Бүлдіршін кезеңі: 2-6 жас аралығы
Бүлдіршін кезеңі баланың омыраудан ажыраған кезінен бастап тәмииз жасына[1]дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Бұл кезең шамамен екі жастан бастап, 7 жасқа дейін жалғасады Енді осы уақыт аралығындағы бала тәрбиесін, әр жастың физиологиялық-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып қарастыруға тырысайық. Сәбиліктен бүлдіршін кезеңіне қадам басқан баланың тілі жайлап шығып, шүлдірлеп сөйлей бастайды. Өзіне айтылғандарды түсінеді. Кейбір психологтар 2 жасты бала өмірінің «бақытты...
date10.02.2017readCount4972readmoreТолығырақ
Сәбилік кезеңде не жасалады?
Баланың сәбилік кезеңі 0-2 жас аралығын құрайды. «Балалық шақтың» әдепкі баспалдағы – сәбилік кезең. Қасиетті Құран кәрімде бұл шақ бірнеше мәрте қайталанған. Сәбилік кезеңнің бірнеше мәрте Құранда тілге тиек етілуі мәселенің аса маңыздылығын білдірсе керек. Сәбилік кезең бала туылған сәттен бастап, екі жасқа дейін жалғасады. Құранда сүт ему уақыты екі жыл екендігі айтылған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екі жасына толмай шетінеген ұлы Ибраһим жайында: «Оның...
date06.02.2017readCount3345readmoreТолығырақ
Балаға қандай ат қойған дұрыс?
Сахаба Абдулла ибн Аббас бала туылғаннан кейінгі жетінші күні мына нәрселерді жүзеге асырудың сүннет екенін мәлімдеген: ат қою және сүндетке отырғызу; туылғанда нәрестенің денесіне жағылып қалған қан секілді лас нәрселерді сүртіп, тазалау; егер қыз болса, құлағын тесу; ақиқа құрбанын шалу; шашын алу; алынған шаштың салмағындай алтын немесе күміс садақа беру. Бала дүниеге келгеннен кейін алғашқы күндерде күн тәртібінде ат қою мәселесі тұрады. Хадисте бұл жайлы «Сендер қиямет күні...
date30.01.2017readCount4695readmoreТолығырақ
Қайсы ата-ана баласын "жаман болсын" дейді?
Қайсыбір ата-ана болмасын дүниеге ұрпақ әкелгеннен кейін тәлімді тәрбиесін беруді мақсат етеді. Қолынан келгенше баласын байсалдылыққа үйретіп, табандылыққа баулып, жақсы нәрселердің бәрін бойына сіңіре берсе екен дейді. Ұлын намысына, қызын ұятына балап, өскен сайын үмітін ақтар ұрпағын көргісі келеді. Міне, сондықтан да ешбір ата-ананың балам жаман болсын демейтіні осыдан болса керек. Қалай десек те бала тәрбиесіне бей жай қарамайды.  Жақсы әдеп, жақсы сөзді баланың бойына...
date24.01.2017readCount2723readmoreТолығырақ
Сәби бүлдіріп (кіш етіп) қойса...
Бала екі-үш жастан кейін барып өз еркімен дәретке отыра бастайды. Сондықтан бала осы жасқа толғанға дейін сабырлылық танытқан жөн. Кейбір балалар ерте үйретілгенімен, оқта-текте олар да әдетінен жаңылып жатады. Себебі, ол әлі кіші дәрет пен үлкен дәретке отыруды саналы түрде қадағалай алмайды. Сондықтан сәбилер алғашқы жылдарында кіші дәретін ұстауды білмейді. Өкінішке орай, бұл жағдай көбіне ата-ананың ашуын тудырып жатады. Осындай жағдайларда Пайғамбарымыздың өзін қалай ұстағаны...
date21.01.2017readCount4678readmoreТолығырақ
Бала неге жылайды?
Жаңа туған сәбидің сөйлейтін тілі бола ма? Егер болмайды десеңіз, онда қателесесіз. Қандай да бір қажеттілік туғанда сәбидің қолданатын тілі – жылау. Бала өз мазасыздығын жылау арқылы білдіреді. Ол – ештеңеге шамасы келмейтін, тым әлсіз, әлжуаз жас сәбиге жасалған Құдай Тағаланың рақымы. Сәбидің өз өмірін іңгәлап бастауында үлкен мән бар. Өйткені, осы жылаудың арқасында сәбидің өкпесі ашылып, тыныс алу әрі жүректің қалыпты жұмыс істеуі жақсарады. Сол себепті, өмірге жаңа келген...
date18.01.2017readCount4485readmoreТолығырақ
Балаға өтірік айта көрмеңіз!
Кейбір ата-аналар баласының өтірік сөйлейтінін айтып шағымданып жатады. Ешбір сөзіне сене алмайтын жағдайға жеткенін де жасырмайды. Бұл жерде ата-ананың да салғырттығы мен кемшілігі бар да болар. Себебі дана Абай өзінің оныншы қара сөзінде былай дейді: «Әуелі өз күнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай, балаңның күнәсіне тағы да ортақ боласың. Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса,...
date13.01.2017readCount3664readmoreТолығырақ
Балалар уланған жағдайда...
Улану түрлі себептермен пайда болуы мүмкін. Жуғыш заттар, дәрілер, улы өсімдіктер мен ішімдік – бұл жай ғана балаларға қауіп тудыратын көздердің бірі болып табылады. Алайда, улану жағдайында алғашқы медициналық көмектің кейбір жалпы ережелері бар. Бала уланып қалса, ол мынадай белгілерді көрсетеді: әлсіздік, бозару, құсу, бас айналуы. Уланудың ауыр түрлерінде бала есін жоғалтып, тыныс алуын тоқтатуы мүмкін. Себебін анықтау Уланудың себебін анықтау маңызды болып табылады. Егер,...
date09.01.2017readCount2203readmoreТолығырақ
Баланың кітапқа деген қызығушлығын оятудың 6 амалы
Көптеген ата-аналардың бала тәрбиесіндегі басты сұрақтарының бірі – «Балалардың оқуға қызығушылығын қалай арттыруға болады?». Әсіресе, смартфон мен планшетті қолдарынан тастамай ойнайтын бүгінгі балалардың оқуға қызығушылықтары еш оянбайтындай көрінеді. Мұндайда не істеуге болады? Балалардың оқуға қызығушылығын арттырудың 6 жолы 1. Баланың кітап оқығысы келмей тұрса, оны күштеп оқытуға болмайды. Бұдан бала кітапты жек көріп кетеді. Оның орнына кешке ұйықтар алдында...
date04.01.2017readCount4974readmoreТолығырақ
Кішкентай «қылмыскер» қайдан шығады?
Сәби үш жасынан бастап «менікі» деген ұғымды біле бастайды. Сол сәттен бастап ата-ана «менікі» деген ұғыммен «біреудікі» дегенді қатар үйрете білуі керек. Біреудің затын рұқсатсыз иемденбеу – үйден берілетін тәрбие. Егер бұл тәрбие баланың бойынан табылмаса, ұрлыққа алып баратынын білесіз бе? Қарапайымнан бастасақ. Дүкеннен қонаққа деп алынған тәттілер сөренің жоғарғы жағында тұр. Мұны бала білді. Нәпсісін тыя алмаған бала сіз көз ала бергенде, қорапты ашып...
date30.12.2016readCount2973readmoreТолығырақ