Пайғамбар немерелері Хасан мен Хұсейін кішкене кездерінде ауырып қалды. Уайымдап қалған Али мен Фатима (р.а.) балалары жазылғанда, шүкіршілік ретінде ораза ұстай бастады. Алғашқы күні ауызашарға дайындаған тамақты енді ауызға ала бергенде, қайыр сұрап келіп жетімдерге қиды.
Өздері ауыз ашпастан екінші күнгі оразаға ниет етті. Екінші күні де ауызашарға дайындаған тамақты «Құдай үшін беріңдерші» деп келген кембағалдарға берді. Бұл кеште де ауызашпастан үшінші күнге ауыз...
Хазірет Үмму Сүйләйім ары таза, тәрбиелі, иманы берік әйел болатын. Құшағындағы баласы дүние салғанда, асқан бір сабырлылық танытып мәйітті өзі жауып, кебіндеген соң, үйдің бір тұсына апарып қойған күйі көршілерге қарап:
– Әзірге әкесіне хабар бермеңдер! - деп қатаң табыстады. Әкесі Әбу Талха кеш бата үйге келіп, ауырып жатқан баласының жағдайын сұрайды. «Сен кетердегіден әлдеқайда тәуір», - деп жауап брді әйелі. Екеуі бірге ас ішті. Әңгімелесіп отырғанда хазірет Үммү Сүләйім...
Қойнына шөлмегін қысқан бір кісі мешіт жанынан өтіп бара жатыр. Бесін намазын мешіттен оқып шығып келе жатқан имам әлгі масты көріп:
- Бауырым, тоқташы. (Ішімдікке біршама қызып алған әлгі кісі имамның даусын ести сала шөлмегін жасырып әлектенді)
- Оооо, молдеке, ассаляму алейкум! Амансыз ба?
- Уағалейкум ассалям, бауырым! Аманбыз. Өзің қалайсың?
- Көріп тұрғаныңыздай жүріп жатырмыз...
- Саған бір өтінішім болып тұр. Маған әлгі мені көріп тығып қойған қойныңдағы арағыңды берсең – деп,...
Бір отбасының кішкене бөбегі бар еді. Күндердің күнінде Алланың әмірімен сәбиі науқастанып, жан тапсырды. Бұған ата-анасы іштей қатты қайғырды. Бірақ, тағдыр ісіне мойынсұнып, сабыр сақтауды ұмытпады.
– Баланы аманат ретінде бізге берген Алла сол аманатын қайтып алды, – деді отағасы жұбайын жұбата: – Сабыр етсек, баламыз ақыретте бізге шапағат етіп, жәннатқа бастайтын болады. Сабыр сақтағандарға үлкен сауап уәде етілген. Алланың қай ісінде де хикмет бары сөзсіз.
– ...
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманында Шифа атты әйел сахаба өмір сүріпті. Шифаның діндарлығы, білімділігі мен көріктілігі қаншама жанның аңыз қылып айтар әңгімесіне айналады. Үйленуге ұсыныс тастап, әр тараптан кесе-кесе алтын, керуен-керуен түйелерді сыйлыққа жібергенімен, ешбірін қабыл етпей, кері қайтарады екен.
Бір күні Шифа Алла Елшісіне (с.ғ.с.) келіп:
– Уа, Алланың Елшісі! Алла ризалығын алу үшін маған қандай амал жасауға кеңес бересіз? – деп сұрайды. Ардақты Пайғамбарымыз...
Тыныш та, тымық түннің бірінде халифа Омар (р.а.) әдеттегіше қаланы аралап жүрді. Кенет қалаға тақау маңда аялдаған бір керуенді көзі шалды. Қайдан келіп, қайда бет алған керуен екенін білмек болып таяп барды. Керуендегілердің бәрі тегіс ұйқыға бас қойыпты. Халифа олардың жүгіне қарап, христиандар екенін байқайды. Бірақ күзетшілері де жоқ сияқты, тып-тыныш, тықыр еткен жан баласы жоқ. Әзірге адамы да, тауары ұры-қарыдан аман. Бірақ кім біледі, біреу жіті бақыламаса суық қолдылардың...
Тарық ибн Шиһаб (р.а.) әңгімелеуде:
«Бірде Салман Фарисидың үйіне барып, түнде қалай намаз оқитынын көргім келді. Түн ауа тұрды да, кәдімгідей ғана намаз оқыды. Одан ерекше құлшылық күткен мен әлгіні азсындым. Менің күйімді түсінген болуы керек, өзі бастап мені сөзге тартты:
– Бес уақыт намазға қатты мән бер. Адам баласы өте ауыр күнә жасамаса, бұл бес уақыт намаз ұсақ күнәларын жуып-шаяды.
Адамдар кешке қарай үш түрлі болады. Түн кейбір адамдарға пайда, кейбіреуге зиян әкеледі. Енді...
Иса пайғамбар (ғ.с.) бірде қатты жауған жаңбырдың астында қалып қояды. Дереу ықтайтын жер іздейді. Алыстан күрке көрінген соң таяп барғанда, іште бір әйелдің отырғанын көріп, ол үйге кірмегенді жөн санайды. Төпелеп жауған жауынның астында сая іздеп, жолмен өрлегенде, алдынан бір үңгір кездеседі. Үңгірге бас сұға бергенде, іште бір арыстанның жатқанын көреді. Сол сәт пайғамбар арыстанның сауырынан сипап тұрып дауыстап: «Уа, Раббым! Әрбір тіршілік иесіне жұп нәсіп еттің, маған ғана жар...
Алла Тағала Мұса (ғ.с.) пайғамбарға:«Әй, Мұса! Пәлен деген жерде бізге дос адамдардың біреуі қайтыс болды. Сен барып соның жұмыстарын реттестір. Сен бармасаң да, біз оны бәрібір мейірімнен құралақан қалдырмаймыз», – деп бұйырды.
Мұса (ғ.с.) айтылған жерге барды. Сол жақтың кісілерінен: «Бүгінгі түні Алла Тағалаға жақын, иманы берік жандардан кім көз жұмды?» – деп сұрастыра бастайды. Бірақ ел оған: «Ей, Мұса пайғамбар! Алла Тағаланың досы еді дейтіндей ешкім қайтыс болған...
Бір күні ірі табиғин ғалымы Хасан Басриге бір адам келіп, қызының соқыр болып қалғанын айтады.
– Әй, имам, менің қызым күні-түні Құдайды ойлап көп жылайды. Тіпті, қос жанары суалып кетті. Баспаған жерім, бармаған тауым жоқ. Ешкім емдей алмады, – дейді.
– Мені ертіп бар, – деді Хасан Басри, – жолығып көрейін.
Екеуі үйге жетеді. Шынымен де қызы су қараңғы соқыр екен, өзі жылап отыр. Хасан Басри мұны көргенде:
– Қызым, неге жылай бересің? Тіпті екі көзіңнен де...
101610131007996994992982981978975