Баланың қарны тоқ, көйлегі көк болса болды ма?
БОЛАШАҚ ҰРПАҒЫМЫЗ ҮШІН 5 МИНУТЫҢЫЗДЫ БӨЛІП, СОҢЫНА ДЕЙІН ОҚЫП ШЫҒУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫН! Қазіргі таңда бала тәрбиесіне көңіліңіз тола ма? Болашағымыз - балаларымызды дұрыс тәрбиелей алып жүрміз бе? Балаларымыздың тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлудеміз бе? Бұл сұрақтарға өзіңіз іштей ойланып, жауап беріп көріңіз. Ал, мен өзімнің тәжірибем бойынша түйген бірнеше ой-пікірімді сізбен бөлісіп көрейін. Біздің қоғамда ата-аналардан «бала тәрбиесі дегенді қалай түсінесіз?» деп сұрасаңыз,...
date24.07.2017readCount1525readmoreТолығырақ
Балаларыңа қарғыс айтпаңдар!
Жақсы сөз – жарым ырыс Тәрбие барысында ата-ананың сөзге абай болғаны жөн. Себебі, ата-ананың аузынан шыққан әрбір жаман сөздің бала жанына дақ түсіретіні ақиқат. Жаман сөздің қатарына қорлау, масқаралау, ұрсу, боқтау, қарғап-сілеуді жатқызуға болады. Екі жаһан сардары жаман сөз айтуға қатаң тыйым салған. Ол: «Мұсылман кісі біреуді жамандап, лағынет айтып қарғамайды, ұятсыз жаман сөздер айтпайды»[1] деп, мұндай сипаттың мұсылмандыққа жатпайтынын білдірген. Тағы бірде:...
date21.07.2017readCount6021readmoreТолығырақ
Баланы ерке қылып тәрбиелеу дұрыс па?
Кейбір зерттеушілер мен тәрбиешілер бала тәрбиесінің жемістілігі баланы жақсы көруде әрі тәрбие ісіне толық көңіл бөлуде деген (Песталози, Толстой, Бакуле). Бала тәрбиесінде әрине ең негізгі ұстаным ол − сүйіспеншілік. Бірақ мамандар жақсы көруде де артық кетпей тепе-теңдікті сақтау қажеттігін айтады. Өйткені бала өзін мектепте басқаша, үйде басқаша ұстайды. Бала үшін жанұя мен мектеп, мұғалім мен ата-ананың орны бірдей емес. Жанұяда балаға көрсетілген шектен тыс сүйіспеншіліктің...
date17.07.2017readCount2607readmoreТолығырақ
Баланы байыптылық пен жұмсақтық арқылы тәрбиелеу
Ислам дінінде баланы әдепті, көргенді етіп тәрбиелеу – ата-ананың ең негізгі міндеттерінің бірі. Ата-ана баланы жөнге салуда байыптылықты ұстанып жеңілден қиынға, жұмсақтықтан қаттылыққа, кешірімділіктен қаталдыққа қарай тәсіл қолдануы қажет. Мұсылман тәрбиешілер тәрбие жұмысымен айналысатындарға әуелі тыйым салынған жағымсыз істерді атап көрсету, сосын жұмсақ сөз, тәтті тілмен оларға насихат айту, одан кейін барып Алла Тағаланың азабымен қорқыту керектігін айтқан[1]. Тәрбиеде...
date11.07.2017readCount2675readmoreТолығырақ
Балалардың арасын алаламау
  Бала тәрбиесіне қатысты мәселелердің бірі – жанұядағы балаларды ата-ананың алаламауы. Өзін жанұяда артық адам секілді сезінуі баланың психо-логиясына кері әсерін тигізеді. Осының салдарынан баланың бойында қызғаныш, дұшпандық, бойкүйездік, ата-анасын сыйламау деген сияқты бірқатар жағымсыз мінездер қалыптаса бастайды. Кейде бала өзін қор санап, өзіне деген сенімін жоғалтады. Тырнақ тістелеу, бұтына жіберіп қою секілді әдеттерге бой алдырады. Осылайша баланың тәрбиесі теріс...
date05.07.2017readCount1739readmoreТолығырақ
Ақиқа құрбаны жайында не білесіз?
Араб тілінде «Ақиқа» деп жаңа туған нәрестенің шашын айтады. Нәресте дүние есігін ашқанда немесе сәбидің шашын алатын күні Аллаға шүкіршілік ретінде шалынған құрбан «ақиқа» деп аталады. Ханафи мәзһабында ақиқа құрбанын шалу мубах. Басқа үш мәзһабта ақиқа құрбанын шалу – сүннет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Хасан мен Хұсайынның (р.а.) екеуіне де арнап ақиқа құрбанын шалған, әрі жаңа туған ұл мен қызға арнап мұсылмандардың құрбан шалуын мақұл көрген. Әрине, сәбидің дүниеге...
date27.06.2017readCount3842readmoreТолығырақ
Айт мейрамында балаларыңызға сыйлық беріңіз
Ірі хадис жинақтарында осы сыйлық мәселесіне арнайы бап енгізілгені бұл мәселенің Ислам дінінде айтарлықтай маңызы бар екенін байқатады. Әр ісі даналыққа толы сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сыйлыққа үлкен мән берген. Хадистерінде сыйлық берісудің адамдардың бір-біріне деген сыйластығын, татулығын, өзара сүйіспеншілігін арттыратындығын білдірген: «Бір-біріңізге сыйлық беріңіздер! Өйткені сыйлық сүйіспеншілікті арттырады, жүректі кірбіңнен тазартады»; «Сыйлық...
date24.06.2017readCount2421readmoreТолығырақ
Баланың кемшіліктерін бетіне баспау
Жөнге салудағы басты ұстанымдардың бірі – кемшілікті бетке баспау. Сондықтан жасалған қателікті жағдайға қарай толықтай кешіру не көрмеген сыңай таныту немесе жанама жолдар арқылы ескерту жасаған жөн. Пайғамбарымыз біреудің жағымсыз іс жасағанын көрсе немесе оған сол жайлы айтылса, кемшілік жасаған кісіні шақырып алып бетіне баспайтын. Әрі атын атап «неге ол былай, былай жасайды» деп жұртқа жария етпей «Кейбір кісілерге не көрінген, тәйірі?! Неге олар мынадай, мынадай...
date19.06.2017readCount2419readmoreТолығырақ
Балаға қасиетті ұғымдарды сіңіру
Исі мұсылманға тән қасиетті ұғымдардың әуелгісі − Алла ұғымы. Ол − иманның бір тірегі. Аллаға сенбейтін кісінің ислами және имани өмірі мешел деген сөз. Бұл ұлы әрі қасиетті ұғымды өз ұлылығына сай белгілі бір жастан бастап, (көбіне ол жас 8-9 жас деп қабылданады) бала санасына сіңірудің міндет екенін білуіміз керек. Алла Тағала «Кімде кім Алланың қасиетті нәрселеріне құрмет көрсетсе, күмәнсіз бұл жүректің тақуалығынан» («Хаж», 22/32) деген. Жүректің тақуалығы – Алланы...
date08.06.2017readCount3102readmoreТолығырақ
Баланың бір тәуліктік күн тәртібі
Жалпы тәрбие саласында баланың күндік режимін сөз еткенде оның оқуы, үй ішіне қолғабысы, демалы- сы мен тамақтануы, ұйықтайтын уақытының жүйелі түрде дұрыс бөлінуі ойға оралады. Көбіне ата-аналар балалардың уақыт кестесіне айтарлықтай мән бермейді. Ал шын мәнінде балалық шақ – адам өмірінде өсу мен ағза қалыптасуының ең жауапты белесі. Осы кезеңде адамның өмірлік мінез-құлқы, дағдысы қалыптасады. Егер бала ұйықтау, жұмыс істеу, тамақтану, демалу мерзімін күнделікті нақтылы бір...
date30.05.2017readCount4549readmoreТолығырақ