Жылыжүзділік
Үммү Дәрда (р.а.) әңгімелеуде: «Күйеуім Әбу Дәрда бір нәрсе айтпақ болса, сөзін күлімсіреп барып бастайтын. Бір күні мен оған: – Сенің мына қылығыңды көрген ел не ойлайды? – дегенімде, ол: – Аллаһ елшісі сөйлемекші болғанда үнемі күлімсірейтін, – деп жауап берген еді».
date02.08.2016readCount5251readmoreТолығырақ
Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
Рухани алып Хасан Басри бір күні жолдастарымен жолда кетіп бара жатып, елге танымал жоғарғы шенді бір төренің баласын жолықтырыпты. Елге үкімі жүріп тұрған басшының баласы маймаңдаған боз жорға үстінде бір топ қызметшілерімен сырнайлатып-кернейлетіп кетіп бара жатса керек.  Хасан Басри жол ортасында тұрып аз-кем жөн сұрасқаннан кейін балаға қарап: – Ей, бай-манаптың баласы! Сендердің нені болсын, кімді болсын ақшамен өлшейтіндерің белгілі. Мұндайға менен басқа ешкімнің жүрегі...
date25.07.2016readCount4685readmoreТолығырақ
Сынған құмыра
Үлкен әулие кісілердің бірі Ибраһим Хаққы бала кезінен бастап көп жыл бойы Исмайыл Фақыруллаһтың шәкірті болған. Фақыруллаһтың жақсы тәрбиесін көрген Ибраһим бір күні қолына құмыра алып бастауға барды. Құмырасын суға толтырып жатқанда қасына жақындаған бір атты: - Әй, бала, тұр былай жолдан! – деп, сонадай жерден әкіреңдеп, атымен баса-көктей бастауға беттеді. Ибраһим құмырасын алып, шетке шықпақ болып еді, атты кісі бұны қорқытып зәресін ұшырайын деген ниетпен атымен басып...
date25.07.2016readCount4691readmoreТолығырақ
Нәпсінің дауасы
Аллаһ тағала ақылды жаратқанда, оған: «Әй, ақыл, бері қара!» – деп бұйырады. Ақыл қарағанда, «Мен кіммін? Сен кімсің?» – деп сұрайды. Ақыл «Сен құдіретті Жаратушысың, мен жаратылған мақұлықпын», – деп жауап береді. Аллаһ тағала бұл жауапты естігенде, «Әй, ақыл, сенен асқан абыройлы нәрсе жаратпадым», – дейді. Нәпсіні жаратқан кезінде оған да: «Әй, нәпсі, бері қара!» – деп бұйырады. Бірақ нәпсі қарағысы келмейді. Аллаһ тағаланың «Мен кіммін? Сен...
date23.07.2016readCount7188readmoreТолығырақ
Үмітсіз – шайтан
Баяғыда әкелі-балалы екеу болыпты. Қанша тәрбиелесе де, жағымсыз қылықтан алшақ болуды үйретсе де қайталана беретін баласының сотқар қылықтары әкесінің жанына батады екен. Бірде бала аяқасты қатты науқастаныпты. Әкесі қолдан келгенін аянып қалмағанмен, ұлының жағдайы күннен күнге нашарлай береді. Перзентінің сотқар қалпынан түзелмегеніне іштей налыған әкесі: –  Ұлым-ау, алда-жалда олай-бұлай болып кетсең жағдайың не болмақ? Қиқар мінезіңді де түзеп үлгірмедің, – депті...
date23.07.2016readCount6076readmoreТолығырақ
Баланы қарғамау
Бір кісі Ибн Мүбәракқа (р.а.) келіп баласының қылықтарына ашулы екенін білдіреді. Ибн Мүбәрак: – Балаңды қарғап па ең? – деп сұрайды. Ол: «Иә», – дегенде, – Ендеше, балаңның тәрбиесін бұзған өзің екенсің, – дейді.
date16.07.2016readCount5267readmoreТолығырақ
Осы кейпімнен танбаймын
Табиғин кезеңінде нәпсімен күреске қатты көңіл бөлінген. Сол кезеңдегі ғалымдардың бірі Мәсруқ Меккеде тұрған кезінде оң жаққа я сол жаққа жантайып ұйықтамай, үнемі құбыланы бетке алып сәждеде ұйықтаған. Науқастанған кезінде оған: «Кішкене тынықпадыңыз ба?» – дегендерге, «Аллаһқа ант етейін, ғайыптан маған бір дауыс естіліп: «Болды, Аллаһ сені азаптамайды», – десе де, мен бәрібір осы кейпімнен танбаймын», – деп жауап берген.      
date16.07.2016readCount3262readmoreТолығырақ
«Қорықпай ұйықтай берейік!»
Анасы бөлменің жарығын сөндіріп, кішкентай баласын ұйықтатуға ыңғайланды. Бала бөлме қараңғылығынан қорқып, елегізіп ұйықтай қоймады. Сәлден соң бұлт арасынан жарқ етіп шыққан ай нұры үй ішіндегі қараңғылықты сейілте бастады.  Бала анасынан: «Бұл не?» - деп сұрады.– Ол аспандағы ай ғой.– Ай аспанның шамы ма?– Иә, құлыным.– Сонда Алла Тағала аспанның жарығын өшіріп ұйықтай ма? – деді бала тағы да. – Жоқ, балам! Алла Тағала аспанның жарығын сөндірмейді және қорықпа,...
date08.07.2016readCount5600readmoreТолығырақ
«Бір» және «нөл»
У-шу болып жатқан сыныпқа кіріп келген ұстаз шәкірттеріне сынай қарап тұрды да тақтаға үлкен қылып «1» санын жазып: - Бұл – «ИМАН», адамдарда болуға тиіс ең бірінші қасиет осы «ИМАН» болуға тиіс, – деді.  Сосын «1-дің соңына «0»-ді жазып: «Бұл – МАХАББАТ. Ал, бұл бір ғана болып тұрған ИМАНДЫ 10-ға айналдыра алады, сосын – ТАБЫС,  ол 10-ды 100 болдырады», – деп жалғастырып, ары қарай ТӘРТІП, ТӘЖІРИБЕ, БІЛІМ, АДАМГЕРШІЛІК, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ т.б. жақсы...
date29.06.2016readCount5599readmoreТолығырақ
Есікті үш рет қағудың сыры
Бір күні Әбу Мұса әл-Әшғари хазірет Омардың үйіне келеді. Табалдырыққа жақын келіп, есікті үш рет қағады. Іштен «кір» деген дауыс естімеген соң, келген ізімен кері қайтады. Омар (р.а.) шаруасын бітірген соң «Абдуллаһ ибн Қайстың даусын құлағым шалғандай болды, рұқсат етіңдер, ішке кірсін», – дейді. Қасындағылар оның қайтып кеткенін айтады. Хазірет Омар (р.а.) артынан адам жіберіп, Әбу Мұсаны шақыртып алады да, «Неге күтпедің?» – деп сұрайды. Сонда Әбу Мұса (р.а.) тұрып:...
date17.06.2016readCount11151readmoreТолығырақ