Жаймашуақ күндердің бірінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мешітте отыр еді. Жанына бір адам келіп жайғасты да: «Уа, Алланың Елшісі, мен күнә жасадым, мені жазалаңыз», – дейді. Алла Елшісі (с.ғ.с.) үн қатпады. Әлгі кісі айтқанын тағы да қайталады. Осы арада намаздың уақыты болып, жамағат намаз оқыды. Намаздан кейін жаңағы адам тағы да жабыса кетті.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сәл кідіріп оған қарады да: «Үйіңнен шығарда жақсылап дәрет алып па едің?» – деп сұрады. – Иә, жақсылап дәрет...
Харун Рашид уәзірі екеуі бір күні халық арасына шығыпты. Ел ішін аралап жүріп құрма ағаштарының көшетін отырғызып жатқан бір қарияға жолығыпты. Амандасқаннан кейін араларында мынадай әңгіме өрбиді:
- Алла Тағала қолыңызға қуат берсін! Қария, мына істеп жатқаныңыз не?- Құрма ағаштарының көшетін отырғызып жатырмын.- Ал, бұл егіп жатқан құрма ағаштарыңыз қашан гүлдеп, қашан жеміс бере бастайды?- Е, кім білсін енді оны, мүмкін жиырма жылдан кейін үлкейіп жеміс бере бастайтын шығар.- Ол кезде...
Бір күні Иса пайғамбар (ғ.с.) жолға шықпақ болып жиналады. Кенет оған бір адам келіп өзін де ала кетуін өтінеді. Пайғамбар келіседі. Екеуі жолдас боп, бірге сапар шегеді. Ұзақ жүріп бір өзеннің жағасына демалып, сол жерде ауқаттанып, аяқ суытады. Дастарханға қойылған үш нанның екеуін жеп, біреуі қалады. Хазірет Иса (ғ.с.) өзеннен су ішіп келгенде, үшінші нан жоғын байқайды.
– Нанды кім алды? – деп серігінен сұрайды.– Білмеймін, – деп жауап береді жолдасы.
Иса (ғ.с.) қайталап...
Бірде Мұса пайғамбар (ғ.с.) қолын жайып: «Уа, Раббым! Құлдарыңның арасындағы Сенің достарың кімдер, маған білдірші?! Сен үшін оларды жақсы көргім келеді», – деп дұға етеді. Сонда: «Олар – кедейлер, тіпті кедейлердің барлығы», – деген жауап естиді.
Үлкен фиқһ ғұламасы Әбу Ләйс Самарқанди әңгімелейді:
«Алладан қорыққан адамда жеті түрлі белгі болады.
Біріншісі – тілге қатысты белгі. Алладан қорыққан адам тілінің қызметі арқылы өтірік, өсек, ғайбат айтпайды, ешкімді шағыстырмайды. Оның орнына Құран оқиды, зікір айтады, іліммен шұғылданады.
Екіншісі – жүрегіне байланысты белгі. Алладан қорыққан адамның жүрегінде басқаларға деген қызғаныш, көре алмаушылық, іштарлық, жалақорлық болмайды, өйткені хадисте: «От ағашты...
Оны алғаш медресемізге анасы ертіп келгенді. Құжаттарын қабылдау барысында есімін сұрағанымда «Фатима» деп, жауап берген болатын. Артынша:
− Егер мені қари ете алмайтын болсаңыздар, шәкірт болудан бас тартамын − деп, бізді біраз састырғаны әлі есімде. Ынтасына іштей таңырқап:
− Сен еш уайымдама, қаласаң қари болып та, ұстаз болып та шығасың!.. – дедім.
Оны алғаш медресемізге анасы ертіп келгенді. Құжаттарын қабылдау барысында есімін сұрағанымда «Фатима» деп,...
Омардың (р.а.) заманында ішкілікке салынған бір мұсылман болыпты. Жақындары қанша ескерту жасағанымен, осы бір жаман әдетінен өздігінен айыға алмайды. Туыстары жаны ашып «бұл әрекетіңнен Омар хабардар болса, жағдайың қиын болмақ» десе де, құлағына ілмейді.
Омардан (р.а.) қаншалықты ұзақта жүргенімен, араға уақыт салып, ұнамсыз әрекеті халифаның құлағына жетеді. Омар (р.а.) хатшысын шақыртып, «Рахман әрі аса Рақымды Алланың атымен (бастаймын). Ха Мим. (1) Кітаптың түсірілуі, өте...
Бір күні Әбу Ханифа таң намазынан кейін көптеген мәселелерге пәтуа береді. Көпшіліктің ішінде отырған біреу имамның бұнысын аса жақтырмай:
– Уа, имам, таң мезгілінде Алланы зікір еткеніміз дұрысырақ емес пе еді? – дейді. Сонда имам оған:
– Әр нәрсенің адал, арамын білдіруден артық іс бар ма? Жолға азық алмай шыққан адам қанша жүреді, әйтеуір бір ашықпай ма? Сондықтан құлшылық үшін де адам ілімін арттырып отыруы керек, – деп түсіндірген екен.
Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар ретінде жіберілгенде ел ішінде пұтқа табынушылық кең етек алған еді. Ибраһим пайғамбар (ғ.с.) пұттардың ес-түссіз, жай ғана мелшиген меңіреу тастар екендігін, Жаратушы бола алмайтындығын қанша түсіндіре айтса да, оларды көндіре қою аса қиын шаруа еді. Өйткені олар ылғи да қарсы дау айтудан жалықпайтын. Сондықтан да болар Ибраһим (ғ.с.) олардың саналарына сәуле бітіріп, шел басқан көңілдерін ояту мақсатында ғибратты бір іс істеуді ұйғарды.
Бір күні қала халқы...
Бірде бір кісі мешітке келіп ұйықтап қалады. Қалтасында ақша салған әмияны болатын. Ұйқысынан оянған кезде әмиянының ұрланғанын байқайды.Қасында намаз оқып тұрған Жағфар Садықты көріп, күмәндана бастайды. Намаз біткеннен кейін ол кісінің жағасынан алып, жоғалған дүниесін онан көре бастайды.
– Менен не қалайсың? – дейді мән-жайды түсінбеген Жағфар Садық. – Ақша салған әмияным жоғалды. Қасымда сенен басқа ешкім жоқ. Демек, оны алған сен екенің анық, – дейді ол. –...
1077107310691068106710631060105610531050