old.muslim.kz Ғибратнама - Muslim.kz
Періштелердің өзі одан ұялып, қысылатын...
Төрт халифаның бірі, ардақты сахаба хазіреті Осман (р.а.) жайында Айша (р.а.) анамыздан мынадай хабар жеткізеді: Бір күні Алланың Елшісі (с.ғ.с.) үстіне жамылғысын жамылып демалып жатқан кезде Әбу Бәкір (р.а.) келіп, үйге кіруге рұқсат сұрады. Расулалла өзінің күйін өзгертпестен оған кіруге рұқсат берді. Ол сұрайтын нәрселерін сұрап болғаннан кейін шығып кетті. Содан кейін Омар (р.а.) келді, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) және жағдайын еш өзгертпестен, оған рұқсат берді. Содан кейін Осман келіп рұқсат...
date24.02.2015readCount6516readmoreТолығырақ
Перғауынның әйелі – Әсия
Перғауынның әйелі Әсия жасырын иман еткен еді. Бұны Перғауын біліп қойғанда, оны күштеп дінінен қайтарудың амалдарын жасады. Әсия көп қорлық көрсе де шыдамдылық танытады. Сондай бір қиналған кезінде қасына келген Мұса пайғамбардан (ғ.с.): «Әй, Мұса! Айтшы, Раббым маған разы ма, жоқ әлде ашулы ма?» – деп сұрайды. Мұса пайғамбар (ғ.с.) оған: «Әй, Әсия! Жеті қабат көктің періштелерінің бәрі қазір сенің жолыңды тосуда. Бәрі сені сағынышпен еске алуда. Ұлы Алла сені мақтан тұтуда....
date21.02.2015readCount9179readmoreТолығырақ
Жәннаттық көрші
Мұса пайғамбар (ғ.с.) Тұр тауында Жаратушымен тілдескеннен кейін: – Уа, раббым! Маған жұмақтағы көршімді көрсетші? – деп сұрайды. Алла Тағала оған: – Пәлен деген қалада бір қасапшы бар. Сенің жұмақтағы көршің сол, – дейді. Мұса пайғамбар (ғ.с.) мәңгілік көршісінің қандай сауапты істерімен жәннаттық дәрежеге жеткенін білуге құмартып, іздеп жолға шығады. Көп сапар шегіп, көршісі мекен ететін шаһарға келіп қасапшыны тапқанда: – Әй, пәленше, мен саған құдайы қонақпын, – дейді....
date09.02.2015readCount6277readmoreТолығырақ
Махшар алаңы
Қиямет күні келіп, ақырғы сағаттар соққан уақытта Ұлы Жаратушының әмірімен күллі адамзат махшар алаңына жиналады. Сол күнгі қиындықтарға шыдай алмаған адамдар өздеріне шапағат жасай алатын ерекше біреуді іздейді. Жиналып ақылдаса келе: – Бәріміздің атамыз болған, Ұлы Алла үрлеп жан берген, періштелерге сәжде еткізген, жұмағына кіргізген Адам атаға (ғ.с.) барайық, содан жәрдем тілейік, – дейді. Сұрастыра келіп Адамның (ғ.с.) отырған жерін табады. Барып жағдайды баяндайды. Бірақ Адам...
date04.02.2015readCount13531readmoreТолығырақ
Шам ханзадасының қалыңдық таңдауы
Ертеде Шам елінің патшасы өзінің ұлына қалыңдық іздеп, халқына: «Кімде-кімнің 18 бен 20 жас аралығында Құран жаттаған қызы бар болса, сол үй бүгін түнде шамын өшірмесін, араларынан ұлыма сай жар таңдап алармын», – деп жар салады. Сол түні Шам жұртында бірде-бір шаңырақтың шамы сөнбеген екен. Осыны көріп таңғалған патша: «Енді кімде-кімнің 18 бен 20 жас аралығында Құран жаттап және оның тәпсірін меңгерген қызы бар болса, сол үйдің бүгін түнде шамы жанып тұрсын», – деп екінші...
date30.01.2015readCount6868readmoreТолығырақ
Сенен не сұрамақпын?!
Бірде екі ғасырға жуық өмір сүрген Нәжрандық бір қария сахабалардың бірі Мұғауияға (р.а.) қал сұрап келеді. Хазірет Мұғауия (р.а.) одан: «Өмірді қалай өткіздіңіз?» – деп сұрайды. Қария: «Бір жылдары ашаршылық көрсең, енді бір жылдары молшылық көресің. Күнді күн, түнді түн қуалап өте береді екен. Біреулер туылып жатса, енді біреулер өліп жатыр. Ешкім туылмаса, адамзат құрып кетер еді. Ал, ешкім өлмесе, дүниеге адамдар сыймас еді», – дейді. Мұғауия (р.а.): «Менен не тілейсіз,...
date28.01.2015readCount5845readmoreТолығырақ
Өкінішің бар ма?
Ибн Масғұд (р.а.) Куфада болған кезінде Куфа мектебінің негізін қалады. Кейіннен жылдар өтіп қартайған уақытта үстінен негізсіз шағым түсіп, анықтау үшін Мәдинаға шақырылды. Іс біткенімен, Куфаға қайта оралуға зауқы соқпады. Мәдинада сапарында бір кісі келіп: «Бүгін түнде түсімде Расулаллаһты көрдім. Қасында сіз отырдыңыз. Бір уақытта сізді өзіне жақындатып: «Менен кейін саған көрсетпегендері қалмады ғой, келші қасыма», – деді. Сіз: «Иә, Расулаллаһ, енді Мәдинадан...
date22.01.2015readCount5967readmoreТолығырақ
Халифа ұлдарына қайыры болмаған байлық
Мұсылман қауымы «бесінші халифа» деп таныған Омар ибн Абдул-Азиздің (61-101 һ.ж./681-720 м.ж.) он бір баласы болады. Өлім төсегінде жатып ол: «Менің сендерге мирас етіп қалдырар өзге дүнием жоқ» деп, ұлының әрбіріне бір динарға да жетпейтін ақша қалдырып кетеді. Басқа бір халифа Һишам ибн Абдул-Маликтің де (71-125 һ.ж./691-743 м.ж.) он бір ұлы болып, ол оның бәріне мыңдаған динар мұра қалдырып кетеді. Кейін Алла Тағала Омар ибн Абдул-Азиздің барлық ұлын байытып, олардың бірі дін жолындағы...
date12.01.2015readCount4643readmoreТолығырақ
Ал, сен намазды қалай оқып жүрсің?
«Намазды қалай оқисың?» деп сұрағандарға Хатами әс-Сам (р.а.):  «Намаз уақыты таяғанда, жақсылап дәретімді аламын. Намаз оқитын жерге барып, сәл кідіріп ойланамын. Сонан соң, намазға тұрамын. Қағба – дәл алдымда, сират (қыл көпір) – аяғымның астында, жаннат – оң жағымда, ал тозақ – сол жағымда, Әзірейіл – төбемде қарап тұрғандай сезіммен оқимын. Үміт пен үрей арасында әлемдердің раббысы болған Алла Тағаланың құзырында тұрғанымды ойлаймын. Тәкбір алып, мағыналарына...
date05.01.2015readCount9132readmoreТолығырақ
Арақты қайтем?
Абдурахман ибн Уәғлә әңгімелеуде: Бір жолы Ибн Аббастан (р.а.) арақ саудасы жөнінде сұрадым. Ол өзі куә болған мына оқиғаны айтып берді: Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұрынырақта Сақиф немесе Дәуа тайпасынан бір ескі танысы бар еді. Меккені азат ету кезінде іздеп келіп, өзінше құрмет деп білсе керек, Расулаллаһқа (с.ғ.с.) арақ құйылған кесе ұсынды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұны көргенде: «Ей, пәленше! Арақты Алла тағаланың харам еткендігін білмеуші ме едің?» – деп ұнатпаған...
date02.01.2015readCount5902readmoreТолығырақ