Хауариж – соңғы уақытта көп тілге тиек етілетін сөздердің бірі. Мұның мағынасы – көтерілісшілер. Ең әуелі халифалар Осман бин Аффан және Әли бин Әбу Талиб (Алла екеуінен де разы болғай) дәуірінде мемлекеттік жүйеге қарсы шыққан топ. Бұл атау бірқатар діни ұйымдарға қатысты қолданылуда. Соның ара-жігін ажырату үшін оның нақты белгі-сипаттарын тексеріп көрейік.
Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерінде мұсылман үмбеті ішінен шығатын топтар ішінде хауариждерге қатысты ғана 20-дан астам хадис...
Дәжжалдың баруына рұқсат етілмеген мекендер
Дәжжал уақыты келіп, Жер бетіне шыққан соң адамдарды азғыру үшін бүкіл жер шарын шарлайды. Алайда, ол барлық елді-мекенді қалағанынша аралағанымен кейбір мекендерге кіруіне рұқсат етілмейтіндігі жайлы мына хадистерден білеміз:
«...Шығуыма рұқсат етілетін уақыт жақын қалды. Мен шыққан соң жер бетін шарлаймын. Қырық күн ішінде бармаған елді-мекен қалмайды. Тек Мекке мен Мадинадан басқа. Бұл екі қала маған харам етілді. Ол...
- Әттең... Кеш түсіндім бәрін... Дінге кеш келдік. Бәлкім, біздің жазығымыз да жоқ шығар. Атеистік жүйеде өмір сүрдік қой. - Мама, не болды, нені кеш түсіндіңіз?
- 10 бөлмелі үлкен үйде өстіңдер. Бала кездеріңде ештеңеден тарлық көрмедіңдер. Сол кезде жетімдер үйінен бала асырап алсақшы. Ең құрғанда бір-екеуін. Үкімет барын берер, бірақ, мейірім бере алмайды ғой балаларға. Мейірімсіз баладан - мейірімсіз қоғам қалыптасады. Апырмай, босқа өткен екен өмірім. Осы бір өмірлік өкінішім болды. 80-ге...
Араб еліндегі бір ғалымның Алланың атымен ант беріп тұрып айтып берген оқиғасы: "Бір жолы елімізде бір апталық діни конференция өткізетін болып, мәртебелі қонақ етіп Мысырдың атақты ғалымы Мұхаммед Мүтәуәли әш-Шағрауиды шақырдық. Ол кісі шақыруымызды қабыл алып, жиынға келді. Конференцияның ашылуын жариялап, енді бастағалы жатыр едік, шейх бізге қарап: "Сіздерге бір сауалым бар. Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін ғұсылға алған су қайда кетті?" - деп сұрады.
Мұндай тосын...
Хузайфадан риуаят етілген бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Дәжжалдың сол көзі соқыр, қалың шашты кісі. Оның қасында жәннәт пен от болады. Оның оты жәннәт, жәннәты болса тозақ" деген (Муслим риуаяты).
Хазіреті Хузайфа (р.а.) Хазіреті Пайғамбарымыздың былай дегенін риуаят етеді: «Әлбетте, мен Дәжжалдың қасында болатын нәрселерді одан жақсы білемін. Оның қасында ағып жатқан екі өзен бар. Олардың біреуі – көздің нұрын алатын аппақ су. Екіншісі – көздің жанарын алатын өз-өзінен...
Ақырзаман таяғанда Дәжжал есіміндегі бір кісі шығып, адамдарға өзін құдаймын деп танытып, өзінің жолымен жүруге үндейді. Хазіреті Пайғамбарымыздың айтуы бойынша, келіп-кеткен бүкіл пайғамбарлар өз дәуірінде үмметін Дәжжалмен қорқытқан.
Дәжжал сөзі - «өтірікші» деген ұғымды білдіреді. Хазіреті Пайғамбарымыздың Дәжжал жайында айтқан хадистеріне тоқталып өтейік:
Хузайфадан жеткен риуаят бойынша: «Дәжжал сол көзі соқыр, қалың қою шашты бір адам. Оның қасында жәннат пен от бар....
Бүгін алғыс айту күні. Жұрт кеше түннен бастап әлеуметтік желілерде, басқа да хабарласу құралдарында бір-біріне, әке-шешесіне, туыстарына, достарына т.б. рахмет жаудыра бастады. Бәрі дұрыс делік. Жалпы саналы азамат күнде Жаратушысына шүкіршілік айтып, ата-анасына, отбасына, жан-жағына шексіз алғысын білдіріп жүреді емес пе?! Бірақ неге арнайы бір күн алғыс айту күні деп бекітілді? Елбасы неге алғыс айту күнін жариялауды ұсынған еді? Бастаманың төркінінде қандай мақсат бар еді?
2015...
Тоқсаныншы жылдары ауылда мешіт салып жатқан кезіміз. Кезек мешіттің төбесін плитамен жабуға келіп, ауданда оны көтере алатын жалғыз "Ивановец" деген кран ғана бар. Жүргізушісі Болат деген аға.
Кешке жақын үйіне барып, мешіттің төбесін жауып беруге келуін өтініп едім: "Карьерде жұмыс істеп жатырмын, қолым тимейді", - деді.Кран болмаған соң құрылысшыларды таратып, ертеңінде таңертең үйде шәй ішіп отырсақ, үйіміздің жанында бір нәрсе гүр-гүр етеді. Қарасам, Болат ағамыз кранымен келіп тұр....
Хузайфа ибн Әсид әл-Ғыфариден жеткен риуаят бойынша, Хазіреті Хузайфа былай дейді: «Біз Мәдинада бір қорғанның көлеңкесінде отырғанбыз. Пайғамбарымыз болса бір шатырдың үстінде отырған еді. Сол сәтте Алланың Елшісі жоғарыдан бізге қарап тұрып:
- Сендерді жұмыстарыңа қандай мәселе жібермей тұр? - деп сұрады. Біз:
- Сөйлесіп отырмыз, - дедік. Пайғамбарымыз:
- Не мәселе жайында сөйлесіп отырсыңдар? – деді. Біз:
- Қиямет-қайымның уақыты жайында әңгімелесіп отырмыз, - деп жауап бердік....
Мың тоғыз жүз тоқсан бəлен байыншы жылдары, Алматыда өткен студенттік кезімізде айналамыздағылардың бірі бахабист, бірі суфист, бірі баптист, бірі иегова, бірі нұршы деп жүріп жаттық. Сол кезде, бір намазда басы қосылмайтын мұсылманды көрдік. Себебін, не десең, анау қолын былай ұстайды, мынау аяғын талтайтып тұрады, намаз біткенде, мына сөзді қайталамайды.
Біреуі, салафиттерді ата-бабасының жолы деп, арабтың ата-бабасының жолын құптайды, əруақ жоқ дейді, қазақ ата-бабасынан ұстап келе...
1632163116241615161416011595158915811545