old.muslim.kz Ғибратнама - Muslim.kz
Дәуіт пайғамбар мен қасқыр
Дәуіт (ғ.с.) орынтағына жайғасып, Зәбүр оқып отырып, сүйретіліп әрең кетіп бара жатқан өзгеше түсті бір қасқырды көреді. Ішінен: «Апыр-ай, бұл қасқырды жаратудағы Хақ Тағаланың мақсаты не болды екен?» – деген ой келеді. Сол кезде Алла Тағаланың сөйлетуімен қасқыр оған: «Әй, пайғамбар! Күн сайын күндізгі уақытта мың рет «субханаллаһи уәл-хамду лиллаһи уә лә иләһа иллаллаһу уаллаһу әкбар (Алланы пәктеймін, мақтау айтамын, Одан басқа тәңір жоқ, Алла ең ұлы) деуді Алла маған...
date25.04.2015readCount5585readmoreТолығырақ
Адамның әурет жерін ашқанмен тең...
Иса пайғамбар (ғ.с.) бірде: «Ұйықтап жатқан адамның ұятты жері ашылып қалса, қайтер едіңдер?» – дегенде, насихат тыңдауға жиналғандар: «Жабамыз, әрине», –  деп жауап қатады. Сонда Иса пайғамбар (ғ.с.): «Меніңше, қайта жабық тұрған жерлерін қоса ашып тастайтын сияқтысыңдар», – дейді. «Ол не дегеніңіз?» – дегенде, ол өз сөзінің астарын былай деп түсіндіреді: «Біреудің айыбын жасыру – ашылған адамның ұятты жерін жапқан тәрізді адамдық іс. Ал, қосыла...
date21.04.2015readCount11947readmoreТолығырақ
Патша мен құмырсқа
Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) бір күні құмырсқадан бір жылдық азығының көлемін сұрайды. Құмырсқа оған бір жылдық азығының көлемі бір бидайдай екендігін айтады. Құмырсқаны сынамақ болған Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) әлгі құмырсқаны алып шыны әйнекке қаматады, тыныс алуына жағдай жасап, қоректенуі үшін қасына бір тал бидай дәнін қойғызады. Сөйтеді де тура бір жыл күтеді. Уақыт жетіп шыны әйнекті ашып қараса, құмырсқа әлгі бидайдың жартысын қалдырып, жартысын ғана жеген екен. Сүлеймен пайғамбар...
date18.04.2015readCount5926readmoreТолығырақ
Намаздың сиқыры
Жаймашуақ күндердің бірінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мешітте отыр еді. Жанына бір адам келіп жайғасты да: «Уа, Алланың Елшісі! Мен күнә жасадым, мені жазалаңыз», – дейді. Алла Елшісі үн қатпады. Әлгі кісі айтқанын тағы да қайталады. Осы арада намаздың уақыты болып, жамағат намаз оқыды. Намаздан кейін жаңағы адам тағы да жабыса кетті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сәл кідіріп оған қарады да: «Үйіңнен шығарда жақсылап дәрет алып па едің?» – деп сұрады.  –  Иә, жақсылап дәрет...
date13.04.2015readCount8108readmoreТолығырақ
Харижатул-Фаразинның қызына айтқаны
Тақуа кісілерден Харижатул-Фаразин қызы Әсманы ұзатарда былай деген екен: «Сен өскен ұяңнан жат жерге, өзің жете танымайтын адамға ұзатылып бара жатырсың. Сен оған жер бол, ол саған аспан болсын. Сен оған жайылып төсек бол, ол саған сүйенер тіреуің болсын. Ешқашан қытығына тиме, сені ренжітпесін. Одан тым алыстама, сені ұмытар. Жақындаса, сен де жақында. Сенен аулақтаса, сен де алыстау тұр. Мұрныңды, құлағыңды және көзіңді мұқият таза ұста, ол сенен тек жақсы иіс сезсін, жақсы сөз...
date06.04.2015readCount4815readmoreТолығырақ
Отыз жылдық тәуба
Индонезия елінің Горонтало шаһарында пайда болған бес саудагер жайындағы әңгімені ең әуелі қала базарындағы сатушылар естіп білді. Әр тұтынушыны түстеп танитын сатушылардың аңдыған-баққандары сол емес пе? Сөредегі дүниесін асыра мақтап, қайтсе де ылдым-жылдым өткізіп жіберуге әбден дағдыланған, адамдарды алдап-сулап баюдың жолына шырақ алып түскен олардың бойын іштарлық, қызғаныш сынды қызылкөз нәпсі жайлағалы қа-ша-ан?! Байқайды, жаңадан келген саудагерлердің азық-түліктері мен...
date02.04.2015readCount5085readmoreТолығырақ
Зинаның алты кеселі
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бірде мынадай өсиет айтты: «Зинадан сақтаныңдар, өйткені оның адамды азапқа салатын бұл дүниеде үш, ақыретте үш, барлығы алты кесірі бар. Бұл дүниедегілері мынау: Кедейлікке итермелейді Өмірді азайтады Жасаған адамды қара бет қылады. Ақыреттегілері мынау: Алла Тағаланың ашуын тудырады Есебін ауырлатады Тозаққа итермелейді.
date28.03.2015readCount14055readmoreТолығырақ
«Лә иләһа иллаллаһ»
Табиғиндерден шыққан Саид ибн Жүбәйр Әмәуилер билеген дәуірде олардың қателігін бетке айтудан қаймықпаған өжет мінезді, рухани терең кісі еді. Түн баласы құлшылықтан бас алмай, егіліп дұға жасайтын. Оны жазалау үшін Хажжажға апара жатқан кезде, жендеттер азулы жыртқыштары көп ормандағы бір шіркеуге түнеуге бекінеді. Саид ибн Жүбәйр болса, «Бұл түн менің соңғы түнім, ертең ақыретке сапарым бар, Раббыммен оңаша қалдырыңдар», – деп шіркеуге енбей сыртта қалғысы келетінін...
date17.03.2015readCount7687readmoreТолығырақ
Сүрені имамның оқуы
Бірде Әбу Ханифаға бір топ адам келіп, «намазда сүрелерді тек имамның оқығаны жеткілікті» деген пәтуаға келіспейтіндіктерін білдіреді. Бірақ біреуі неге ондай пәтуа бергенінің себебін сұраса, енді бірі имамды айыптап мәжілісті азан-қазан қылады. Шулаған көпшілікке имам байсалды үнмен: –  Мен қайсыңның сөзіне жауап беріп, қайсыңмен сөйлесемін?! Араларыңнан біреуің шығып маған бәрін түсіндіріп айтсын, – дейді. Жұрт тынышталып, араларынан бір уәкіл сайлайды. Имам...
date11.03.2015readCount4796readmoreТолығырақ
Сабасына түскен құл
Бір патша құлымен бірге кемемен жүзіп келе жатты. Бұрын кемеге мініп көрмеген құлы қорқып жылай бастайды. Жұрттың мазасын алды. Оны ешкім сөзбен жұбата алмады. Сонда бір данышпан кісі патшаға: «Егер рұқсат етсеңіз оны тыныштандырайын», – депті. Патша рұқсат беріпті. Данышпан құлды теңізге тастайды. Байғұс құл суға бір батып, бір шығады. Екінші батқанында оны шашынан тартып, қайтадан кемеге шығарып алыпты. Құл кемеге әзер дегенде мініп, бір бұрышқа барып бүрісіп, үн-түнсіз отырып...
date04.03.2015readCount6125readmoreТолығырақ