Оразаның пайдасы
Ауыз бекітіп ораза ұстаудың сауап тұрғысынан да, денсаулық тұрғысынан да пайдасы зор. Айталық, ораза ем ретінде ішек ауруларына, іш қатуға қарсы қолданылады. Оразаның медициналық емдігінің қатарында кейбір тері ауруларының жақсаруы, асқазан мен ішек жұмысына тоқтау салып олардың белгілі бір уақыт аралығында тынығуы қамтамасыз етіледі. Ораза адамның ішкі мүшелеріне жиналатын майларды ерітіп, метоболизмді жандандырады. Бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабеті), жүрек пен тамыр...
date02.07.2014readCount4638readmoreТолығырақ
Оразаның қасиеті қандай?
Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (c.ғ.с.) рамазан туралы хадис-шәрифтерiнде:«Рамазан – Мүбәрак ай. Ол айда Алла тағала сендерге ораза ұстауды парыз етiп, жәннат есiктерiн айқара ашып, тозақ есiктерiн тарс жауып, жын-шайтандарды кiсендеп қойды. Ол айда мың айдан қайырлы түн бар (Имам Насаий)»,–делінген. Демек, Рамазан айында жәннат есігі ашық, тозақ есіктері жабық, шайтандар кісендеулі. Дегенмен, бұл хадисті басқа айларда жабық тұратын жаннаттың есіктері осы айда ашылады екен...
date01.07.2014readCount5189readmoreТолығырақ
Рамазан – он екі айдың сұлтаны
Мұсылман кісі оразаның ең бірінші құлшылық екенін және Аллаһтың құлдарына парыз қылған ізгі амалы деп білуі тиіс. Құлшылықтан мақсат – Аллаһтың әміріне ақыл-ой жүгіртпей, сарапқа салмай, пайдасы мен зиянына қарамастан толығымен мойынсұну болып табылады. Былайша айтқанда, құлшылықты орындауда Ләйләдан басқа ешкімді көрмейтін және сүймейтін Мәжнүндей болуы керек. Сонда ғана жасаған құлшылықтың мәнін ұғады. Рамазан – он екі айдың сұлтаны деп бекер айтылмаған. Өйткені, бұл ай –...
date30.06.2014readCount3319readmoreТолығырақ
Рамазан – сабыр сыналатын сәт
Ораза араб тілінде صوم‎ «ас-саум» – өз нәпсісін тыю, жаманнан алыстау деген мағына береді. Тәуліктің күндізгі уақытында ауыз бекіту – Исламның негізгі бес парызының үшіншісі. Ораза ұстаған адам таң атқаннан күн батқанға дейін ішіп-жеуден ауызын бекітіп, оразаны бұзатын басқа да әрекеттерден тыйылады. Әрбір мұсылмандарға рамазан айында ораза ұстау – парыз.  Алла Тағала Құран Кәрімде бізге ораза тұтуды былайша бұйырған: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда...
date18.06.2014readCount3962readmoreТолығырақ
Рамазан айының артықшылығы
Аса мейірімді, Мейірбан Алланың атымен бастаймын. Барлық мадақ әлемдердің Иесі Аллаға тән. Салауат пен сәлем елшілердің төресіне, оның әулеті мен сахабаларына болсын! Құдайға шүкір, қасиетті рамазан айына да аман-сау жеттік. Ұлық айға есендікпен жеткеннің өзі үлкен нығмет. Жаратқан Ие баршамызға осы айдағы жауапкершілікті лайықты түрде атқаруға медет берсін, жәрдем етсін. Бұрынғы мұсылмандар осынау мүбәрак аймен қимай қоштасып, ал келесі жылы құдды қырық жыл көрмеген қонағын...
date12.06.2014readCount6515readmoreТолығырақ
Қадіріңді білмей, қоштасып тұрмыз өзіңмен...
Қасиетті рамазан айының соңғы жұмасы. Мешіттегі имам айт намазының оқылу уақыты, қадір түнінің қасиеті жайлы уағыз айтуда. Көзім жасқа толы, себебі де түсінікті: өзіме берілген үлкен мүмкіндікті мүлт жібердім. Бүкіл өмірін бос әурешілікпен өткізіп, әбден қартайып, басып өткен өткен өмір жолына назар салғанда өнегелі ізді көре алмай, дал болған кісінің күйін кешіп отырмын. Рамазан айы келмей жатып, белімді бекем буып: осы оразада Құранды толықтай хатым етемін, пәлендей амал жасаймын,...
date05.08.2013readCount4683readmoreТолығырақ
Өмірге қайта әкелген Рамазан...
Жаратқан бізді жарылқап, шұғыласын шашқан таңның атқанын көруді,  өмір сүруді нәсіп етіпті. Алланың осындай шексіз нығметтерін көзбен көруді нәсіп еткеніне шексіз шүкірліктер айтып, табиғатты тамашалағанға не жетсін. Жаз мезгілі серуендеп жаяу жүруге өте оңтайлы мезгіл болғандықтан, әдеттегідей жол бойындағы саябақтардың біріне келіп, қаз-қатар тізілген орындықтардың біріне жайғастым. Бұл саябақтың ашылғанына аса көп уақыт болмағандығы ағаштарының аласалығынан аңғарылып тұр....
date02.08.2013readCount4141readmoreТолығырақ
Қадір түні не істеу керек?
Алла Тағала өзінің хикметіне сай кейбір нәрселердің анық уақытын жасырған. Айталық, Жұма күнінің қай мезгілінде жасалған дұғаның қабыл болатынын, бес уақыт намаздың ішіндегі ортаңғы намазды, дұғалар ішінде исми ағзамды, уақыттың ішінде қияметті әрі өмірдің ішінде өлім уақытын пенделеріне дәл білдірмеген. Бұның біздерге қайыры барына кәміл сенімдіміз. Мүмкін бұл мұсылмандардың үнемі сергек, Аллаға ғибадат, құлшылықта жүруін қалағандықтан шығар. Қадір түніне келсек, ол – түндердің...
date01.08.2013readCount76992readmoreТолығырақ
Атам еді Рамазанның берекесі...
Әрбір мұсылманның асыға күтетін қасиетті де, қадірлі айы – Рамазанның аяқталар шағы таяп қалыпты. Кеудемде Рамазан айы бітпесе екен, әрі қарай жалғаса берсе екен деген қимастық бар. Осы Рамазан айы келгенде оразаны асыға күтетін марқұм атам есіме түседі. Мен атамның тұңғыш немересі болғандықтан, атам мені жанынан тастамаушы еді. Өзі барған ортада мені де ерте жүретін. Атамның бір қасиеті қонаққа барғанды ғана емес, қонақ шақыруды да жақсы көруші еді. Бұл атамның қонақжай болғандығын...
date31.07.2013readCount4052readmoreТолығырақ
Иғтикаф
Қасиетті Рамазан айының алғашқы он күні рақымға толы, ортаңғы он күні кешірімге толы, соңғы он күні тозақтан қалқан болатынын ескерсек, осы соңғы он күнге тән арнайы құлшылық түріне тоқтала кеткен орынды. Ол «Иғтикаф» деп аталады. Иғтикаф бір жерде күту, тұру, сол жерден шықпау деген секілді мағыналарды білдіреді. Яғни, діни түсінікте Рамазан айының соңғы он күнін мешітте өткізу. Иғтикаф туралы Құранда да, хадисте де кездеседі. Мәселен, Рамазан айының түндері туралы сөз болған...
date25.07.2013readCount4717readmoreТолығырақ