old.muslim.kz Ғибратнама - Muslim.kz
Әр істің хикметі Аллаға ғана аян
Уәһб ибн Мүнәббиһ әңгімелеуде: Бірде Әзірейіл (а.с.) елді қан қақсатқан бір залымның жанын алады. Жер бетінде зұлымдығы одан өткен жан жоқ еді. Сөйтті де көкке көтерілді. Періштелер оны қаумалап: – Осы уақытқа дейін жанын алған адамдарыңның ішінде ең көп қайсысына жаның ашыды? – деп сұрады. Әзірейіл: –Шөлде мекендейтін бір әйелдің жанын алуға бұйрық алдым. Барғанымда, толғағы жетіп, бір ұл баланы босанған кезі екенін көрдім. Сол жолы ажалы жеткен әйелге де, шөл далада қараусыз...
date23.12.2014readCount6820readmoreТолығырақ
Жазмыштан озмыш жоқ
Бір кісі Сүлеймен пайғамбардың сарайына сәске уақытында есі шыға жүгіріп келіпті. Тығыз шаруасы бар екендігін айтқан ол Сүлейменмен (ғ.с.) кездестіруді өтініпті. Дегбірі қашып, өңі құп-қу болып кеткен оған Сүлеймен пайғамбар: – Жайшылық па? Мұнша неге қорықтың? Себебі не? – деп сұрапты. Әлгі кісі бойын билеп алған үрейден әлі де арыла алмаған кейіпте: – Бүгін ертеңгісін дәл қарсы алдымнан өңі сұсты Әзірейілді (ғ.с.) көрдім. Маған тесіле қараған күйі алыстай берді. Шамасы, менің...
date18.12.2014readCount6606readmoreТолығырақ
Ілім жоғала ма?
Язид ибн Үмәйра (р.а.) жеткізген екен: Сахабалардан Муаз ибн Жәбәлдің (р.а.) әл үстінде жатқан кезі. Жұрт тегіс жиналып жылап отырады. Муаз (р.а.) олардан: – Неге жылайсыңдар? – деп сұрайды. – Сенімен бірге кететін ілімді жоқтап жылаймыз. – Ілім мен иман жоғалмайды, қияметке дейін қалады. Кім ізденсе, бұл екеуін табады. Бұлар Құран мен сүннетте тұнып тұр. Ілімді басқадан емес, Омар, Осман, Алиден (р.а.) алыңдар. Ақиқатты кім айтса, мойындаңдар. Өтірікті кім айтса, одан бойларыңды аулақ...
date12.12.2014readCount5811readmoreТолығырақ
Алғаннан берген бақытты
Жаңа жыл қарсаңында ағам маған судай жаңа көлік сыйлады. Кеңседен шықсам, машинамды айналсоқтап бір бала тамашалап жүр екен. «Бұл сіздің көлігіңіз бе?» – деп сұраған балаға: «Иә, менікі. Оны маған ағам сыйлады», – деп мақтанышпен жауап бердім. Көздері жайнап кеткен бала: «Шіркін, сіздің...» дей бергенде ақ, оның ойын бірден ұқтым. Ол да «көлік сыйлайтын бай ағам болса» деп армандап тұрған шығар. Бірақ бала: «Шіркін, сіздің ағаңыздың орнында болсам ғой» деп,...
date02.12.2014readCount7023readmoreТолығырақ
Бір түйір харам ас
Баязит Бистами жас кезінде құлшылықтарынан кейде ләззат ала алмай жүрді. Бірде анасына барып: –  Кейде өзімді Аллаһтан алыстағандай сезінемін, бірақ себебі өзіме беймәлім, – деп ішкі сырын айтады.  Анасы ойланып отырып: –  Бір-ақ нәрсе есімде, – деді, – сенің төрт-бес айлық кезің. Көтеріп алып көрші үйге барғанмын. Сәл отырғаннан кейін сен жылай бастадың. Мен уатпақ болдым, сен одан сайын жыладың. Ақырында амалым таусылып, көршінің рұқсатынсыз саусағымның ұшын...
date15.11.2014readCount7972readmoreТолығырақ
Шынайы махаббат
Ол күні үйге келгенімде жұбайым кешкі асты дайындап жатқан. Қолынан ұстап, бір маңызды нәрсе айтуым керек дедім. Қасыма отырды. Айтатындарым оның жүрегін ауыртатынын түсініп тұрдым, бірақ қанша қиын болса да айтуым керек деп ажырасайық дедім. Ашуланбады да, қарсы сөз де айтпады. Себебін сұрады. Ешнәрсе айта алмағаныма ашуланды. Басқа біреуді жақсы көретінімді қалай айтатынымды білмедім. Сол күні басқа ешнәрсе сөйлеспедік. Ол болса түнімен жылап шықты. Бірге өткізген 20 жылдан...
date12.11.2014readCount17108readmoreТолығырақ
Мен үшін не істедің?
Бірде Алла Тағала Мұса пайғамбарға: «Әй, Мұса! Мен үшін жасаған амалың бар ма?» – деп сұрайды. Мұса (а.с.): «Уа, Раббым! Сен үшін намаз оқыдым, ораза ұстадым, садақа бердім, сәжде жасадым. Саған мақтау айттым, кітабыңды оқыдым, сені еске алдым», – деп жауап берді. Бұны естігенде Алла Тағала: «Әй, Мұса! Бұның бәрі өзің үшін: намаз – сенің жол көрсетушің, ораза – қалқаның, садақа – өзіңе көлеңке, сәждедегі айтқан тәсбихтарың –жұмақта өзіңе саялы ағаш болады. Кітабымды...
date30.10.2014readCount7408readmoreТолығырақ
«Мені шұлығыммен көміңдер!»
Өте бай кісі өлімінің жақындағанын сезгенінде баласын жанына шақыртып ең маңызды өсиетін айтып: «Балам мені мазарға шұлығыммен көміңдер!» депті. Баласы түсінбегенімен жарайды деп қабыл етеді. Әкесі қолына тағы бір хат береді. Береді де: «Мен өлгеннен кейін бірінші қиналған кезіңде хатты ашып оқы!» дейді. Күндер өтіп ажалы келген әкесі жан тапсырады. Ал бұл кезде баласын бір ой мазалап жүреді. «Мен енді әкемді шұлықтарымен бірге қалай көмемін...» дейді қиналып. Қанша...
date20.10.2014readCount13304readmoreТолығырақ
Екі адамның құны
Баяғыда Сырым батыр ұзақ жолдан шаршап, шөлдеп келе жатса, алдынан бір қараша үй кез болыпты. Сыртта жүрген бір бойжеткеннен сусын сұрап, алып шыққан тостағанды бір-ақ сіміріп, терін сүртіп тұрып: «Апырай, бір аяқ сусын бір адамның құны екен ғой» депті. Оны естіген қыз бірден: «Қателесесіз, батыр. Бір тостаған сусын бір емес, екі бірдей адамның құны. Шөлдеген сіз сусын сұрағанда, тауып бере алмасам, ұяттан мен өлер едім, шөлден сусап сіз өлер едіңіз» деген екен.
date29.09.2014readCount7297readmoreТолығырақ
Жұмаққа дән егу
Әбу Әйюб әл-Ансари (р.а.) әңгімелеуде: «Миғраж түні Аллаһ расулы (с.ғ.с.) Ибраһим пайғамбармен (ғ.с.) жолығады. –  Уа, Мұхаммед, – дейді Ибраһим (а.с.), – үмбетіңе айт, жұмаққа қазірден бастап дән еге берсін. Жұмақтың топырағы өте құнарлы. Өздеріне бірнеше есе молайып қайтады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жұмақ дәнінің не екенін сұрағанда, Ибраһим (ғ.с.) оның «Лә хаулә уә лә қууатә иллә билләһ» екенін айтыпты».
date22.09.2014readCount9258readmoreТолығырақ