Еріңіздің сіздегі хақыларын білесіз бе?
Қазіргі заманда жұмыс істеу шарттары мен ақша табу жолдары ауырлап кеткенін байқаймыз. Кейде жұмыс ұжымындағы қызметкерлер мен әріптестердің арасындағы түсініспеушіліктер шығып, ара-қатынас шиеленісіп жатады, оған қоса, жұмыстағы қызметіне байланысты көптеген қиындықтар туындап жатады. Еркек сыртқа аса сездіре қоймағанымен, көбінесе осындай ауыр жағдайлардан жүйкесі жұқарып, шаршап-шалдығып, ішкі дүниесі күйзеліске ұшырап, үйге шаршаған күйде келеді екен. Осындай жағдайда үйге...
date12.03.2018readCount1877readmoreТолығырақ
Мән беруге тиісті  кейбір отбасылық мәселелер
Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен діни қызмет аясында «Ислам және отбасы жылы» деп жарияланды. «Отан – отбасынан басталады», – демекші, мемлекет мерейінің үстем болуы біліммен қатар тектілікке тәрбиеленген ұлағатты ұрпаққа тікелей байланысты деп есептейміз. Өйткені, отбасы – «шағын мемлекет». Іргесі берік, бірлігі бекем елдің болашағы «шағым мемлекеттен» басталады емес пе? Осы ретте отбасы берекесі мен шаңырақтың шаттығын...
date07.03.2018readCount1109readmoreТолығырақ
Әйел құқығы шектеулі ме
Исламдағы әйелдің орны мен рөлі туралы терең зерттелген шығармалармен көпшілік  жете таныс болмағандықтан, Ислам мәдениетінде әйел адамның құқығы тым шектеулі деген  түсінік қалыптасқан. Мұндай түсініктің  орын алуына қазіргі батыс елдерінің исламды жаппай қаралау үрдісінің тигізген әсері де  орасан. Жалпы, Ислам дінінде әйелзатына үлкен мәртебе берілген. Исламға дейінгі кезеңде арабтарда әйелдің құқығы тым төмен еді. Әсіресе, арабтар қыз балаларды тірідей жерге...
date21.02.2018readCount1144readmoreТолығырақ
Шариғат бойынша қыз айттыру және құда түсу әдебі
Екі жас болашақ жар ретінде бір-бірін таңдағаннан кейін уақытты көп созбай отау көтеруге қам жасау қажет. Халқымыздың салт-дəстүрі бойынша, көбінесе үйленудің алдында екі жақтың келісімін алу үшін, əрі тойға дайындалу мақсатымен ең бірінші құда түсіп, қызды айттыру салты орындалады. Бұған дініміз бойынша да рұқсат етілген. Бірақ Ислам діні қыз айттыру кəдесінің шығынсыз іске асқанын құп көрген. Мұсылмандық салт-дəстүріне көз жүгірткенімізде қызды айттырудың бірнеше түрін...
date31.01.2018readCount1322readmoreТолығырақ
Күйеуіне бағыну - әйелдің негізгі міндеті
Ислам діні бойынша отбасын басқару ер кісінің мойнына жүктелген. Бір елде екі басшы болмайтыны секілді шағын мемлекет саналатын отбасында да негізгі басшылық ер кісіге тəн. Оның өзіндік себебі де жоқ емес. Бірақ отағасына берілген мүмкіндіктің де белгілі бір шамада мөлшері бар. Жұбайы мен бала-шағасына тым қатал қарап, ойына келгенін істеуі жанұясындағы басшылықтың шеңберінен шығуы болып табылады. Отбасындағыларға мейірімділік көрсетпеген, құрметтемеген кісі ешқашан жақсы əке,...
date24.01.2018readCount1700readmoreТолығырақ
Үйленетін жастардың бір-бірімен сөйлесуі
Қалыңдық пен жігіттің тек бір-бірін көруі жеткіліксіз. Олар бір-бірін тануы үшін əңгімелесуі де қажет. Бұл кезде екі жас бір-бірінің сұрақтарына еш нəрсені жасырмай, бүкпесіз жауап беруі керек. Əрі өздерінің талап-тілектерін де білдіргені дұрыс. Сонда ғана олар болашақ жары жайлы дұрыс мəліметтер ала алады. Қалыңдық пен жігіттің сөйлесуіне дініміз рұқсат бергенін мына оқиғадан көре аламыз. Халифа Омар (р.а.) хазірет Алидің қызы Үммү Күлсімді айттырмақ болады. Сонда хазірет Али (р.а.):...
date17.01.2018readCount1167readmoreТолығырақ
Пайғамбарымыздың романтикалық өмірінен бір үзік сыр...
Өткен жолы бір дін қызметкерінің: «Мұхаммед (с.ғ.с.) романтик болмаған дейтіндер – қателеседі», – деген сөзі бізді біраз ойландырып қойды. Осыдан кейін аз-кем ізденіп көріп едік... Расында, Алла Елшісінің Құдай қосқан жарының арасындағы махаббат, романтика, нәзік сезім, шынайы сенім, сүйіспеншілік, ыстыққа бірге күю, суыққа бірге тоңу... тағысын тағылар адамзат баласы үшін өлмес өнеге, мәңгілік ғибрат. Шіркін, махаббатты жырлайтындар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) романтикалық өмірін,...
date29.12.2017readCount2541readmoreТолығырақ
Екі жасқа дейін емізудің  әйелдерге  пайдасы
Әйелдер баланы, әдетте, жасына дейін емізіп жатады. 2 жасқа дейін емізетіндер кемде-кем. Ал, Қасиетті Құранда толықтай екі жыл емізу бұйырылған. Ана сүтінің бала үшін өте пайдалы екендігі, оны ешбір тағам алмастыра алмайтындығы белгілі. Лактация кезеңі неғұрлым ұзақ болса, пайдасы да соғұрлым арта береді. Ал 2 жасқа дейінгі емізудің әйел ағзасы үшін тигізер пайдасы бар ма? Енді сол жайлы. Ана сүті 1 жастан асқан соң азая бастап, 2 жасқа қарай ол процесс тоқтайды. Егер емізу 1 жаста...
date25.12.2017readCount1431readmoreТолығырақ
Отбасылық бюджет қалай басқарылады?
Қоғамның ең кіші және ең маңызды бөлшегі – отбасы. Бала ертең өскенде өзіне және қоғамға қалай пайдалы бола алатындығының алғашқы тұқымы отбасыда егіледі. Осы тұқымның дұрыс егілуі үшін отбасының психологиялық, әлеуметтік жағдайымен қатар, экономикалық жағдайының да әсері зор. Экономикалық проблемаларға келіп тірелетін көптеген жағдайлар отбасыда айтарлықтай қиындық тудырады. Бұл қиындықтардың алдын алу үшін отбасы мүшелері бір-біріне қолдау көрсетуі қажет және отбасы...
date13.12.2017readCount1310readmoreТолығырақ
Үйлену мен ажырасу – ең үлкен иллюзия
«Тұрмыс құрамын, сонда бәрі түзеледі» деп ойлайды жас қыздар. «Шіркін-ай! ажырасып кеткенде барлық мәселелер шешіледі" деп ойлайды отбасылы әйелдер. Бірақ, шын мәнінде, адам өзін өзі іштей түземейінше, үйлену де, ажырасу да көмектеспейді.  Есіңізде болсын, кез-келген қиындықты жеңудің жолдары бар. Тек талпыныс пен сабыр керек. Қандай қиын жағдай болса да, ОТБАСЫН САҚТАП ҚАЛУ – әрқашан дұрыс шешім. Ол үшін не істеу керек?  * Отбасында болып жатқан жағдайға сырт көзбен...
date09.12.2017readCount1131readmoreТолығырақ