Жер бетінде жап-жасыл бір арал бар-тын. Ол жерде жалғыс басты ірі қара өгіз жүретін. Ол қас қарайғанша жайылып, шөпке тойып семіретін еді. Ал, кеш батса күні ертең не жеймін деп қайғырып, бұл уайым оны дертке шалдықтырып жүдететін. Бірақ, таң атысымен тағы да жайылуға кірісетін. Қалың шөпке қарық болып, жасыл алқапты жалпағынан жайпайтын. Өгіз аш қалудан қорқатын. Сондықтан жаз мезгілінде күні бойы жайылып, шөптерді бастан аяқ жеп бітіруге тырысатын. Алайда, артынша тағы да денесіне...
Шешесі бірде Әбу Ханифаға өтініш жасап, бір мәселенің жауабын ғалым Омар ибн Зәррден сұрап келші деп жұмсайды. Айтқан кісісі алты шақырымдай алыста тұратын. Әбу Ханифа анасының айтқанын екі етпестен дереу әлгі кісіге барады. Шешесінің өтінішін жеткізеді. Алайда ғалым ол жауапты білмейтіндігін айтып, жауабын Әбу Ханифаның өзінен сұрайды. Әбу Ханифа ол жауапты білетін еді, айтып берді. Таңырқаған Омар ибн Зәрр: «Өзің де біледі екенсің, маған несіне келіп әуре болдың?» – деп...
Жазғы демалысқа шығысымен әке-шешесі Сәбитті айран-қымыз ішсін, құрт-май жеп толыссын деп, ауылдағы атасының үйіне апарып тастады. Сәбит енді жайлауда асыр салып жүр. Ет жеп, қымызға қызара бөртіп жүретін болды. Енді ол бұрынғы жүдеу Сәбит емес, көркі көз тартарлық палуан Сәбитке айналды.
Атасы оған бір қара қасқа тай сыйлады. Сәбит тай мініп шапқылауды да үйреніп алды. Жайлаудағы балалармен жарыса түскенде басқаларды шаңына да ілестірмеді.
Бір күні атасы екеуі балық аулауға барды....
Бұрынырақта Исрайылұлдары арасында құлшылыққа берілген тақуа бір кісі өмір сүрді. Күндердің күні сол отағасының дастарханы жұтап, бала-шағасымен аш қалды. Түк таппаған кезде шарасыздықтан бір нәрсе тауып келу үшін әйелін көшеге жұмсады.
Әйелі бір саудагердің үйіне барып, бала-шағасының қатты ашыққанын айтып, көмек сұрады. Саудагер болса әйелге: «Көмек беремін, бірақ...» – деп өзінің жаман ойы барын білдіреді. Әйел ештеңе де жауап айтпастан кері бұрылып үйіне қайтып кетеді....
Олар өте бақытты отбасы болатын. Бірақ, бір күні анасы ауру себебінен сүйікті күйеуі және енді ғана үш жасқа толған сүйкімді қызын тастап, бұл дүниемен қоштасты. Сәби күн сайын әкесінен «Анам қашан қайтып келеді?» деп сұрайтын. Ал әкесі қызын жұбатып, «Қызым, анаң өте алыс бір жерге жұмысқа кетті» деп алдаусыратып ұйықтататын.
Сөйте жүріп, қызы алты жасқа шыққан жылы әкесі мейірбан, ақкөңіл бір әйелмен танысады. Бір күні әкесі қызына: «Қызым, анаң қайтып келетін болды. Сен...
Есік қағылғанда, кәрі әже таяғына сүйеніп орнынан баяу түрегеліп, дәліз бойлай сыртқы есікке беттеді: келгендер ұлының әскердегі достары екен. Екеуі де әженің әжімді бетінен сүйіп, амандасқаннан кейін ұзын бойлысы: – Апа, біздің уақытымыз тығыз. Сізге әшейін кіріп, амандасып, қал-жағдайыңызды біліп шығайын деген едік, – деді имене.
– Үйбай-ау, үйге кірген жыланның да басына ақ құйып шығарып салмаушы ма еді?! Асықпай отырып, дәмнен ауыз тиіңдер. Астан үлкен кім бар, – деп...
Кәрі әже қонақтарына айран құйып беріп жатып: – Сендер де келмесеңдер, мен байғұстың есігі қағылмайды екен-ау. Түу, менің көңілімді бір көтеріп тастадыңдар, – деді іштегі қуанышын жасыра алмай.
Күйеуі әлдеқашан қайтыс болған қарт ана өзі секілді тозығы жетіп құлауға шақ қалған, екі бөлмелі жер үйде болмашы зейнетақымен күнелтетін. Әйтеуір Құдай берекетін бергенде, қаусаған кәрілік пен қатар келген жалғыздық қабырғасына бататындығы болмаса, ай сайын зарығып барып қол жеткізетін...
Әбу Һұрайра (р.а.) әңгімелеуде:
«Бір күні мұһажирлердің кедейлері: «Уа, Аллаһтың елшісі! Байлар байлығымен көп сауапқа кенелуде. Дәрежелері де биіктеуде. Біз олардың деңгейіне қалай қол жеткіземіз? Біз оқыған намазды олар да оқиды, біз тұтқан оразаны олар да тұтады. Құл азат етеді. Садақаны да көп береді. Ал біздің жағдайымыз өзіңізге белгілі», – деп мұңын шағады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Оларға жету үшін сендерге бір амал үйретейін бе? Егер осы үйреткенімді істесеңдер,...
Бірде Уаһб ибн Мунаббихтен бір сахаба: «Лә иләһә иллаллаһ» деген сөз жаннаттың кілті емес пе?» – деп сұрайды.
Ол: «Иә, бірақ әр кілттің тістері болады. Тістері бар кілт қана есікті ашады. Тістері болмаса, ашылмайды», – деп Алланың бірлігіне иман келтіргеннен кейін құлшылық жасаудың қажетті екенін білдірген екен.
Мекке халқы кейде сауданы кемемен жасайтын. Надандық дәуірінде олардың пұтқа табынғаны белгілі. Кемемен саудаға шыққанда да пұттарын «ертіп» жүретін. Саудагерлер кейде теңізде дауыл тұрып жандары мұрын ұшына келгенде, жапа-тармағай пұттарын теңізге лақтырып, «Я, Алла, өзің жар бол» деп Аллаға сиынатын. Дауыл басылып, аман-есен құрлыққа түскеннен кейін, қайтадан жаңа пұт жасап алатын. Соған қайта табынатын.
Төмендегі аят осы туралы:
«Олар кемеге мінгенде қалтқысыз...
1104110010971094109310901088108710851082