«Әпшу берші!»
Қазақта «әпшу берші!» демейтін ата да, оны түсінбейтін бала да жоқ шығар, сірә... Қазақ жерінің қай қиырына барсаңыз да, әйтеуір біреуден болсын бұл сөзді құлағыңыз шалар. Өзіміздің де бала күнімізде аталарымыз «әпшу берші!» дегенде жанымыз қалмай дамбалға қолды сүңгітіп жіберіп, ұсына қалушы едік. Ұсынғанымызды аталарымыз мұрнына апара бере мұрны орнынан ұшып кетердей тұшына жақсылап бір түшкіруші еді. Бұны қызық көретін көптеген балалар шалбарын төмен түсірген сайын...
date21.02.2017readCount6271readmoreТолығырақ
Ауру – астан…
Қазақ «Ас – адамның арқауы» деп тегін айтпаса керек. Шындығында да, адам денсаулығының бас­ты кепілі – дұрыс тамақтану. Соңғы жылдары мамандар тарапынан көп талқыға түсіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көрініп жүрген басты экологиялық мәселелердің бірі – адамдардың дұрыс тамақтанбауы.   Ас – өмірдің көзі екені рас. Таңдап, талғап жейтін дәрумендері ағзаға пайда әкелетін ас-судың жөні бөлек. Дегенмен, қазір ұй­қыға кеткенше ықылық атып тойып, ас ішетіндер...
date21.02.2017readCount3490readmoreТолығырақ
Бас ауыруын басқыңыз келсе...
  Бас ауруының себептері Бас ауруы – ағзаның әр түрлі патологиялық халдегі ауырсыну сезімінің сипаттамасы. Негізгі себептері: психикалық және эмоциялық шаршау, бас миы тамырларының склерозы, бас сақинасы, мидың органикалық аурулары (ісік, инсульт және т.б.), жұқпалы аурулар, көз, құлақ сырқаттарынан (мысалы, алысты көре алмау, отит, т.б.), улану, ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, қан құрамындағы зат алмасу процестерін үдететін (адреналин, гистамин, т.б.) заттардың...
date16.02.2017readCount5849readmoreТолығырақ
Құлақ күтімге зәру
Құлақ – есту мүшесі. Анатомиялық құрылымына қарай құлақ сыртқы, ортаңғы және ішкі бөлімдерден тұрады. Әдетте, құлақтың сыртқы дыбыс жолының бездерінен құлық бөлінеді. Құлық шаң-тозаң мен зиянды микробтарды ішке өткізбей корғаныштық кызмет атқарады.Есту мүшесінің қалыпты жұмыс істеуі алдымен тазалық сақтауға байланысты. Ол үшін құлақты сабындап жылы сумен жуып тұру керек. Есту мүшесіне ішімдік өте зиян. Қатты дыбыс та құлақтың жауы. Біздің құлағымыз 40-45 децибел шамасындағы...
date06.02.2017readCount3926readmoreТолығырақ
Қыста жүгірудің пайдасы мен зияны
Жүгіру - адамның кез келген жасына қолайлы әрі пайдалы спорт түрі. Оның артықшылықтары жайлы білмейтін жан жоқ шығар, сірә. Дегенмен, қыста бұл спорт түрімен айналысу қаншалықты пайдалы? Әлде оның ағзаға қандай бір зияны бар ма? Анықтап көрейік. Қыста жүгіру өзге мезгілдермен салыстырғанда әлдеқайда пайдалы. Бұл алдымен, оттегінің таза болып, өкпеге газдың аз мөлшерде баруына байланысты тұжырымдалған пікір. Себебі таза оттегі тыныс алу жолдарын жақсартады. Қысқы спорт түрлері...
date01.02.2017readCount5537readmoreТолығырақ
Буынға да бап керек
Бүгінде көп тараған аурулардың бірі – буын ауруы. Оның пайда болу себебі әртүрлі. Көп жағдайда адамның аз қимылдауы, суықтау,экологияның зиянды әсері, кальцийдің жетіспеуінен туындайды. Адам 25 жасқа дейін-ақ кальцийді өз ағзасынан шығара алады. Ал 25 жастан кейін міндетті түрде ағзаның кальций қорын толықтырып отыру керек. Мұндайда сүт, сүт өнімдерін мол пайдаланудың маңызы зор. Бұл ауру асқынып кетсе, өмір сапасын нашарлатады. Тіпті мүгедектікке де алып...
date24.01.2017readCount4623readmoreТолығырақ
Қолтық тершеңдігінен қалай құтыламыз?
Бір қарағанда, тершеңдік табиғи физеологиялық құбылыс, ағзаның дене қызуының жоғарылауына қарсы жауабы сияқты көрінеді. Бірақ көптеген адамдар үшін шамадан тыс терлеу нағыз азапқа айналады. Тершеңдікпен күресу мақсатында антиперспиранттар мен дезодоранттар шығаратын тұтастай бір индустрия жұмыс істейді, жаңа медициналық емдеу әдістері шығып жатыр… Денеден тердің мөлшердегіден көбірек немесе шамадан тыс бөлінуін дәрігерлер гипергидроз деп атайды (гипер – жоғары, гидро...
date17.01.2017readCount10507readmoreТолығырақ
Созылмалы холециститті қымызбен емдеу
Холецистит – өт қабының жіті немесе созылмалы сырқаты, ол өттас ауруына тән. Холецистит өт қабына патогенді микрофлораның енуі және бірқатар өзге факторлар салдарынан дамиды. Созылмалы холецистит, холангит және өт бөлу жолдарының дискинезиясы кезінде ақуызы мен көміртегі қалыпты, липотроптық заттары жоғары және майлардың мөлшері шектелетін емдәм ұсынылады.Емдәмге қымыз бен шұбат қосу күнделікті дәмді байыта түседі әрі орташа қарқынды өт айдау, қабынуға қарсы,...
date17.01.2017readCount2674readmoreТолығырақ
Шаршамаудың жолдары бар
Шаршау адам атаулығы тән құбылыс. Әсіресе жасына жас қосылған сайын адамның қуаты азаятыны анық. Өкінішке қарай қазір жастардың арасында да мауыжырап жүретіндері жеткілікті. Бұл енді ұйқының қанбауынан, қалта телефондарынан болатын қасірет. Сондықтан әр кісіге иммунитетін көтеріп, жүйкесін нығайту аса қажет. Ендеше мына кеңестер үнемі жадыңызда жүрсін!  1. Бір стақан тазаланған грек жаңғағын алыңыз да оған езілген лимон мен сұйық бал қосыңыз.  Бұл асты тоңазытқышта сақтаңыз....
date11.01.2017readCount4141readmoreТолығырақ
Жоғары қан қысымынан арылудың жолдары
Жоғары қан қысымын болдырмаудың жолдарын қарастырайық... Асқабақ және лимон 2 лимон, 1 кг асқабақ, 1 кг қант. Асқабақтың етін (мякоть) және лимонды қабығымен еттартқыштан өткізіп, қант қосып араластырамыз. Тамақтанудан алдын 1 ас қасықтан қабылдау қажет. Тоңазытқышта сақтаңыз. Қанттың орнына балды қолдансаңыз тіпті жақсы. Сарымсақ және алма сірке суы 1 түйір (зубчик) сарымсақ, 1 шай қасық алма сірке суы, 200 мл су. Әр күні таңертең майдаланған сарымсақты аш қарынға жеу қажет, артынша ауызды...
date30.12.2016readCount2701readmoreТолығырақ