old.muslim.kz Ғибратнама - Muslim.kz
Раббың сен үшін сауда жасап жатыр. Ал, сен...
Бірде бір әйел Дәуіт пайғамбардың (ғ.с.) үйіне келіп: «Уа, Пайғамбар! Айтшы! Раббың осы әділ ме әлде залым ба?» – дейді. Дәуіт пайғамбар (ғ.с.): «Тарт тіліңді! Алла – еш зұлымдық жасамайтын әділдің әділі!» – деп, әлгі әйелден бұлай деуіне не себеп болғанын сұрайды. Сонда әйел: «Мен үш қызым бар жесір әйелмін. Жүн иіріп, оны жіп қылып, мата тоқумен қыздарымды бағып-қағып, асырап келемін. Кеше де бір қызыл мата тоқып едім. Оны базарға сатып, бала-шағама қажеттерін алу үшін...
date21.06.2015readCount5676readmoreТолығырақ
Зер қадірін зергер білер...
Бұл оқиға Әбу Юсуфтың тым жас кезінде болған еді. Білім алуды бастаған уақыттың бір күнінде Әбу Юсуф моншаға барады. Моншадан шығып бара жатқанда, монша иесі одан ақы сұрайды. Берерге ақшасы жоқ Әбу Юсуф өзінің ілім ізденуші жас шәкірт екенін айтып кешірім сұрайды. Бірақ монша иесі оған көнбейді. Ақырында, Әбу Юсуфтан кепілдікке кітаптарын алып қалады. Шәкірт үйіне өте көңілсіз оралады. Бірнеше күн бойы ұстазына бармай, үйінде бүк түсіп жатып алады. Шәкіртінің көрінбей қалғанына...
date16.06.2015readCount4874readmoreТолығырақ
Мұсылман көрші
Бірде Осман мемлекетінің патшасы Фатих Сұлтан Мехмет тағамдардың сапасын және бағасын білу үшін киімін өзгертіп, базарға шығады. Бір дүкенге кіріп, сатушыға: – Маған жарты келі май, жарты келі бал және жарты келі ірімшік беріңіз, – дейді. Сатушы жарты келі май өлшеп, ақшасын есептеп болғаннан кейін: – Аға, сұрағандарыңыздың қалғанын көршімнен алыңыз. Өйткені, оның заттары жақсырақ әрі көршім әлі ештеңе сатқан жоқ, – дейді. Патша екінші дүкенге кіріп, ол жерде жарты келі бал...
date08.06.2015readCount5369readmoreТолығырақ
Аяқ киімдегі ақша
Бір шәкірт ұстазымен егін алқабын аралап келе жатады. Кенет әлгі екеудің жол шетінде жатқан тозығы жеткен бір аяқ киімге көздері түседі. Шәкірт ұстазына: – Шамасы, мынау егінші шаруаның аяқ киімі сияқты. Тығып қойсақ қайтеді? Сосын бір жерге жасырынып, қалай абдырап, сасқалақтағанын қызықтайық, – дейді. Сонда ұстазы: – Кедейлерді әбігерге салуды қызық көріп, олардың есебінен көңіл көтергеніміз адамдыққа жатпайды. Өзіңе бақыт пен шаттық сыйлағың келе ме? Онда оны мазаққа...
date03.06.2015readCount7345readmoreТолығырақ
Алтыншы мұсылман
Бірде Меккедегі танымал адамдардың бірі Үммі Әнжар базарға барып, шаруасына қолғабыс ететін құл таңдады. Әрбір құлды жеке-жеке тексеріп, өзі зерек, денсаулығы мығым, көзі от шашқан бір баланы кезіктірді. Іле ақшасын төлеп, ертіп кері қайтты. Жол үсті Үммі Әнжар баладан жөн сұрағысы келді: –  Атың кім?–  Атым – Хаббаб.–  Ал, әкеңнің есімі кім?–  Әрат.–  Қай жерден боласың?–  Нажидтен боламын.–  Онда сен араб болдың ғой.–  Иә, оның үстіне Бәні Тәмим...
date01.06.2015readCount4669readmoreТолығырақ
Жаным ашиды
Бір күні халифа Омар (р.а.) бірнеше адамдармен шіркеудің жанынан өтіп бара жатып, сақал-шашы аппақ қудай, қарттықтан қалжыраған бір попты кезіктіреді. Халифа оны көргенде, көңілі босап, солқылдап жылап жібереді. Жанындағылар себебін сұрағанда: –  Төрінен көрі жуық мына кісіге жаным ашып жыладым. Осы жасқа келгенше адамзаттың мақтанышы Мұхаммед пайғамбарды (с.ғ.с.) танымаған екен. Танымаған қалпында дүниеден өтіп бара жатыр. Мұны көрген мұсылман жыламай қайтсін, – дейді. 
date30.05.2015readCount4667readmoreТолығырақ
Жәннатқа жеткізген құдық
Бәшир әл-Әслами әңгімелеуде: «Мұһажир мұсылмандар көшіп келген алғашқы күндері Мәдинаның суына үйренісе алмай, кәдімгідей қиналды. Ғыфар ұлдары қауымынан шыққан бір кісінің мөлдір, тұщы сулы «Рума» деген құдығы бар еді. Ол сол құдықтың суын сатып күнелтетін. Бір күні Алла елшісі (с.а.с.) оған: «Мына құдықты жұмақтағы құдыққа айырбастағың келмей ме?» – деп сұрады. Әлгі кісі қиналып: «Уа, Расулалла! Мен отбасымды осы құдықтан түскен табыс арқылы асырап отырмын. Мен оны...
date25.05.2015readCount6796readmoreТолығырақ
Халифаны жылатқан сахаба
Хазіреті Омар (р.а.) өзінің халифалық кезеңінде Химс қаласының беделді азаматтарына арнап хат жазады. Ол хатта халифа айналасындағы кедейлердің хал-қадірін білдіруін сұрап, өз тарапынан жәрдемдесетіндігін жеткізеді. Халифаның хатына жауап ретінде Химстықтар Шам қаласының және айналасында тұратын кедейлердің мұң-мұқтаждықтарын, талап-тілектерін қағазға түсіріп, мұсылмандардың әміршісі Омарға жібереді. Хазіреті Омар (р.а.) қолындағы хаттан жағдайы жоқ, тұрмысы төмен кедейлер...
date04.05.2015readCount6736readmoreТолығырақ
Отқа күймеген пайғамбар
Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар ретінде жіберілген кезде, ел ішінде пұтқа табынушылық кең етек алған заман еді. Ибраһим пайғамбар пұттардың ес-түссіз, жай ғана мелшиген меңіреу тастар екендігін, Жаратушы бола алмайтындығын қанша түсіндіре айтса да, оларды көндіре қою аса қиын шаруа еді. Өйткені, олар ылғи да қарсы дау айтудан жалықпайтын. Сондықтан да болар Ибраһим (ғ.с.) олардың саналарына сәуле бітіріп, шел басқан көңілдерін ояту мақсатында ғибратты бір іс істеуді ұйғарды. Бір күні қала халқы...
date30.04.2015readCount4337readmoreТолығырақ
Байлықтан кейінгі кедейлік
Мұса пайғамбардың (ғ.с.) уақытында бір кедей өмір сүріпті. Бірде әлгі кедей Мұсаға келіп: Алладан маған байлық сұрашы», – деп жалыныпты. Сол кезде Алла Тағала Мұсаға (ғ.с.): «Мен бұл құлымның ендігі қалған жарты өмірінде бай, жарты өміріден кедей етейін. Бірақ алдымен байлықты қалайды ма, әлде кедейліктің зарын тартып, кейіннен байығысы келе ме өздері таңдасын!» – деп уахи етеді. Мұса пайғамбар кедейді шақырып, Алла Тағаланың оларға таңдау еркін бергенін жеткізеді. Кедей...
date27.04.2015readCount6650readmoreТолығырақ