Ал, мен неше минуттан кейін өлемін?!
Бес жасар баладан: «Қарындасың үшін қан тапсырасың ба? Оның өмір сүргенін қалайсың ба?» – деп сұрағанда, ол көп ойланбастан «Тапсырамын» деген болатын. Оның екі жасар қарындасы өлім аузында жатқан еді. Оған шұғыл түрде ота жасалуы керек болатын. Ол үшін оған өз ағасының қаны қажет еді. Дәрігерлер баладан қан алып болғаннан соң бала жай дауыспен қорқыңқырап: «Ал, мен неше минуттан кейін өлемін?» – деді. Ол қан тапсырса өлемін деп ойлаған екен, бірақ қарындасы үшін...
date31.05.2018readCount2819readmoreТолығырақ
Екі қыздың оразасы
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір күні сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай деп қатаң ескерту жасады: – Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім ауыз ашпасын! Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады. Кеш түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп: – Уа, Расулалла! Екі қызым күні бойы ораза ұстаған еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат сұрай алмады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап, ауыздарын ашса жақсы болар еді, –...
date21.05.2018readCount2958readmoreТолығырақ
Мен оның аяғын сүйер ем...
Студент кезімізде демалыс алсақ болды, ауылдағы үйге қарай асығып тұратынбыз. Бір жолы кезекті мерекелік демалыс болды ма, әлде оқу бітті ме, әйтеуір, студенттердің бәрі қайтып жатқан кезде мен де кассадағы соңғы билетті алып, «ауыл, қайдасың?» деп үйге қарай тарттым. Қасымдағы адам да студент бала екен. Маған бір қарады да, ары қарай бірдеңесін тыңдап өз әлемі өзінде, отыра берді. Бір вагонда жалғыз өзі отырғандай талтайып алғанына ашуым келсе де, үндемедім. Вагон толы жастар,...
date26.03.2018readCount2483readmoreТолығырақ
Әбу Бәкірдің (р.а.) кебіні
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сенімді серігі болған Біләл Алла Елшісі (с.ғ.с.) дүниеден қайтқаннан кейін бірнеше күн өткен соң мұсылмандардың анасы Айша (р.а.) анамыздың үйіне барып, есігін қағады. Сонда Айша (р.а.) анамыздың іштен жылап тұрып: – Айырылыс отымен жанып тұрған жүректің есігін қаққан кім? – деген даусын естиді.– Алла Елшісінің (с.ғ.с.) қызметшісі Біләлмын... Қалыңыз қалай?– Ее, Біләл! Судан ұзақта қалған балықтың халі қалай болушы еді? Бүгін түнде Расулалланы түсімде көрдім,...
date15.03.2018readCount2144readmoreТолығырақ
«Құдайынан» көңілі қалған сахаба...
Сахабалардан Амр ибну-л-Жамух (р.а.) исламнан бұрын да Мәдинаның алдыңғы қатарлы сыйлы кісілерінің бірі еді. Алайда ағаштан жасалған «Мәнаф» атты бір пұтқа күнде құлай сыйынып, қатты құрмет көрсететін. Өзі пұтқа табынғанмен, бір қызығы, үш ұлы да мұсылман болатын. Бір түні Амр ибну-л- Жамухтың балалары жиналып келіп әлгі Мәнаф деген пұтты орнынан алып сүйреген күйі жырақтау жердегі шұңқырға апарып тастайды. Сөйтеді де ешкімге көрінбестен үйге қайтады. Ертеңгісін пұтқа табынбақ...
date26.02.2018readCount2007readmoreТолығырақ
Сүтті төксең, сабаймын!
Бір күні жас бала ұстазына келіп: «Ұстаз, мен жас болғандықтан қыздарға қарамай жүре алмаймын, бұдан қалай тыйылсам екен?» – деп сұрайды. Ұстазы жауап берместен сүтке толы кесені баланың қолына ұстатып: «Мынаны базардағы сатушыға бір де бір тамшысын жерге төкпей апарып бер!» – деп бұйырады. Сосын екінші шәкіртін шақырып: «Егер,мына жігіт сүттің бір тамшысын жерге төгетін болса, оны тура сол жерде қамшыла», – деп тапсырады. Әлгі жас жігіт ұстазының айтқанын екі...
date25.01.2018readCount2047readmoreТолығырақ
«Шіркін, біздің әкелеріміз де шейіт болғанда ғой...»
Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір мереке күнінде қуана ойнап жүрген балаларға қарап тұрып, олардың қастарында жыртық киімді бір баланың жылап отырғанын көреді. Бірден қасына барып: – Балалармен бірге неге ойнамайсың? Неге жыладың?, – деп сұрады. Бала қайғырып:– Әкем пайғамбармен бірге пәлен соғыста қайтыс болды. Шешем басқа біреуге үйленді. Өгей әкем мені үйден қуып жіберді. Жейтін тамағым, киетін киімім, паналайтын жерім де жоқ. Әке-шешелері бар балалардың жақсы киім киініп,...
date14.12.2017readCount2163readmoreТолығырақ
Жебрейіл (ғ.с.) шегіне жете алмаған жұмақ
Алла Тағала Жебрейіл періштені әр қанатының ұзындығы батыс пен шығысқа жететін алты жүз қанатты етіп, ең әдемі кейіпте жаратқан кезде, Жебрейіл періште өзіне сүйсіне қарап «Я, раббым! Сен менен де әдемі жаратылысты жараттың ба?», – деп сұрайды. Сонда Раббысының «Бұл ғаламда сенен көркемірек жаратылыс жоқ» деген жауабын естіген Жебрейіл періште қуаныштан және шүкіршіліктен екі ракағат намаз оқиды. Намазында ықыласты болғаны соншалықты әрбір ракағатінде жиырма мың жыл...
date11.12.2017readCount2828readmoreТолығырақ
Мен жемеген балмұздақ
Бірде жаздыгүні әкеммен ілесіп ауылдан қалаға келген болатынмын. Шіркін, сол кездегі ауыл балаларының бір арманы – қалаға барып балмұздақ дәмін көру болатын. Менің де бар ойым балмұздақ жеу еді. Бұл туралы әкем де білетін. Әкем екеуіміз базардан үйге керек-жарақты алып болған соң, балмұздақ сататын апайға кезекке тұрдық. Алдымызда бала-шағасын ілестірген ығы-жығы халық. Сәлден соң балмұздақ сататын апай мен біздің арамызда бір ғана жанұя қалды. Бұл жанұя маған үлкен әсер қалдырды....
date07.11.2017readCount2426readmoreТолығырақ
Шайтаннан қорғану үшін алтын керек
Тақуалығымен танылған құлдардың бірі Сүфиян Сәури бұ дүниелік дәм-тұзы таусылуға жақын өмірінің соңғы сәттерінде жастығының астынан бір кесе шығарды. Іші толған алтын. Жанындағы достарына: «Мынаны садақа ретінде таратыңдар», – деді. Бұл жайтқа достары таңғала: – О, тоба! Біз білетін Сүфиян Сәури бұ дүниелік еш нәрсеге пысқырып қарамаушы еді, осыншама байлықты сақтап келгендігінің себебі не болды екен? – деп бір-біріне қарасты. Олардың таңданысын байқаған Сүфиян Сәури...
date06.11.2017readCount2767readmoreТолығырақ