Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫНЫҢқасиетті Рамазан айына байланысты халыққа ҮНДЕУІ
Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Құрметті қауым! Баршаңызды аса ұлық қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтаймын. Рамазан мүбәрәк болғай! Оразаға аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл да Рамазан айын үлкен дайындықпен өткізбек....
Ержан қажы Малғажыұлы,ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти
Аса мейірімді, Мейірбан Алланың атымен бастаймын. Барлық мадақ әлемдердің Иесі Аллаға тән. Салауат пен сәлем елшілердің төресіне, оның әулеті мен сахабаларына болсын!
Құдайға шүкір, қасиетті рамазан айына да аман-сау жеттік. Ұлық айға есендікпен жеткеннің өзі – үлкен нығмет. Жаратқан Ие баршамызға осы айдағы жауапкершілікті лайықты түрде атқаруға медет берсін, жәрдем етсін.
Бұрынғы мұсылмандар осынау мүбәрак аймен қимай қоштасып, ал...
Рамазан – барша мұсылман қауымы әр жылы сағына күтіп, қимай қоштасатын, Құран Кәрімнің асыл аяттары түсе бастаған қасиетті ай.
Рамазан – әрбір ораза ұстаушының өзінің ішкі жан-дүниесімен сырласып, жасаған пендешіліктері үшін шын ықыласымен тәубеге келетін айы. Бұл айда Алланың рақымынан үміттеніп, ауыз бекітіп, құлшылық жасаған мүміннің тәубесі қабыл болып, жапырақтары төгілген күзгі ағаштай күнәларынан арылады.
Бұл айдағы ауызашар мен сәресінің берекесі тілмен айтып...
Рамазан, расында да, бірлік пен берекенің айы ғой. Жалпы асыл дініміз – Исламдағы құлшылықтар үмбетті ұйымшылдыққа ұйытады. Иә, Ислам – ұжымдық құлшылықтар діні. Қажылық, айт, жұма, мешіттегі күнделікті бес уақыт намаз, зекет, пітір садақасы, т.б. игі амалдар мұсылманның қарым-қатынасын мейлінше нығайта түседі. Ал ауызашар – ағайынның арасын жақындата түсетін шара, берекелі басқосу.
Әлиханның 100 жыл бұрынғы әңгімесі
Алаштың ардақты ұлы, қазыналы қайраткер Әлихан Бөкейханның...
Зекет – Исламның негізгі бес парызының бірі. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ислам бес негізге құрылған: Алла Тағаладан басқа құдайдың жоқтығына және Мұхаммед Алла елшісі екендігіне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, қажылық жасау және рамазан оразасы[1]», – деп үйреткен. Мал-дүниемен жасалатын бұл ғибадат пенденің жүрегін пәктейді. Алла Тағала Құран Кәрімде:
خُذْ مِنْ أَمْوَالِهِمْ صَدَقَةً تُطَهِّرُهُمْ وَتُزَكِّيهِمْ بِهَا
«(Мұхаммед (ғ.с.) олардың малдарынан садақа ал да, ол...
Біз ҚазҰУ-ға оқуға түскен жылы Рамазан қыркүйек айына келген еді. Сосын қарыз боп қалмайын деп парызға кірістім. Ниетім бір Алланың разылығы.
Алғашқы күндері қатты қиналдым. Бұрын ауыл жігіттерімен ойламаған жерден түйе бағуға шығып кетіп бір жұтым суға бола шыдамай шөлден құлап қалғаным есімде. Содан бері бұлай тамағым құрғап көрмеген еді. Уақыт өткен сайын әлсіреп барамын. Тағы да шөл. Қуырдақ жемеп едім ғой. Бұ не болды екен. Қиын-ай. Өзімше суреттеп көрейінші деген мақсатпен есіме...
Ораза жұмыссыздардың «жұмысы» ма?
«Атқаратын қызмет уақыттан да көбейіп кетті», – деген екен бір ізгі ғұлама. Тұжырымнан алатын тағылым көп. Осы ой оразаға дөп келгендей. Өйткені, шарапаты мен шапағаты мол Рамазан айында Ұлы Аллаға ұнамды әрбір игі амалдың сауабы сансыз. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Ораза ұста, өйткені, оған тең келер құлшылық жоқ», – дегені санамызға салмақ салатындай-ақ сөз.
Оразадағы ой: мүміннің бір минуты...
Қайбір күні ғаламторда әншілердің...
Қасиетті рамазан айының соңғы жұмасы. Мешіттегі имам айт намазының оқылу уақыты, қадір түнінің қасиеті жайлы уағыз айтуда. Көзім жасқа толы, себебі де түсінікті: өзіме берілген үлкен мүмкіндікті мүлт жібердім. Бүкіл өмірін бос әурешілікпен өткізіп, әбден қартайып, басып өткен өткен өмір жолына назар салғанда өнегелі ізді көре алмай, дал болған кісінің күйін кешіп отырмын. Рамазан айы келмей жатып, белімді бекем буып: осы оразада Құранды толықтай хатым етемін, пәлендей амал жасаймын,...
Жаратқан бізді жарылқап, шұғыласын шашқан таңның атқанын көруді, өмір сүруді нәсіп етіпті. Алланың осындай шексіз нығметтерін көзбен көруді нәсіп еткеніне шексіз шүкірліктер айтып, табиғатты тамашалағанға не жетсін.
Жаз мезгілі серуендеп жаяу жүруге өте оңтайлы мезгіл болғандықтан, әдеттегідей жол бойындағы саябақтардың біріне келіп, қаз-қатар тізілген орындықтардың біріне жайғастым. Бұл саябақтың ашылғанына аса көп уақыт болмағандығы ағаштарының аласалығынан аңғарылып тұр....
Әрбір мұсылманның асыға күтетін қасиетті де, қадірлі айы – Рамазанның аяқталар шағы таяп қалыпты. Кеудемде Рамазан айы бітпесе екен, әрі қарай жалғаса берсе екен деген қимастық бар. Осы Рамазан айы келгенде оразаны асыға күтетін марқұм атам есіме түседі. Мен атамның тұңғыш немересі болғандықтан, атам мені жанынан тастамаушы еді. Өзі барған ортада мені де ерте жүретін. Атамның бір қасиеті қонаққа барғанды ғана емес, қонақ шақыруды да жақсы көруші еді. Бұл атамның қонақжай болғандығын...
967965960722719717715340339335