Құл болу құрмет қой, ҚҰДАЙҒА,Фәнилік ұмытып уайымды.Нұр шашқан нығметті бұл айда,Бір түн бар - мың айдан қайырлы!Бұл түнді тең қылған бір Аллаһ!Сексен үш жыл менен төрт айға.Бұл түнде бұйырған ҚҰРАН бақ,Әр жолы Ақиқат, мол пайда.Көбейтіп мүміннің несібін,Раббымыз бұл түнді сый еткен.Дұғамыз: КЕШІРІМ, КЕШІРІМ,...Тек қана тап-таза ниетпен!Ондаған жылдардың амалын,Бір түнге Тәңірім сыйғызып,Бергенде, сол болсын жауабымМаңдайды сәждеге тигізіп...Кел, бауыр, құлшылық қылайық,Сан түрлі сауаптан...