old.muslim.kz Ғибратнама - Muslim.kz
Зәкәрияның (ғ.с.) сабыры
Пайғамбарларға жаулық көрсетуші, оларға қарсы кезеген кездігін төмен түсірмейтін қаскөйлер қай қоғамда да ұшырасады. Зәкәрия пайғамбар (ғ.с.) бірде өзін өлтірмекші болған осындай бір топ яһудилерден қашып келе жатты. Қуғыншылардың тықыры таяғанда пайғамбар сасқанынан алдынан кезіге кеткен бір ағашқа: «Әй, ағаш, құтқар, мені жасыр?!» – дейді. Сол жерде ағаш қақ жарылып, Зәкәрия (ғ.с.) оның ішіне кіріп жасырынады. Ізімен қуып келе жатқан яһудилер көз алдарында ағаштың жарылып, қайта...
date20.09.2014readCount6970readmoreТолығырақ
Пайғамбар үйреткен намаз
Ардақты сахабалардың бірі Әбу Һурайра былай дейді: «Бір күні Алланың Елшісі (с.ғ.с.) мешітке келді де бір шетіне отырды. Біз де оның жан-жағында қатарлас отырған болатынбыз. Сол уақытта сырттан бір адам келіп намаз оқи бастады. Әлгі адам өзінің құлшылығына соншалықты көңіл бөлмеді. Алайда Алланың Елшісі (с.ғ.с.) ол адамды көзімен сырттай бақылап отырған-ды. Намазын оқып болды-ау деген уақытта пайғамбарымыз намаз оқыған адамның жанына барып, алдымен сәлем берді. Сосын оған: «Намазыңды...
date11.09.2014readCount13056readmoreТолығырақ
Нұх пайғамбардың қоштасуы
Жер бетіндегі тіршілігі тамамдалып, өзіне бұйырылған дәм-тұздың таусылуға тақағанын сезген Нұх пайғамбар (ғ.с.) бұл дүниемен қоштасарда екі ұлын шақырып, оларға: «Сендерге екі нәрсені істеуді бұйырып, екі нәрседен аулақ болуды өсиет етемін, – деді, – Тыйым салатыным: Жаратушыдан басқаға табынбаңдар, әрі ешқашан астамсымаңдар. Аманатпен тапсыратын екі нәрсемнің біріншісі – «лә иләһа иллаллаһ» (Аллаһтан басқа тәңір жоқ) дегенді ауыздан тастамау, өйткені жеті қабат көк пен...
date08.09.2014readCount6864readmoreТолығырақ
Мүмин мен пасық
Бірде Құрайыш мүшріктерінің бірі хазірет Әлиге (р.а.) келіп: «Мен қылыштасу өнерін сенен жақсы меңгергенмін, саған қарағанда шешендігім де бар, жазу-сызу жағынан да жаман емеспін, пәлен істі сенен жақсы істеймін, түген жерде сенен артықпын», – деп қоймай қояды. Хазірет Али оған бір-ақ ауыз сөзбен жауап береді: «Бірақ сен пасықсың!» Аллаһ тағала осы екеудің оқиғасынан кейін мына аятты уахи етті: «Кез келген мүмин бұрыс жолдағы біреуге ұқсар ма? Олар бірдей бола алмайды».
date01.09.2014readCount6788readmoreТолығырақ
«Күнәларымның көптігі-ай!»
Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.) әңгімелеуде: Аллаһ елшісіне бір адам келді де: –  Қап, күнәларымның көптігі-ай! – деп күйіне берді. Пайғамбарымыз оған: –  «Аллаһ тағалам, Сенің мейірімің мен кешірімің менің күнәларымнан үлкен. Рақымың маған қателерімді кешер деген үміт береді» деп айт, – дейді. Бейтаныс мұны сөзбе-сөз қайталады. Аллаһ елшісі тағы да қайталауын сұрады. Ол тағы қайталады. Аллаһ елшісі тағы бұйырды. Жігіт тағы қайталады. Сонда Аллаһ елшісі жігіттің иығына...
date27.08.2014readCount8193readmoreТолығырақ
Әбу Бәкірдің бір түнгі ғибадаты
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бақиға аттанғаннан кейін мұсылмандар өз ішінен бір басшы сайлау қажеттігін талқыға салды. Кей кісілер бірін ансардан, енді бірін мұһажирлардан екі басшы сайлайық деген пікірді де алға тартты. Бұған бірінші болып хазірет Омар (р.а.) көнбеді. Соңында бәрі бірауыздан хазірет Әбу Бәкірді (р.а.) таңдады. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әл үстінде жатқанда, жамағатты Әбу Бәкірге ұйытып, намаз оқытып еді. Бұған қоса ол – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бала күнінен бері келе...
date21.08.2014readCount7409readmoreТолығырақ
Сахабалар құрметі
Шағби (р.а.) айтуда: «Бір жаназа намазын оқығаннан кейін, қайтар мезетте Зәйд ибн Сәбитке (р.а.) қашырын жақындаттым. Осы кезде Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) келіп, үзеңгіні ұстап бергісі келді. Бұны көргенде, Зәйд: «Әй, Пайғамбарымыздың көкесінің баласы, әуре болма, үзеңгіні жібер», – деді. Ибн Аббас: «Жоқ, бізге ғалымдарды құрметтеу бұйырылған», – деді. Бұны естігенде, Зәйд (р.а.) дереу Ибн Аббастың (р.а.) қолын сүйіп: «Олай болса, бізге де Пайғамбарымыздың ең жақын туыстарына...
date13.08.2014readCount5331readmoreТолығырақ
«Махаббат» жүктеу операциясы
Бір қарт кісі компьютер дүкеніне кіріп, қызметкер жігітке былай дейді: - Шырағым, техникадан хабарым жоқ еді.  Компөтердің заманы болып кетті.  Сол компөтерлеріңе «махаббат» деген сезімді орнату үшін не істеуім керек, соны айтшы. Ана үйдегі немерелер қай-қайдағы соғыс-поғыстан гөрі соны ойнасын да! - дейді. - Жарайды, ата. Оны енгізуге болады. Алдымен «ЖҮРЕГІМ» деген файлды ашасыз. Аштыңыз ба? - Аштым. Ойбуй, мына жерде топырлаған жазу шығып кетті ғой: «Өткен өкініштер....
date04.08.2014readCount8021readmoreТолығырақ
Мазмұны Құранға қайшы келетін өлең жазбаңдар!
Сахаба Уқба ибн Амр (р.а.) қайтыс болар алдында балаларына мына өсиетті қалдырған екен: –  Балаларым, сендерге үш  нәрсе айтайын, ешқашан ұмытпаңдар:  Пайғамбарымыздың хадистерін сенімді адамдардан ғана алыңдар, жыртық-жамау кисеңдер де, қарызданбауға тырысыңдар. Мазмұны Құранға қайшы келетін өлең жазбаңдар! 
date02.08.2014readCount5949readmoreТолығырақ
«Құдіретті» жапырақ пайдалары
Ертеде бір шаhарда мейірімді, дана қарт өмір сүріпті. Күндердің күнінде саудагерлер сату үшін шаһарға темекі алып келіпті. Шаһар тұрғындары бұрын көрмеген тауарды қызық көріп, саудагерлерді қаумалап қоршай алады. Саудагерлер: – Керемет жапырақ! Құдіретті жапырақ! Барлық ауруға ем болады! Алғанда арманда, алмағанда арманда! Келіңдер! Дәмін татып көріңдер! – деп жар салады. осы шаһардан баяғыдан бері тұратын дана қарт адам басын айналдыратын осы бір өсімдікті жақтырмай қалады. Ол...
date22.07.2014readCount7836readmoreТолығырақ