Шаш күтімі. Қайызғақты қалай кетіреміз?
Сабынның орнына айран немесе жұмыртқаның сарысын пайдалануға болады. Айранды бастың терісі мен шашқа жақсылап жағып, басты орамалмен байлап, 5-10 минуттан кейін ыстық сумен жуу керек. 1-2 жұмыртқа сарысын ағынан айырып, ішінде аздаған мөлшерде суы бар ыдысқа құйып араластырып, шашты сонымен жуып, сонан соң ыстық сумен шаяды. Шашты жуып болған соң оны жұмсақ сүлгімен сүрте отырып, кептірген дұрыс. Басты орамалмен байламайды. Құрғақ шашты жуар алдында бірнеше сағат бұрын кез-келген өсімдік...
date29.03.2017readCount3583readmoreТолығырақ
Ең құпия мүше – көкбауыр
Көкбауыр – адам ағзасындағы құпиясы ашылмаған мүшелердің бірі. Екінші атауы – талақ. Салмағы 100-150 грамм. Бір қызығы, ішастар қуысында орналасатын көкбауырсыз адам өмір сүре береді. Кейде бұл мүшені ота арқылы алып тастаса, қызметін бауыр жалғастырады. Бауыр мен талақ бір-біріне ұқсайды. Кейбір адамдар көкбауырсыз дүниеге келеді. Бұған қарап, көкбауырдың ағза үшін қажеті жоқ екен деген пікір болмауы тиіс. Себебі, көкбауыр – лимфоциттерді өндіреді және иммундық жүйенің бір...
date10.03.2017readCount10695readmoreТолығырақ
Ислам хиджамасы (қан алдыру)
Хиджама сөзі араб тілінен аударғанда «сору» деген мағынаны білдіреді. Хиджама ежелден келе жатқан емделудің ең тиімді жолы. Бүкіл Пайғамбарлар қолданған. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) де әрдайым қан алдырып отырғанына хадистер нақты дәлел. Ата-бабаларымыз хиджаманың көп сырқатқа шипа екенін біліп, қан қысымы, бас ауруы қан қоюлануы мен рухани кеселдердің алдын алып, емдеп отырған. Хиджаманы бұрынғылар шертпе, мүйіізбен арам қан шығару деп те атаған. Хиджама – емдеудің исламдық...
date07.03.2017readCount7879readmoreТолығырақ
Қазақта медицина болған ба?
Қазақта медицина болған ба? Белгілі травматолог, медицина ғылымының докторы, профессор Ерсін Жүнісовтың басынан өткерген мына бір оқиғадан әлгі сұрақтың жауабы табыла кетті. Ерсін Тұрсынханұлы былай әңгімелейді: 2004 жылдың шілде айында емханамызға Англиядан арнайы келген профессор: - Сіздердің ата-бабаларыңызда өзіндік қалыптасқан медицина, шипагерлік болған ба, жоқ әлде, кейіннен үйрендіңіздер ме? - деп сұрақ қойды. Осы сәтте бізде істейтін профессор орыс әйелі бірден: -...
date01.03.2017readCount2870readmoreТолығырақ
Сырқат та сынақ
Бұл дүниеде сыры толық ашылмаған, жай көзге көріне бермейтін перделі, хикметті жаратылыстар өте көп. Солардың бірі  - ауру, дерт. Адам не үшін ауырады, аурудың астарында не жатыр, бүкіл адам баласы туылғаннан қайтыс болғанға дейін басы ауырмай, балтыры сыздамай өтсе не болады? Сырқаттың адам жанына пайдасы көп пе, зияны ма? Міне, осы секілді сұрақтар көпшілікті мазаласа керек. Әрине, бүгінде көп адам ауырғанды жақсы нәрсе деп айта қоймас.  Жаны қиналып, дерт үстінде жатқан кісіні:...
date24.02.2017readCount3954readmoreТолығырақ
«Әпшу берші!»
Қазақта «әпшу берші!» демейтін ата да, оны түсінбейтін бала да жоқ шығар, сірә... Қазақ жерінің қай қиырына барсаңыз да, әйтеуір біреуден болсын бұл сөзді құлағыңыз шалар. Өзіміздің де бала күнімізде аталарымыз «әпшу берші!» дегенде жанымыз қалмай дамбалға қолды сүңгітіп жіберіп, ұсына қалушы едік. Ұсынғанымызды аталарымыз мұрнына апара бере мұрны орнынан ұшып кетердей тұшына жақсылап бір түшкіруші еді. Бұны қызық көретін көптеген балалар шалбарын төмен түсірген сайын...
date21.02.2017readCount6612readmoreТолығырақ
Ауру – астан…
Қазақ «Ас – адамның арқауы» деп тегін айтпаса керек. Шындығында да, адам денсаулығының бас­ты кепілі – дұрыс тамақтану. Соңғы жылдары мамандар тарапынан көп талқыға түсіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көрініп жүрген басты экологиялық мәселелердің бірі – адамдардың дұрыс тамақтанбауы.   Ас – өмірдің көзі екені рас. Таңдап, талғап жейтін дәрумендері ағзаға пайда әкелетін ас-судың жөні бөлек. Дегенмен, қазір ұй­қыға кеткенше ықылық атып тойып, ас ішетіндер...
date21.02.2017readCount3741readmoreТолығырақ
Бас ауыруын басқыңыз келсе...
  Бас ауруының себептері Бас ауруы – ағзаның әр түрлі патологиялық халдегі ауырсыну сезімінің сипаттамасы. Негізгі себептері: психикалық және эмоциялық шаршау, бас миы тамырларының склерозы, бас сақинасы, мидың органикалық аурулары (ісік, инсульт және т.б.), жұқпалы аурулар, көз, құлақ сырқаттарынан (мысалы, алысты көре алмау, отит, т.б.), улану, ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, қан құрамындағы зат алмасу процестерін үдететін (адреналин, гистамин, т.б.) заттардың...
date16.02.2017readCount6130readmoreТолығырақ
Құлақ күтімге зәру
Құлақ – есту мүшесі. Анатомиялық құрылымына қарай құлақ сыртқы, ортаңғы және ішкі бөлімдерден тұрады. Әдетте, құлақтың сыртқы дыбыс жолының бездерінен құлық бөлінеді. Құлық шаң-тозаң мен зиянды микробтарды ішке өткізбей корғаныштық кызмет атқарады.Есту мүшесінің қалыпты жұмыс істеуі алдымен тазалық сақтауға байланысты. Ол үшін құлақты сабындап жылы сумен жуып тұру керек. Есту мүшесіне ішімдік өте зиян. Қатты дыбыс та құлақтың жауы. Біздің құлағымыз 40-45 децибел шамасындағы...
date06.02.2017readCount4143readmoreТолығырақ
Қыста жүгірудің пайдасы мен зияны
Жүгіру - адамның кез келген жасына қолайлы әрі пайдалы спорт түрі. Оның артықшылықтары жайлы білмейтін жан жоқ шығар, сірә. Дегенмен, қыста бұл спорт түрімен айналысу қаншалықты пайдалы? Әлде оның ағзаға қандай бір зияны бар ма? Анықтап көрейік. Қыста жүгіру өзге мезгілдермен салыстырғанда әлдеқайда пайдалы. Бұл алдымен, оттегінің таза болып, өкпеге газдың аз мөлшерде баруына байланысты тұжырымдалған пікір. Себебі таза оттегі тыныс алу жолдарын жақсартады. Қысқы спорт түрлері...
date01.02.2017readCount5758readmoreТолығырақ