Атқа міну балаға пайдалы
Баланың денесін шынықтыратын жаттығудың келесі түрі – атқа міну. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) атқа мініп шабуды да балаларға үйретуді насихаттайды. Тіпті оны көңілді сейілтетін жаттығу ретінде күндегі жаттығулардың арасына қосуды айтқан. Ат және түйе жарыстарын өткізіп тұруға шақырған[1]. Кейбір хадистерде Ардақты елшінің өзінің тікелей осындай жарыстарға қатысқандығы айтылады[2]. Бұл жайлы Әнәс (р.а.): «Пайғамбарымыздың Абда атты түйесінен ешқандай түйе оза...
date18.09.2017readCount1902readmoreТолығырақ
Жалқау бала қайдан шығады?
Кейбір ата-ана өз балаларының үй шаруасына көмектеспейтінін, тіпті, төсек-орнында жинамайтынын, сабаққа да немқұрайды қарайтынын айтып шағымданады. Жас кезінде бала бойында белсенділік пен жігерлілік бола тұрса да, оларда жалқаулық қайдан пайда болады? Ең басты себеп – тәрбиенің дұрыс болмағандығы. Көптеген ата-ана баланы жас кезінен еңбекке баулымайтындығы. Көбінесе оны қорғаштап өздері істейді. «Кейін өскен соң жұмыс істеп үлгересің?» - деп аяғынсиды. Сөйтіп өз...
date14.09.2017readCount2117readmoreТолығырақ
Балаңыздың дені сау болсын десеңіз...
Денсаулық – адам бақытының негізгі бөлігі. Халқымыз «Он екі мүшең сау болса, жарлымын деме» деп денсаулықтың адам өміріндегі орнын ескертеді. Жастары әлсіз, денсаулығы нашар, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса − мемлекеттің соры. Ондай мемлекет қашан да қорғансыз. Ислам дінінде денсаулықпен қатар денені шынықтыруға да үлкен мән берілген. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде Алла Тағаланың алдында әлсіз мұсылманға қарағанда күшті...
date11.09.2017readCount2048readmoreТолығырақ
Балаңызға бұлай айтпаңыз!
Көп жағдайда баламыздың қабілетін ашудың орнына, оларды тыйып тастаймыз, жетілмей қалуына біз өзіміз себепші боламыз. Қырықтан асқан келіншек маған бала күніндегі анасының тыйымы туралы айтып берді. Анасы су жаңа көйлек әперіп, аулаға ойнауға жібереді. Далаға шығармас бұрын, «егер көйлекті бұлғасаң – мен сені өлтірем!» деген екен. Қыз далаға шыққанда ойнауға қорқады. «Үстім бүлініп қала ма» деп біраз сүмірейіп жүреді. Сосын тыйым есінен шығып кетіп, асыр салып ойнап...
date08.09.2017readCount4199readmoreТолығырақ
Балаңыз жүзе ала ма?
Жүзу Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзі жүзуді бала кезінде Мәдина қаласына анасымен барғанда үйренген. Хадистерінде басқа спорт түрлерімен қатар жүзуді үйренуді үмбетіне насихаттаған. Сондықтан одан кейінгі дәуірлерде мұсылмандар балаларын тәрбиешілерге табыстағанда оларға оқу-жазумен қатар жүзуді де үйретуді міндеттеген екен. Шын мәнінде дене шынықтырудың ең тамаша құралдарының бірі су болып табылады. Өсіп келе жатқан жас буынның денесіне судың және малтыған...
date06.09.2017readCount1480readmoreТолығырақ
Баланы мектепке қалай дайындаған дұрыс?
Балабақшаны "мектепке" айналдырып жібермедік пе? Ауылда қайдам, қаладағы мектептер бала әріп танымаса, 1-ші сыныпқа қабылдамауға тырысады. Енді онысын бетіңе айтпайды. Түрлі сылтау табады ғой. Ешнәрсе істей алмайсың. Сол себепті шығар, қазір көп ата-ана, оның ішінде өзім де бармын, баламызды санауға, оқуға үйрететін бақшаларға береміз. Былай қарасаң, бұл өзгерістің еш жамандығы жоқ сияқты. Керісінше, кезінде мектепке бармай тұрып-ақ, зуылдатып оқи алатын, күрделі есептерді шығара...
date04.09.2017readCount1135readmoreТолығырақ
Баланы тәрбиелеудің 4 сатысы
Бірінші кезең – бес жасқа дейінгі кезең. Бас жасқа дейін белсенділік, танымдық және өмірге қызығушылық секілді қасиеттер орнығады. Тыйым салып, жазғырудан гөрі бұл кезеңде баланы алдаусырату керек. Балаға жаза берудің бірден бір себебі – олардың есесін қайтара алмауында жатыр. Егер сәбиіңіз қауіпті бір нәрсе жасар болса, қорыққан кейіп жасап, қорыққан дауыс шығарыңыз. Бала ол тілді өте жақсы түсінеді. Баланы бес жасқа дейін басып тастар болсақ, онда біз баланың белсенділігін,...
date28.08.2017readCount1297readmoreТолығырақ
Бала бала бола ма ойнамаса...
Балалық бал дәурен шақты ойынсыз елестету қиын. Өйткені ойын – бала үшін негізгі қажеттіліктердің бірі. Физикалық, психологиялық, моралдық, дүниетанымдық тұрғыдан ойынның балаға берер пайдасы көп. Қазіргі ересек кісілердің арасында бала кезінде «Ақ серек-көк серек», «Асық», «Қуырмаш», «Тоғызқұмалақ», «Ұшты-ұшты», «Хан талапай» секілді ойындарды ойнамағандары кемде кем. Бала ойынына кезінде Мұхаммед пайғамбарымыз да (с.ғ.с.) оң көзбен қараған. Ойын...
date15.08.2017readCount1536readmoreТолығырақ
Еңбекке баулы балаңды...
Қазақ атамыз: «Балаңды 5 жасқа дейін алақаныңа салып аяла, 13-ке дейін құлыңша жұмса, 13-тен бастап өзіңмен теңдей етіп ұста» деген екен. Халық даналығы бойынша еңбек тәрбиесінің 5 жастан басталатыны айтылып отыр. Дегенмен психологтар балаға 3 жасынан бастап дастарқанға табақтарды, қасықтарды тасытуға болатынын айтады. Алайда бұл жас баланың ойын жасы болғандықтан анасына дастарқанды жасауға немесе жинауға көмектесуді көбіне ойын ретінде қабылдайды. Осыған қарамастан баланың...
date04.08.2017readCount2049readmoreТолығырақ
Бала үшін жақсы орта, жақсы көрші таңдау
Бала тәрбиесінің алғашқы кезеңінде ескерілуге тиіс мәселелердің бірі – бала үшін жақсы орта мен жақсы көрші таңдау. Байқап қарасаңыз, ешбір ата-ана бала- сын жаман болсын демейді. Олардың әдепті, көркем мінезді, тілалғыш, білімді болып өскенін қалайды. Бірақ көбінесе балалары өздері ойлағандай болып шықпай жатады. Бір күні баласының әдепсіз сөзін естіп қалады. Екінші күні өтірік айтқанына куә болады. Тағы бір күні ата-анасына сөз қайтарады. Өз перзентінің осындай жаман әдеттері күн...
date31.07.2017readCount1789readmoreТолығырақ