Балалар арасындағы қызғаныштың алдын алу жолдары
Кішентай сәби шыр етіп, дүние есігін қаққан кезде оның келгеніне қуанбайтын – оның үлкен бауыры. Өйткені, ол бастапқыда «мені бұрынғыдай жақсы көрмейді» деп алаңдауы мүмкін. Алайда, әке-шешесі өз қалпын бұзбай, үлкен баласымен бұрынғыша қарым-қатынасын жалғастырса, тұтанып келе жатқан қызғаныш шоғы жанбай жатып сөнеді. Әке-шешесі баласының алаңдаулы әрекеттерінен шошымай, сабырмен тыңдаса және табиғи әрекеттерін жалғастырса, бала өзінің алаңдауының орынсыз екенін түсінеді....
date19.05.2017readCount2932readmoreТолығырақ
Баланың таным деңгейін дұрыс анықтау
Пайғамбарымыз «Әрбір адаммен өз дәрежесіне сай қарым-қатынас жасаңдар»[1] деп кісілерді дұрыс тануға шақырғаны секілді «Әркімнің санасына қарай шара қолданыңдар»[2] деген әмірі арқылы да тәртіпке салуда әлгі кісінің жағдайын басты назарға алу керектіген ескерткен. Балаларды да қамтитындай кең мағыналы осы хадисті Мүнәуи «Өз саналарыңа қарай емес, балалардың деңгейіне қарай тәрбиелеп, тәртіпке салу тәсілін қолданыңдар» деп түсіндіре келе «Жақсыларды жөнге салу...
date16.05.2017readCount2555readmoreТолығырақ
Балалар арасындағы қызғаныштың 8 себебі
Қызғану сезімі барлық адамның жаратылысында бар, одан ешкім толығымен бас тарта алмайды. Бұл сезімнің адам өміріне қосар үлесі көп. Дегенмен де, қызғаныш шектен тыс болған жағдайда  өмірді қиындатып жібереді. Ал, егер қызғанушы кішкентай бала болса, өмір одан ары қиындай түседі... Балаларда қызғану сезімі, шамамен, 2 жасында басталады. Негізінде, ата-ананың ұстанымдары мен баланың сыртта көрген көріністері баланы қызғанышқа итермелейді. Яғни, баланың өз бауырын қызғануына үлкендер...
date10.05.2017readCount2617readmoreТолығырақ
Бала тәрбиесінде ойынның рөлі
Баланың дамуы мен мінез-құлқының қалыптасуында сүйіспеншіліктен кейінгі екінші рухани азық – ойын. Ойынсыз өткен балалық шақ сүйіспеншілік көрмей өсумен тең. Бала үшін ойын – өмірді танытатын құрал іспеттес. Ойын барысында неше түрлі қиындықтарға ұшырасқан бала, сол қиындықтарды жеңуге тырысу арқылы өмірге бейімделеді. Әлеуметтік қарым-қатынасты, қоғамдық іс-әрекетті ойын арқылы (үйшік-үйшік, дәрігерлік т.б. ойындар) үйренеді. Қиял күші шарықтап, ойын қимылдары арқылы баланың...
date24.04.2017readCount3560readmoreТолығырақ
Балиғат жасы дегеніміз қай жас?
Бойынан балиғат белгісі (етеккір мен мәни) байқалған күннен бастап қыз бен ұл балиғат жасына толған болып есептеледі. Ал егер бұл белгілер кешеуілдеп жатса, онда жоғарыда баяндағанымыздай көпшілік ғалымдардың көзқарасы бойынша 15 жасынан бастап балиғатқа толған болып саналады. Балиғат жасына толған бала балалық шақтан шығып, толығымен ересек кісілердің қатарына қосылады. Ислам діні бойынша, балиғат жасына толғаннан бастап ол өз бетінше шешім қабылдай алады. Дербес жұмыс бастап,...
date11.04.2017readCount5550readmoreТолығырақ
Бала тәрбиесі — үлкен бір ғылым
Тәрбие мәселесінің қаншалықты маңызды екенін Абдолла Аблонидің тәрбиеге байланысты айтқан: “Тәрбие – біз үшін не өмір, не өлім, не құтылу, не бақыт, не қайғы мәселесі”, —  сөзінен белгілі. Қазіргі кезде тәрбие мәселесі өзінің өткірлігі жағынан еліміздегі Арал, Балқаш сияқты экологиялық проблемалардан кем емес, сондықтан тәрбие мәселесін экологиямен қатар қоюға тиіспіз деп ойлаймын. Ал бала  тәрбиесінде  — отбасы ең үлкен мықты тәрбие ошағы. Баланың адамдық...
date08.04.2017readCount3211readmoreТолығырақ
Мураһиқ жасы: 10-15 жас аралығы
Пайғамбарымыздың (саллАллау аләйһи уә сәлләм) балаға намаз оқыту жайлы айтқан хадисінде он жастың аталуы тегін емес. Бұл жаста баланың бойында әлі балиғат жастың белгілері байқалмаған жағдайда, балалық пен балиғат ортасындағы «мураһиқ жасы» басталады. Балиғатқа толу дегеніміз, қыз баланың етеккірінің келуі, ұл баланың ұйқыда немесе ояу халінде «мәни» деп аталатын ұрығының ағуы. Қыз бала үшін ең ерте етеккір 9 жасында келуі мүмкін. Бұл ретте 4 мәзхабтың да көзқарасы осындай....
date03.04.2017readCount2993readmoreТолығырақ
Бала тағдыры – ертеңгі ұлт тағдыры
Бала – адамның бауыр еті. Ол тәтті әрі сүйкімді. Бала – дүниедегі ең асыл да қымбатты жан. Бастысы – ізімізді жалғастырушы келешек ұрпақ. Жас нәрестенің дүниеге келген сәтінен бастап бұралаңдаған қылықтары мен әртүрлі жасаған тойымсыз әрекеттері, былдырлаған сүйкімді тілі де кез келгенді өзіне баурап алардай тартымды екендігі баршаға белгілі.  Міне осындай шаттыққа толы болған дүниеден қол үзіп, баланың сүйкімділігін сезінгісі келмейтін жандардың барлығын есітіп, көрген...
date27.03.2017readCount1800readmoreТолығырақ
Бала күдігін әуел бастан сейілту
Намаз және басқа да діни мәселелерде баланың түсінбеген бірқатар сұрақтары болуы мүмкін. Әсіресе, тұйық мінезді балалар дінге қатысты көкейіндегі сауалдарын ата-анасына ашып айта бермейді. Орайы келгенде, баланың ішкі ойларын біліп отыру ата-ана үшін маңызды. Есейген сайын өзі түсінбеген ұғымдар балаға күрделене береді. Кейде қандай да бір ойындағы күмәндар жара секілді тез ұлғайып, оның ақиқатқа барар жолын тұмшалап тастайды. Күндердің күні көңілін күпті еткен күдіктен қалай...
date23.03.2017readCount2181readmoreТолығырақ
Баланы ертеңгі күнге дайындау
Қайталап айтуды қажет ететін мәселе – балалардың қоршаған ортасын есепке ала отырып, жасына, деңгейіне, білімі мен танымына сай оның тәрбиесін қолға алу. Бала бес жаста болса, әліппені үйреткендей, діни мағлұматтарды ерінбей, жалықпай түсіндіруіміз керек. Ол жеті жасқа келгенде берілетін білім басқа болса, он жасқа келгенде одан күрделірек білім алуы тиіс. Алайда мұның мынадай маңызды жағы бар, балаға айтпақ болған мәліметіміз оның жасына сай әрі келесі кезеңнің де талаптарына...
date14.03.2017readCount5108readmoreТолығырақ