Балаға өтірік айта көрмеңіз!
Кейбір ата-аналар баласының өтірік сөйлейтінін айтып шағымданып жатады. Ешбір сөзіне сене алмайтын жағдайға жеткенін де жасырмайды. Бұл жерде ата-ананың да салғырттығы мен кемшілігі бар да болар. Себебі дана Абай өзінің оныншы қара сөзінде былай дейді: «Әуелі өз күнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай, балаңның күнәсіне тағы да ортақ боласың. Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса,...
date13.01.2017readCount3504readmoreТолығырақ
Балалар уланған жағдайда...
Улану түрлі себептермен пайда болуы мүмкін. Жуғыш заттар, дәрілер, улы өсімдіктер мен ішімдік – бұл жай ғана балаларға қауіп тудыратын көздердің бірі болып табылады. Алайда, улану жағдайында алғашқы медициналық көмектің кейбір жалпы ережелері бар. Бала уланып қалса, ол мынадай белгілерді көрсетеді: әлсіздік, бозару, құсу, бас айналуы. Уланудың ауыр түрлерінде бала есін жоғалтып, тыныс алуын тоқтатуы мүмкін. Себебін анықтау Уланудың себебін анықтау маңызды болып табылады. Егер,...
date09.01.2017readCount2079readmoreТолығырақ
Баланың кітапқа деген қызығушлығын оятудың 6 амалы
Көптеген ата-аналардың бала тәрбиесіндегі басты сұрақтарының бірі – «Балалардың оқуға қызығушылығын қалай арттыруға болады?». Әсіресе, смартфон мен планшетті қолдарынан тастамай ойнайтын бүгінгі балалардың оқуға қызығушылықтары еш оянбайтындай көрінеді. Мұндайда не істеуге болады? Балалардың оқуға қызығушылығын арттырудың 6 жолы 1. Баланың кітап оқығысы келмей тұрса, оны күштеп оқытуға болмайды. Бұдан бала кітапты жек көріп кетеді. Оның орнына кешке ұйықтар алдында...
date04.01.2017readCount4839readmoreТолығырақ
Кішкентай «қылмыскер» қайдан шығады?
Сәби үш жасынан бастап «менікі» деген ұғымды біле бастайды. Сол сәттен бастап ата-ана «менікі» деген ұғыммен «біреудікі» дегенді қатар үйрете білуі керек. Біреудің затын рұқсатсыз иемденбеу – үйден берілетін тәрбие. Егер бұл тәрбие баланың бойынан табылмаса, ұрлыққа алып баратынын білесіз бе? Қарапайымнан бастасақ. Дүкеннен қонаққа деп алынған тәттілер сөренің жоғарғы жағында тұр. Мұны бала білді. Нәпсісін тыя алмаған бала сіз көз ала бергенде, қорапты ашып...
date30.12.2016readCount2840readmoreТолығырақ
Кемеңгер баланы қалай өсіруге болады
60-жылдары мектеп табалдырығын аттаған балалардың әріп танымауы қалыпты құбылыс еді. Ал бүгінгі таңда 3-жасар бөбек ағылшынша білмесе, оған қиғаш қарайды. Сізге айтпағымыз: 3-жасар балақай үстелдің үстіне шығып, шағын тақпақ емес, «Отеллодан» үзіндіні көркемдеп оқып тұрса, бұл – оның даныщпандығын емес, ата-ананың мәжбүрлі тәрбиесін көрсетеді. Ал, егер балақайдың өзі шыбынның қанаты бола тұра, ұшудың орнына аяғымен жүріп кеткеніне қызықса, ол – басқа әңгіме. Себебі, бұл оның...
date27.12.2016readCount3033readmoreТолығырақ
Қайырлы ұрпақты қалай сұрасам болады?
Дұға – әлсіз, әлжуаз пенденің құдіреті шексіз Ұлы Жаратушымен үнемі байланыс құруы, арқа сүйеуі. Дұға – мұсылман жан ойындағы арман-тілектің көрінісі. Адам баласының осы  арман-тілегінің ішінде ұрпақ сүю де бар. Сондықтан ол Жаратқаннан ұрпақ сыйлауын сұрап, дұға жасайды. Бірақ, сұраған ұрпақ қандай болуы қажет? Бұл мәселеге қатысты да Құран аяттары пайғамбарларды мысалға келтіре отырып, ерлі-зайыптыларға ұрпақ сұрағанда қалай дұға жасау керектігін үлгі етеді. Мысалы, Құран...
date21.12.2016readCount2922readmoreТолығырақ
Бала тұйық болмас үшін...
Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия иегері, Қазақ Психологтар Ассоциациясының мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры, психолог-практик Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызының кеңестері • Кішкентай кезінен бастап, балаңыз өз қатарластарымен достасып, тіл табысып кететіндей мүмкіндік жасап отырыңыз. Баласы көп отбасына қонаққа барыңыз, көрші үйдің балаларын қонаққа шақырыңыз, мерекелі сәттерді...
date15.12.2016readCount5660readmoreТолығырақ
Памперстің пайдасы мен зияны
Бір рет қана пайдалануға арналған жаялықтарды көбі «памперс» дейді. Алайда, «памперс» бір реттік жаялықтардың бірінің атауы. Ағылшын тілінен аударсақ «еркелету, әлпештеу» деген мағынаға ие бұл сөз халық жадында жақсы жатталды. Соған бола барлық түріне осындай атау беру, әрине, дұрыс емес. Бір реттік жаялықтарды ХХ ғасырдың соңына таман Американың Небраска штаты, Милфорд қаласының тұрғыны Виктор Миллз есімді өнертапқыш ойлап тапқан. Ол химиялық  технология...
date06.12.2016readCount8078readmoreТолығырақ
Баланы ерте ұйықтатудың пайдасы
«Сағат тоғыз болды. Ұйықтаймыз!» деген сөздерді кішкене күнімізде көп еститінбіз. Неге бала тура осы уақыттан кешікпей ұйқыға кету керек? Қарастырып көрейік. Бала ерте жату керек. Неге? Себебі оның өсу гормоны ұйқының төртінші кезеңінде пайда бола бастайды. Яғни, егер бала 21:00-де ұйықтайтын болса, шамамен 00:30-да оның өсу гормоны қарқынды жұмысқа кіріседі. Егер бала өте кеш жататын болса, онда бұл гормонның түзілуіне уақыт жетпей қалады. Яғни, бұл оның өсіп-жетілуіне зиян. Сонымен...
date28.11.2016readCount5796readmoreТолығырақ
Балаға қандай ойыншықтар қажет?
Ойнау арқылы балалар айналасындағыларды, қоршаған ортаны танып-біліп, есте сақтау қабілетін арттырады, ойындағысын толық жеткізуді үйренеді. Сондай-ақ, ойын олардың қиялына қанат бітіріп, алға жетелейді. Демек, ойын – жай ғана ермек не уақыт өткізу амалы емес, балалардың дұрыс өсіп-дамуында ерекше рөл атқаратын тәрбие құралы. Ойынның психологиядағы алар орны Үй ішіндегі тыныштық пен тазалықты талап етіп, баланың еркін ойнауына мүмкіндік бермеу – оның дұрыс дамып-жетілуіне...
date25.11.2016readCount3611readmoreТолығырақ