Бала тәрбиесіндегі 5 қателік
Баланы өмірге әкелген соң оған жақсы тәрбие беріп, азамат етіп өсіру – әрбір ата-ананың міндеті. Бала тәрбиесі, әрине, айта салып, істей салатын оңай шаруа емес. Оған әке-шешенің қаншама еңбегі, сабырлылығы мен төзімділігі қажет. Бұл тұрғыда бала тәрбиелеуде келесі қателіктерге көбісіміз бой алдырып жатамыз: 1. Дөрекі болу. Үнемі дауыс көтеріп, жекіп, ұрса беру баланы тәрбиелеуде көмектесетін әдіс емес, керісінше, баланың мейірімсіз болып өсуіне, күнделікті айғай-шуға дағдыланып...
date19.10.2016readCount5433readmoreТолығырақ
Балаңыз үшін дұға жасаңыз
Бала – ата-анаға аманат. Баланы бағып-қағып, дұрыс тәрбие берген адамның алар сыйы мен сауабы бар. Ал, баланың өзі де, ол өмір сүретін әлем де Алланікі. Оның несібесі, денсаулығы, мінез-құлқы мен тағдыры – Алладан. Әр баланың маңдайына жазған жазуы бар. Дей тұрғанмен, кез келген адамның тағдыры оның алған тәрбиесіне, отбасына, таңдауына тікелей байланысты. Тағдырдың тоқсан пайызын адам өз қолымен жасайды десек артық айтқандық емес. Ал, ата-ананың бала тағдырына ықпалы қандай?...
date08.10.2016readCount9160readmoreТолығырақ
Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі
Жүздеген мамандық, кәсіп түрі бар. Бірі темір жолын құрайды, басқасы үй салады, үшіншісі бидай өсіреді, төртіншісі адамдарды емдейді, бесіншісі киім тігеді. Сөйте тұра, күзетшіден бастап министрге дейін барлық кәсіп иелерін алмастыруға болады. Орнын толтыруға болмайтын бір ғана мамандық бар. Ол – ұлға әке болу. «Әке көрген тон пішер», «Әкеге қарап ұл өсер», «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» деген нақылдар «әке» мамандығының қадір-қасиетін артық ауыз...
date22.09.2016readCount4156readmoreТолығырақ
Мен сегіз ақылды әрі иманды баланы қалай тәрбиеледім?
Мен ол үйдің үлкен қызымен  заң мектебінде таныстым. Өзі озат оқушы әрі қари. Онымен қоса ағылшын, араб және малай тілдерінде еркін сөйлейтін қыз өзінің жасына сәйкес келмейтін 3 бағдарлама бойынша білім алып жүр екен. Алдына мақсат қойып, сол мақсаттың жолында табандылық таныта білетін қыз,  өзге 7 бауырлары да қари екенін айтқан кезде олардың анасымен таныссам деген қызығушылығым оянды. Шарифа Мастура (Sharifa Mastura Al Jifri) есімді орта бойлы, қарапайым, байсалды келіншекті және оның...
date12.09.2016readCount4452readmoreТолығырақ
Жалаңаштанған ұрпақтың тәрбиесіне кім кінәлі?
Бүгінде «еркекше» киінген, жалаңбас, маскүнем әйелдерге көзіміз үйреніп болды. Қазір көшеде денесінің 50 пайыздан астамы жалаңаш жүрген қыздарды шаммен іздеудің қажеті жоқ. Әйелдің шашына күн тисе, қыздардың кіндігіне, яғни әкелер ұрпағына у тиеді дейді. Осындай лас және ұятсыздықтың салдары отбасындағы берекесіздікке, ажырасуларға әкеп соқтыруда. Жартылай жалаңаштану үрдісі қазір тек әйелдерде ғана емес, еркектер арасында да кең таралған. Ересек еркектер тізесінен түскен...
date23.08.2016readCount3383readmoreТолығырақ
Салиқалы бала тәрбиелеудің 7 амалы
Бала бойына ислам құндылықтарын, шариғат заңдарын, адамгершілік негіздерін сіңіру маңызды. Және бұл қазіргідей құбылма уақытта өте қиын. Баланы қоғамның жағымсыз ықпалынан қорғап, барынша дұрыс жолға бағыттау қажет. Төменде баланы неғұрлым мейірімді, қайырымды етіп тәрбиелеу жолдарын ұсынамыз: 1. Балаңызға есін білгеннен бастап Аллаға құлшылық қылудың маңызын түсіндіре бастаңыз. Себебі әр ата-ананың баласына ең бірінші үйретуі тиіс дүниесі осы болмақ. 2. Балаларға мейірімді...
date12.08.2016readCount7461readmoreТолығырақ
Баланы намазға үйретуге 40 кеңес
Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) перзенттерді намазға үйрету турасында төмендегідей өсиет айтады: «Балаларыңыз жеті жасқа келген шақта намаз оқуға бұйырыңдар. Олар он жасқа келгенде намаз оқымаса, ұрыңдар. Төсекте олардың жатын орнын бөлек жатқызыңдар».    Жас балалар балиғат жасына жеткенге дейін оларға намаз оқу міндетті емес. Оларға шариғатымызда құлшылық жасау бұйрық етілмеген, намаз парыз емес. Хадисте үкім етілгендей, балалар сабырлы, мейірімді, ибалы, инабатты...
date13.06.2016readCount15200readmoreТолығырақ
Баланы Рамазанға қалай дайындаймыз?
Он екі айдың сұлтаны – қасиетті рамазан айымен қайта қауышар күн де жақын қалды. Рамазан – жақсылық пен берекет һәм мейірімділік айы. Қалыптасқан әдет бойынша, ораза айы келісімен кейбіріміз тәтті де дәмді тағамдар мен сусындар сатып алып, әзірлігімізді жасаймыз. Ал, енді кейбіріміз дұға-тілек айтып, нәпіл ораза тұтып және Құран тиләуат етіп дайындық көреміз. Дегенмен, осы дайындықтар пен әзірліктер кезінде ұмыт қалатын бір маңызды жайт бар. Ол – Рамазан айы жайлы балаға тәрбие...
date25.05.2016readCount3901readmoreТолығырақ
Балаңыз өтірік айтады ма?
Сахаба Абдулла бин Амр (р.а.) өзінің бала күніндегі болған бір оқиғаны баян етеді: «Мен кішкентай бала болатынмын. Анам: «Әй, Абдулла бері кел, бір нәрсе беремін», – деп шақырды. Пайғамбарымыз анама: «Не берейін деген едің?» – деп сұрады. «Құрма берем», – деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) : «Егер шақырып алып ешнәрсе бермесең, саған бір күнә жазылатын еді», –  деді[1]. Иә, бала тәрбиесіндегі өте маңызды мәселенің бірі – балаға тек шындықты айтуды үйрету. Ал,...
date10.05.2016readCount6787readmoreТолығырақ
Жаман бала қайдан шығады?
Сәбидің тәтті қылығы, былдыры, тәй-тәй басқаны... Осының бәрі ата-ана үшін керемет бір бақытқа бөлейтін сәттер екені даусыз. Дегенмен,  уақыт өте келе кішкентай ғана тәтті балаңыздың сізге мінез көрсетуі жиілеп кетуі бек мүмкін, тіпті бұзықтығы мен қыңырлығы шектен шығып жатса ше? Кеше ғана көз сүйінішіңіз болған перзентіңіз, күйінішіңізге айнала бастағаны ма? Ал, осының себебі неде? Кейде ата-аналар, әсіресе, жастар жағы «өзінің мінезі қыңыр, туғаннан сондай, осы кеткеннен кеткен,...
date07.04.2016readCount3904readmoreТолығырақ