old.muslim.kz Ғибратнама - Muslim.kz
Жолаушының азығындай дүние...
Амир ибн Абдулла әңгімелеуде:  «Сәлман Фариси (р.а.) төсек тартып жатып, аурудан емес, әлдеқандай уайымнан мазасы қашып, жүдеп кетті. Айналасындағылар: «Ей, Әбу Абдулла! Неге сонша қобалжисың? Сенің игі амалдарың мол емес пе? Әрі Алла Елшісімен бірге талай шайқасқа қатысып жеңіске жеттің», – деді. Сонда Сәлман: «Мына дүниені қимай, о дүниеге кетіп бара жатқаныма жылап жатқаным жоқ. Мені Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бізге айтып кеткен өсиеті мазалайды. Өсиетінде «Сендерге...
date13.05.2016readCount5454readmoreТолығырақ
Мен сенің намаздарыңмын...
Әжесінің сөзі әліге дейін құлағының астында жаңғырып тұр: «Құлыным-ау, намазды осыншалықты кешіктіруге бола ма екен?». Әжесінің жасы жетпіске таяп қалса да азан дауысын естуімен-ақ, қарт жасына бергісіз жылдамдықпен орнынан тұрып, намаз оқитын еді. Ал, ол нәпсісін еш жеңе алмайтын. Намаздарын қашанда артқа тастап келеді. Сосын асығып-аптығып оқитын еді. Міне, осылар оның ой елегінен өтіп, сағатқа қарады. Ақшамның кіруіне 15 минут қалыпты. «Намазды тағы кешіктірдім ғой», - деді...
date10.05.2016readCount10232readmoreТолығырақ
Дұға қабыл болу үшін
Фәдала ибн Үбәйд (р.а.) әңгімелеуде: «Алла Елшісі(с.а.с.) мешітте отыр еді. Бір адам келді де, намаз оқыды. Бітіргеннен кейін былай деп дұға етті:–  Я, Алла, мені кешір, маған мейірімді бола гөр! Мұны бақылап отырған Алла Елшісі (с.ғ.с.):–  Сен асықпа. Намазыңды бітіргеннен кейін алдымен жақсылап Аллаға мадақ айт, одан кейін маған салауат айт, содан кейін барып тілек тіле, – деді. Біраздан кейін мешітке тағы бір адам кірді. Намазын бітіргеннен кейін Аллаға мадақ айтты, Елшісіне...
date07.05.2016readCount8875readmoreТолығырақ
Кедей неге кем сатты?
Бір кедей адам күнделікті əйелі дайындаған бауырсақты бір келіден өлшеп, базарға апарып сатып күнелтеді екен. Бір күні базардағы дүкен иесі əлгі кедейден бір келі бауырсақ сатып алыпты. Кедей кеткен соң бауырсақты таразыға салып өлшесе, тұп-тура жүз грамм кем екен. Бұған ашуланған дүкен иесі ертеңінде базарда жүрген кедейді ұстап алып, елдің көзінше жерден алып, жерге салады. «Сен мені неге алдайсың? Бауырсағыңнан бір келіге толмайды», – алаяқтығын әшкерелемек болады. Сонда...
date26.04.2016readCount6948readmoreТолығырақ
«Қолы ұзын адам»
Айша анамыз (р.а.) әңгімелеуде: Алла Расулы (с.а.с.) бақиға аттанбай тұрып өз жарларына «Маған алдымен қолы ұзын болғаның қауышасың» деп кеткендіктен, кейде қолдарымызды қабырғаға қойып, бір-бірімізбен салыстыратынбыз. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) «қолы ұзын» дегені көп садақа берушіні меңзегендігі екенін кейін түсіндік. Зейнеп қайтыс болғанда барып, бұл әдетімізді тоқтаттық. Зейнеп аласа бойлы еді. Өзі ісмер әйел болатын. Тері илеп, түрлі киімдер тігетін. Тапқанынан көп садақа...
date13.04.2016readCount6343readmoreТолығырақ
Құдықтан құтқарар ма ең?
Сахабалардан Әбу Дәрда (р.а.) бірде күнә істеген адамға жолықты. Топ адам әлгі кісіні жерден алып, жерге салып ұрсып жатты. Бұны естігенде Әбу Дәрда (р.а.) оларға: «Қойыңыздар, бұларыңыз не? Бұл кісінің құдыққа түсіп кеткенін көрсеңіздер құтқарар ма едіңіздер?» – деді. Олар: «Иә», – дегенде, «Онда бауырларыңызға ауыр сөз айтпаңыздар. Одан да өздеріңізді саулық берген Аллаһқа мақтау айтыңыздар», – деді. Олар: «Сен сонда бұған ашуланбайсың ба?» – деп сұрағанда,...
date30.03.2016readCount5258readmoreТолығырақ
Кедейді жақсы көру
Бірде кедей кісілердің бірі ғалым, әрі тақуа Суфиян әс-Сәуридің қасына барып, сұқбатына қатысқысы келетінін білдірді. Cуфиян оған: «Кел, төрлет, егер бай болғаныңда сені қасыма алмас едім», – деді. Кедейлерді жақсы көріп, байларға жақын жүруді аса ұнатпайтындықтан, Суфиянның кейбір бай достары: «Қап, кедей болғанымызда ғой» дейтін. Муәммил (р.а.): «Сәуридің ғылым мәжілістерінде ең көп құрмет көретіндер – кедейлер, аса көңіл бөлінбейтіндердің байлар екенін көрдім»,...
date27.03.2016readCount6644readmoreТолығырақ
Кісі тану
Имам Ағзам мешітте отырғанда, бір адам кіреді. Кіреді де: –  Менің бір сұрағым бар, жауап бер, – дейді. Сосын имамды күтпей өзі сөйлеп кетеді: –  Жұмақты қаламаймын, ал тозақтан қорықпаймын, көрмегеніме куәлік етемін, өлі ет жеймін, рүкүғсыз, сәждесіз намаз оқимын, бүлікті ұнатамын. Осыған пәтуаңды айт.  Имамның жанындағы шәкірттері бұған қатты ашуланады. Бірақ имам оларға: –  Бұл тегін адам емес, ғұлама болса керек, өте дана сөз айтты. Бұл адамның «Мен жұмақты...
date26.03.2016readCount8321readmoreТолығырақ
Ұстазға құрмет
Ең алғаш «Нұр-Мүбарак» ислам университетіне студент болып түскенде шәкірттерді білім деңгейіне қарай топ-топқа бөлетін,әлі де сондай екен. Мысалы әлиф, бә, жим, дәл топтары деген сияқты. Қостанай жақтан келген, жылы жүзді Хауезхан деген жігіт бар, бәріміз «дәл» тобына түстік. Бұл жоғары деңгейлі топ еді. Ертесінде қарасақ «жим» тобында жүр. Мәнісін сұрасақ: «Осы топта жүре берейін», – дейді.  Бәрінен қызығы емтихан әліппе тәртібі бойынша алынатын. Яғни,...
date10.03.2016readCount6809readmoreТолығырақ
Соңғы өсиет
Ерте, ерте, ертеде Иранның кішкентай бір қаласында жалғыз баласы бар бір жесір әйел өмір сүріпті. Жалған дүниемен қоштасатынын сезген кезде әлгі әйел баласын шақырып былай дейді: «Басымыздан қиын күндерді өткердік, кедейшіліктен бас көтермедік. Бірақ саған үлкен байлық мирас етемін. Кезінде оны маған бір ғұлама берген болатын. Сол кітапта үлкен асыл қазынаға жету жолы жазылған. Оны оқитын менің уақытым болмады. Бірақ сен міндетті түрде оқуың керек – кедейшіліктен құтылып, бай...
date03.03.2016readCount7873readmoreТолығырақ