Алланың сыйы қандай мөлшерде
Егер бір ойын баласы: «Менде көөөп ақша бар», – десе, он-жиырма, ары кеткенде жүз теңгесі бар шығар деп ойлайсың.  Ал, егер бір банктың қожайыны: «Саған беретін қомақты ақша бар», – десе, деңгейі мен дәрежесіне қарап жүз мың доллардың ар жақ-бер жағы деп топшылайсың.  Ал егер бір патша: «Саған үлкен қаржылай сыйақым бар», – десе, билігі мен қауқарына қарап миллиондар ойға орала бастауы мүмкін.  Ендеше, Әлемдердің Раббысы: «Оразаңның сауабын Өзім...
date07.06.2018readCount1713readmoreТолығырақ
Жәннат бақшасының жемістерін ала кетіңдер!
Атақты сахаба Әбу Һурайра (р.а.) Әңгімелейді: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жәннат бақшалары жанынан өтер болсаңдар, жемісін ала кетіңдер», – деді. Мен: «Уа, Алла Елшісі! Жәннат бақшалары не?» – дегенімде: «Мешіттер», – деп жауап қайтарды. Мен: «Жемісі не?» – дегенімде: «Субхана Аллаһи уәл-хамду лилләһи уә лә иләһә иллә Аллаһу уә Аллаһу Акбар»[1], – деді. Дұғаның мағынасы: «Алла кемшілік атаулыдан пәк, барлық мақтау Аллаға тән, Алладан басқа құдай жоқ,...
date31.05.2018readCount1931readmoreТолығырақ
Ал, мен неше минуттан кейін өлемін?!
Бес жасар баладан: «Қарындасың үшін қан тапсырасың ба? Оның өмір сүргенін қалайсың ба?» – деп сұрағанда, ол көп ойланбастан «Тапсырамын» деген болатын. Оның екі жасар қарындасы өлім аузында жатқан еді. Оған шұғыл түрде ота жасалуы керек болатын. Ол үшін оған өз ағасының қаны қажет еді. Дәрігерлер баладан қан алып болғаннан соң бала жай дауыспен қорқыңқырап: «Ал, мен неше минуттан кейін өлемін?» – деді. Ол қан тапсырса өлемін деп ойлаған екен, бірақ қарындасы үшін...
date31.05.2018readCount1646readmoreТолығырақ
Екі қыздың оразасы
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір күні сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай деп қатаң ескерту жасады: – Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім ауыз ашпасын! Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады. Кеш түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп: – Уа, Расулалла! Екі қызым күні бойы ораза ұстаған еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат сұрай алмады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап, ауыздарын ашса жақсы болар еді, –...
date21.05.2018readCount1498readmoreТолығырақ
«Саудабұзардың» сазайын берген қария
Бір күні соятын қой керек болып, мал базарға бардым. Базардың сыртына келіп малын түсірейін деп тұрған ақсақалдың қойын саудалап 100 сомға келісіп, қол алысып қойдық. Сол кезде бір таныс жігіт келіп, менің жүз сомға алайын деп тұрғанымды есітіп тұрса да ақсақалға: – Көке мен 105 сом беремін маған беріңіз, – деп жабыса кетті. – Ей, пəленше, қойсай мен алып тұрмын ғой,- десем, біреумен сөйлесіп тұрған ақсақалға :– Көке, маған 105 мыңға беріңіз, – деп, жеңінен тартып ақыры өзіне...
date23.04.2018readCount1620readmoreТолығырақ
Анамның табаны
Анасымен сөзге келіп қалған бір жігіт, ашуланған күйі үйден шығып кетеді. Алайда, сәл жүрген соң ашуы басылып, сабырға келеді. Өзінің қандай қателік жасағанын түсінген кезде, телефонын алып: «Адамдар «аяқтың үстіңгі жағынан гөрі табанының еті жұмсақ әрі өте жағымды» деп жатады. Қымбатты анашым! Табаныңыздың жұмсақтығын екі ерніммен байқап көруге рұқсат бересіз бе?» –  деп анасына хабарлама жібереді. Үйге қайтып келіп, есіктен кірсем анасы өз бөлмесінде отыр екен. Екі...
date09.04.2018readCount1585readmoreТолығырақ
Бәдәуидің дұғасы
Бір күні біреу бәдәуиден: «Сен Раббыңа мінәжат етесің бе?» – деп сұраған екен. Сонда ол: «Әрине!» – деп жауап береді. Сынамақ мақсатында: – Онда дұға ет, көрейік! – дейді. Сонда бәдәуи: – Уа, Тәңірім! Ақиқатында біз тілемесек те Сен бізге Исламды нәсіп еттің. Ал, енді бізді Сенен тілеп жатқан жәннаттан мақұрым етпе! – деген екен!
date28.03.2018readCount1466readmoreТолығырақ
Мен оның аяғын сүйер ем...
Студент кезімізде демалыс алсақ болды, ауылдағы үйге қарай асығып тұратынбыз. Бір жолы кезекті мерекелік демалыс болды ма, әлде оқу бітті ме, әйтеуір, студенттердің бәрі қайтып жатқан кезде мен де кассадағы соңғы билетті алып, «ауыл, қайдасың?» деп үйге қарай тарттым. Қасымдағы адам да студент бала екен. Маған бір қарады да, ары қарай бірдеңесін тыңдап өз әлемі өзінде, отыра берді. Бір вагонда жалғыз өзі отырғандай талтайып алғанына ашуым келсе де, үндемедім. Вагон толы жастар,...
date26.03.2018readCount1316readmoreТолығырақ
Жұма намазын Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) бұрын оқыған сахаба
Жұма намазы жайлы Әбу Лубананың (р.а.) риуаятына тоқталсақ, Алла елшісі: «Жұма – күндердің тақсыры және ең ұлысы. Сондай-ақ, ол Алланың қасында Ораза айтынан да, Құрбан айтынан да ұлырақ. Оның бес ерекшелік қасиеті бар: ол күні Алла Тағала Адамды жаратқан; осы күні Адамды жерге түсірген; осы күні Алла Тағаламен Адам қайта қауышқан; осы күні құл Алладан харамнан өзге, не сұраса да, берілетін бір сағат бар; осы күні қиямет болады, Аллаға жақын әрбір періште , аспан мен жер, таулар мен теңіз...
date16.03.2018readCount2098readmoreТолығырақ
Әбу Бәкірдің (р.а.) кебіні
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сенімді серігі болған Біләл Алла Елшісі (с.ғ.с.) дүниеден қайтқаннан кейін бірнеше күн өткен соң мұсылмандардың анасы Айша (р.а.) анамыздың үйіне барып, есігін қағады. Сонда Айша (р.а.) анамыздың іштен жылап тұрып: – Айырылыс отымен жанып тұрған жүректің есігін қаққан кім? – деген даусын естиді.– Алла Елшісінің (с.ғ.с.) қызметшісі Біләлмын... Қалыңыз қалай?– Ее, Біләл! Судан ұзақта қалған балықтың халі қалай болушы еді? Бүгін түнде Расулалланы түсімде көрдім,...
date15.03.2018readCount1373readmoreТолығырақ