіп тұрған анасына барып:- Неге балаңызды медресеге бермек болдыңыз? - дейді. Сол кезде анасы имамға:- Мұсылмандарға қарап қызығамын, балаларын медресеге жіберер алдында беттерінен сүйіп,...
date03.07.2014readCount7011readmoreТолығырақ
Екі қыздың оразасы
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір күні сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай деп қатаң ескерту жасады:– Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім ауыз ашпасын! Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады. Кеш түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп:– Уа, Расулулла! Екі қызым күні бойы ораза ұстаған еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат сұрай алмады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап, ауыздарын ашса, жақсы болар еді, – деп...
date29.06.2014readCount7097readmoreТолығырақ
Өмір сүрудің ең жақсы жолы
Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Американың түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды. Бір күні ауыр науқастанып, бұл...
date28.06.2014readCount8929readmoreТолығырақ
Жаңбыр жауғызған намаз
Жаздың аптап ыстық күндерінің бірінде хазіреті Әнас бағбаншыға барып хал-жағдайын білді. Жаңбырдың жаумағанынан бақшаның қурап бара жатқанынан хабар алды. Осы жағдайдан кейін хазіреті Әнас пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-нің: «Қандайда бір мұқтаждық жағдайы болған адам екі рәкәғат намаз оқып, артынан Аллаға дұға етсін!» - деп айтқан өсиетіндегі «қажет намазды» есіне түсірді. Сосын су әкеліп дәрет алды да намаз оқыды. Сәлем бергеннен кейін бағбанға қарап: -Көк аспаннан бір...
date23.06.2014readCount6251readmoreТолығырақ
Көнбедім
Ибн Аббас (р.а.) басынан өткен мына бір оқиғаны әңгімелеуде: «Бірде өз-өзінен көзімнің көру қабілеті қатты нашарлап кетті. Сол кез маған біреулер келіп: – Егер бірнеше күн намазыңды қоя тұрсаң, көзіңді емдеуге болады, – деді.  Мен оларға: – Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Егер бір адам намазын тастаған күйі қайтыс болса, алдынан азап тосып алады» дегенді естіп едім, – деп көнбедім».
date17.06.2014readCount7613readmoreТолығырақ
Ұлы махаббат
Иса пайғамбар (а.с.) жолшыбай келе жатып, бір мекеннің тұсынан бақшасын суғарып жүрген жігітті кезіктіреді. Жас жігіт: «Дұға етіңізші, Раббым өзіндегі махаббатынан бір ұшқынын маған нәсіп етсінші?» – деп өтінеді. Иса (а.с.): «Сен оған шыдай алмайсың», – дейді. Жас жігіт: «Онда соның жартысындайын-ақ нәсіп етсінші», – деп қиылады. Иса пайғамбар қолын жайып: «Уа, Жаратушы ием! Мына жігітке өз махаббатыңнан бір ұшқынының жартысын нәсіп етші», – деп дұға жасап,...
date13.06.2014readCount7173readmoreТолығырақ